Әлемдік деңгейдегі білім ордасы: ҚазҰУ-дың жаңа белестері

Жаңалық

Авторы: Гүлназым Супугалиева, ҚазҰУ, «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы

Уақыт өз арнасымен ағып жатқанмен, кейбір мекендер бар – сол уақыттыңөзін тоқтатып, жаңа бір кеңістікке жетелейтін. Қазақ даласының жүрегінде, күннің нұрындай жылы, тарихтың үні мен болашақтың лебін қатар сездіретінсондай оқу орындардың бірі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситеті. Бұл қарашаңыраққа енген әрбір жан білімнің ғана емес, рухтыңда сәулесін бойына сіңіріп шығатыны бекер емес.

ҚазҰУ – жай ғана университет емес. Ол – ғасырлар тоғысындағы көпір, ұлттық ойдың биігі, ғылым мен парасаттың шамшырағы. Бүгінгі жаһандықжарыста ол жаңа тынысын тауып, жаңа биігіне бет алып келеді. Университет қабырғасында енді тек дәріс оқылмайды, мұнда идеялар туып, болашақтыңбейнесі жасалады. Жас ғалымдардың қиялы мен тәжірибелі ұстаздардыңпарасаты бір арнаға тоғысып, заманауи зертханаларда ғылымның жаңапарақтары жазылып жатыр.

Үлкен әлемге шығудың жолы – ғылыми жетістіктер мен сапалы білім. ҚазҰУосы жолда өзіндік қолтаңбасын анық қалдырып келеді. Әлемдікрейтингтердегі тұрақты өсу – бұл бір ғана сандық көрсеткіш емес, тұтасжүйенің нәтижесі, мыңдаған адамның ерен еңбегінің көрінісі. Университет есімі енді әлемдік білім ордаларының қатарында құрметпен аталады. Қазақжерінен шыққан университеттің беделінің осылай асқақтауы – ұлттықрухтың да биіктегені. Биылғы жаңа оқу жылында ҚазҰУ-ға барлық білімберу деңгейлері бойынша 11 530 талапкер қабылданды. Соның ішінде 1-курсқа 6625 студент, сондай-ақ 1000-нан астам магистрант және 514 докторант оқуға түсті. Сонымен бірге университетіміздің білім алушыларқатары 3400-ден астам шетелдік студентпен толықты.Ағымдағы жылыуниверситет 562 білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда. Оның 149-ы – бакалавриат, 285-і – магистратура, 128-і – докторантура бағдарламалары.

Уақытпен бірге өзгеру – сұраныс. Ал өзгерудің өзегіне рухты қосу – шынайыданалық. ҚазҰУ цифрлық технологияларды игере отырып, ұлттық дәстүрдіде жоғалтпай, рухани сабақтастықты сақтап келеді. Мұнда тек техникалықжетістіктерге ғана емес, адам болмысының тұтастығына, оның ішкі әлемінеде ерекше мән беріледі.

Студенттер зертханаларда тәжірибе жасап қана қоймайды, олар ғылымғағашық болуды, білімге адал болуды үйренеді. Бұл ортада тәрбиеленген жас – ертеңгі қоғамның қозғаушы күші, елдің абыройын асырған азамат.

ҚазҰУ қалашығына кірген әркім өзін бір ерекше дүниеге тап болғандайсезінеді. Бұл шағын қалада бәрі бар: ғылымның дауысы, жастықтың күлкісі, тармақталған кітап сөрелеріндегі мыңдаған тағдырдың сыры, спорт алаңындағы серпін, шығармашылық кештердің жүрекке жылу сыйларшуағы.Әрбір корпус – білімнің сарайы. Әрбір аудитория – арманға жол ашарәлем. Ал әрбір студент – осы үлкен симфонияның ерекше нотасы.

Әл-Фараби айтып кеткен «Қайырымды қала» идеясы бүгінде университет өмірінің басты философиясына айналған. Бұл – тек білім алатын емес, ізгілікпен парасат тұнған орта. Мұнда студенттер біліммен қатар адамдық қасиетті, ынтымақты, мейірімді, қоғамға қызмет етудің жауапкершілігін үйренеді. Университеттің миссиясы – әлемді жақсы жаққа өзгерте алатын жаңа буындытәрбиелеу.

ҚазҰУ-дың жаңа жетістіктері – келешекке сеніммен қарауға мүмкіндікберетін үлкен белестер. Зерттеу университетіне айналу жолындағы ұмтылыс, жаңа инфрақұрылым, халықаралық серіктестік – мұның бәрі тек бүгінніңемес, болашақтың да игілігі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – өткеннің құдіреті мен келешектің үмітін тоғыстырған, рухы биік, ойы терең, әлемдік деңгейдегібілім ордасы. Ол – уақытпен жарысып келе жатқан парасат керуені, жаңабелестерге бет алған мәңгілік шамшырақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *