О.БӨКЕЙ «ТОРТАЙ МІНГЕН АҚ БОЗ АТ» ӘҢГІМЕСІНІҢ ТАҚЫРЫБЫ МЕН ИДЕЯСЫ

О.БӨКЕЙ «ТОРТАЙ МІНГЕН АҚ БОЗ АТ» ӘҢГІМЕСІНІҢ ТАҚЫРЫБЫ МЕН ИДЕЯСЫ

Қазақ тілі / Қазақ әдебиеті Тәрбие сағаты

Автор:

Төлеубек Анар Толеуханқызы

қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі

«М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бөлім:3-бөлім: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған…
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)Төлеубек Анар Толеуханқызы
Күні:13.02.2025
Сынып: 6 «Д»Қатысушылар саны:Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбыО.Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары6.1.1.1. әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау. 6.1.2.1. әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.
Сабақтың мақсатыӘдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды; Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді.
Құндылықтарды дамытуҚұндылық: «Жасампаздық пен жаңашылдық». шығарманынын мазмұнын игере отырып — креативтілік, ой-қиялының дамуы, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақытПедагогтің әрекетіОқушының әрекетіБағалауРесурстар
Ұйымдастыру   Сабақтың басы 4минут                 Өткен білімді еске түсіру 5минут            Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, түгендеу. Оқушыларға бағалау жүйесін түсіндіру. Топ ережесі: • кезекпен сөйлеу • белсенді тыңдау • сұрақ қою және сұрақ бар ма екенін сұрау • ұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау • өз ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардың идеялары мен пікірлерін білу • ұсыныстарды, идеяларды және пікірлерді ұжыммен талқылау • көмектесу және көмек сұрау • түсініктеме беру және түсініктеме беруді өтіну • идеяларға түсініктеме беру және оны бағалау • топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу • талқылаудың қорытындысын шығару • дәйекті айғақтар келтіру.   Эмоционалдық көңіл-күй : «Lumio» платформасы арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту. Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау  критерийлері таныстыру. Өткен тақырыпқа шолу, үй тапсырмасын «Lumio» платформасы арқылы пысықтау. Түрткі сұрақтар қою. Қалай ойлайсыңдар, әңгіменің атауы мен Тортай арманының қандай байланысы бар?Ақ боз аттың қандай символдық мәні бар?Тортай тәрізді балалар қазіргі өмірде кездесе ме?   Теориялық білім Жанр (фр. genre, лат. generіs — түр, тек) — әдебиеттің мазмұндық, құрылымдық,пішіндік т.б. белгілері ортақ бір түрі. Эпос өмір шындығын мол қамтып, кең суреттейтін, адам мінезін терең ашып жан-жақты танытатын күрделі жанр. Фабула (лат. Fabula — аңызәңгімеертегі,мысал) — көркем шығармада суреттелген окиғаны рет-ретімен жүйелеу.    Топ ережесімен танысады. Балалар өз ойларын айтады               Дұрыс жауап үшін өзін-өзі бағалап отырады.               Теориялық білімді еске түсіреді.Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады   Жарайсың!Тамаша! т.б.   Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырадыИнтербелсенді тақта ,слайд.         https://www.lumioclass.com/link/206069              
Сабақтың ортасы 15 мин                                     18 мин              Тақырыпқа байланысты бейнебаян көрсетіледі.   Оқыған шығармадан, көрген бейнебаяннан ой түйе отырып шығарманың жанрын, фабуласын анықтауға тапсырма беріледі.   1-тапсырма Жеке жұмыс TopIQ платформасы «Тас үңгір» бөліміндегі оқиғаларды ретімен орналастыруға тапсырма беріледі.   2-тапсырма Топтық жұмыс І топ – «Баяндамашылар» Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтаңдар. ІІ топ – «Мінездеме берушілер» Тортайға тән қасиеттерді топтау сызбасы арқылы көрсетіңдер. ІІІ топ – «Салыстырушылар» Венн диаграммасын қолданып, Тортай мен Аян образдарын салыстырыңдар. Аян: ертегі шығарғанды жақсы көреді Тортай: кітап оқығанды жақсы көреді Ұқсастығы: Жетім, дене кемістігі бар, қиялшыл, төзімді, досқа адалОқушылар шығарманың жанрын, фабуласын анықтайды.   Дескриптор: Үзінділерді ретімен орналастырады.       Дескриптор: шығарма тақырыбы мен идеясын анықтайды;кейіпкерге мінездеме береді;Тортай мен Аян образдарын салыстырады.     Топ жұмыстарын қорғайды. Көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданадыМұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап топтарға кері байланыс беріп отырады.               Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап топтарға кері байланыс беріп отырады.          
Кері байланыс 2 мин            «Бәйгесі» оқушыларға 3 түсті ат суреті таратылады.Ішінен 1 атты тақтадағы бәйге алаңына апарып жабыстыруы керектігін айтады. Ақ түсті ат-барлығын түсіндім Ала түсті ат-менің сұрағым бар Қара түсті ат-түк түсінбедім Бағалау парағы арқылы Сабақтың мақсатына оралу.«Көңіл-күй бәйгесі» оқушыларға 3 түсті ат суреті таратылады.Ішінен 1 атты тақтадағы бәйге алаңына апарып жабыстырады   Бәйге алаңы салынған сурет, аттың бейнелері.
Үй тапсырмасы 1 мин  Үйге тапсырма: Үзіндіні пайдаланып, «Менің арманым» тақырыбында эссе жаз.
«Бұл дүниеде мен пір тұтар, сырласар жалғыз-ақ нәрсем бар, ол – кітап. Әкем де, шешем де – сол кітап. Жалғыздығың, жетімдігің – бәрі-бәрі ұмытылып, басқа бір жұмақты өмірге сапар шеккендей боламын. Шынымды айтайыншы, кітап жазып, жазушы болғым келеді».
Үй тапсырмасы 2 минут  Үйге тапсырма:   

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *