Авторлары: Тоқтархан Айдана Ержанқызы,
Кадырова Аида Ержанкызы,
Бекметова Аруна Кернеевна
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Логистика» мамандығы қазіргі еңбек нарығына бейімделген, заманауи білім мен практикалық дағдыларды ұсынатын жетекші бағыттардың бірі.
Жедел өзгеріп жатқан экономикада логистика компаниялардың тиімділігі мен елдің бәсекеге қабілеттілігіне тікелей әсер етеді. Сондықтан бұл мамандық жабдықтау тізбектерін басқару, қорлар мен тасымалды оңтайландыру, цифрлық шешімдер енгізу сияқты негізгі бағыттарды қамтиды.
Бағдарлама миссиясы – аналитикалық ойлайтын, технологиялық құзыретті жаңа буын логистерін даярлау. Оқыту барысында студенттер Supply Chain Management, көлік және қойма логистикасы, ERP және MRP жүйелері, халықаралық сауда, кедендік рәсімдер, деректер аналитикасы сияқты пәндерді меңгереді.
Практикалық дайындыққа ерекше назар аударылған: студенттер жетекші кәсіпорындарда, көлік компанияларында, дистрибуциялық желілерде тағылымдамадан өтіп, нақты логистикалық процестермен жұмыс істейді.
Мамандықтың негізгі артықшылықтары:
- тәжірибелі оқытушылар құрамы;
- зерттеу жобаларына қатысу мүмкіндігі;
- халықаралық тағылымдамалар;
- имитациялық модельдеу, GIS, ERP платформалары сияқты құралдарды меңгеру.
Түлектер сауда, өндіріс, көлік компаниялары, логистикалық орталықтар, 3PL операторлар, мемлекеттік инфрақұрылым салаларында сұранысқа ие.
ҚазҰУ-дың «Логистика» бағдарламасы – кәсіпқой, стратегиялық ойлайтын және цифрлық экономика талаптарына дайын маман болуға жол ашады.