ПАРТЕРЛІК ГИМНАСТИКАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

ПАРТЕРЛІК ГИМНАСТИКАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Дене шынықтыру Кәсіби білім

Эленора Кабдылманова

Хореография  пәнінің педагогі

 «Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Өнер  мектебі» комуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Партелік гимнастика дегеніміз (грек тілінде  gymnazo) «жаттықтыру» деген мағнаны білдіреді. Арнайы денсаулықты нығайтуға арналған жаттығулар жиыны. Әр жаттығу арнай дайындалып адамнын физикалық дамуын, өзін өзі жетілдіру, жыдамдылық, икемділігіне арналған.
 Және екінші бөлігі партер сөзі (француз тілінен parterre) «жерде» деген мағнаны білдіреді.
Партерлік гимнастика дегніміз-жерде жаттығу жасау деген мағнаны білдіреді.

Барлық партелік гимнастика жаттығулары музыкаға жасалады. Әуемен бірге ырғатыла қозғалып жасалған жаттығу балаларда музыкалық тәрбие, әуенді сезіне және тындай білуді үйретеді. Музыканы тандап алудында маңыздылығы бар, ол баяу, тез ғана емес, оқушының қызығушылығын арттыруға арналған музыка болуы тиіс.

Сабақтын мақсаты:аяқ, артқа бұлшықеттерін нығайту,дене қалпымен жұмыс жасау, икемділігімен, аяқ тұрылумен жұмыс жасау.
 Білімділігі: партерлік гимнастиканы дұрыс жасауды үйрену. Гимнастикалық жаттығуларды жасамас бұрын ең маңыздысы дене бұлшық еттерін қыздырып алу маңыздылығы.
Дамытушылығы: оқушы әр жаттығуды дұрыс орындауын қадағалау.
Тәрбиелігі: қимыл қозғалыстарды әдемілікпен жасауды үйретеді. Әр жаттығу музыканын сәйкестігін бақылау.

Партердік гимнастика бастамас бұрын денеге арналған жаттығулар жасалуы тиіс.

ПАРТЕРЛІК ГИМНАСТИКАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Аяқ ұшына, табанға арналған жаттығу- аяқ алтыншы қалыпта, дене тік, бас, қол дене бойымен.
«1» дегенде аяқ ұшын созамыз,
«2» аяқты өзімізге қарай тартамыз.
«3» кайта аяқ ұшын созып
«4» дегенде қайта өзімізе қарай тартамыз. Аяқты толық созып және өзімізге қарай толық табанды тартамыз. Жаттығуды бірнеше рет қайталау. Денсаулыққа маңыздылығы-жалпақ табан болмауыны көп көмегі тиеді.

Аяқ ұшын шеңбер суретін салу
арқылы жаттықтыруға болады.

ПАРТЕРЛІК ГИМНАСТИКАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Бүктетілу жаттығуы- еденде отырып аяқ бірге,аяқ ұшы созылған.
«1» дегенде қолды 3 қалыпқа көтеріп «2» санына аяқ үстіне созыла жату керек. Осы қалыпты «3» және «4»ке сақтап отыру маңызды. Жаттығуды ң рет қайталаймыз. Аяқ бұлшықеттері созылады, пресс жұмыс жасайды.

Көбелек жаттығуы— еденде отырып аяқты өзіміге қарай тартып, табандарымызды тигіземіз. Екі тізе жерге тиуі керек, қиындықтар болған жағдайда тербеле отырып өзімізге көмек береміз. Бұл жаттығуда шап бұлшықеттері жұмыс жасайды және бел, арқа, қатысады.

ПАРТЕРЛІК ГИМНАСТИКАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Мысық жаттығуы— бел бұлшық еттеріне маңызды. Тізерлеп тұрып, қолымызды жерге еденге қоямыз.
«1» белді төмен түсіреміз, бас көтереміз.
«2» бас төмен түседі ал белімізді төбеге көтереміз.
Төрт рет қайталап жасаймыз.
Жаттығу омыртқаға, мойын, бел
бұлшықеттеріне көмектеседі.

ПАРТЕРЛІК ГИМНАСТИКАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Қайық жаттығуы— еденде ішпен жатып колымызды алдыға аяғымыз артқа созып жатамыз «1» дегнде аяқты тік, қолды тік соза жатып көтереміз. «2» дегенде жібереміз. Белді нығайту үшін арналған жаттығу. Төрт қайтара жасау керек. Келесі қимыл тербелу (качели)- арқаға жатып аяқты өзімізге тартып, тіземізді қушақтап алдыға артқа тербелеміз, алдынғы жасаған жаттығудан соң белге арқаға жақсы массаж болады.

ПАРТЕРЛІК ГИМНАСТИКАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Шпагатқа арналған жаттығулар жасаймыз. «Разношка»- аяқты екі жаққа ашамыз,ұшын созып дене қалпын тік ұстаймыз, қолды 2-ші қалыпқа ашамыз және «1» дегенде оң аяққа иықты қойып жатамыз, сол қол 3-ші қалыпқа ал оң қолды ішімізге қоямыз. «2» дегенде бастапқы қалпымызға қайта ораламыз. Екінші жаққа қайталап жасаймыз. Және қолымызды 3-ші қалыпқа көтеріп денемізді алдыға жатқызымыз. Бірнеше рет қайталап өтеміз жақсы  результат шығу үшін.

Жылан-денеге арналған жаттығу. Тізерлеп тұрып қолымызды 3-ші қалыпқа көтеремі, санау басталғанда қолдан бастап бас, иық еленге қарай түсіп алдыға сырғиды, ішпен жатқан мезгілде қолымызбен денемізді итеріп артқа қарай шалқаямыз. Біраз сол қалыпта тұрып  қайта бастапқы жерімізге қайтамыз. Маңыздысы аяқ орнынан қозғалау керек.

Майшам жаттығуы-еденде толық жатамыз 1,2,3,4 дегенде аяғымызды өзімізе тартып төбеге тік көтеріп ұстауды үйренеміз. Қолымызбен белден ұстап шынтаққа тірелу арқылы өзімізге көмек береміз. Барлық дене күшін иыққа түсіреміз, ары қарай жарлжастыра отырып кун тәріздес жаттығу жасаймыз. Майшам қалыптан аяқты тік басымызға түсіріп аяұ ұшымен екі жаққа шеңбер суретін еденде саламыз. Аяқ бұлшық еттері жақсы созылды. Міндетті түрде бірнеше рет қайталау маңызды.

ПАРТЕРЛІК ГИМНАСТИКАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Майшам жаттығуы-еденде толық жатамыз 1,2,3,4 дегенде аяғымызды өзімізе тартып төбеге тік көтеріп ұстауды үйренеміз. Қолымызбен белден ұстап шынтаққа тірелу арқылы өзімізге көмек береміз. Барлық дене күшін иыққа түсіреміз, ары қарай жарлжастыра отырып кун тәріздес жаттығу жасаймыз. Майшам қалыптан аяқты тік басымызға түсіріп аяұ ұшымен екі жаққа шеңбер суретін еденде саламыз. Аяқ бұлшық еттері жақсы созылды. Міндетті түрде бірнеше рет қайталау маңызды.

ПАРТЕРЛІК ГИМНАСТИКАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Партелік  гимнастика хореографияның  маңызды бір бөлігі, қандай жас ерекшелігі болса да. Басында айтып өткендей әр жаттығу, әр бір бұлшық ет бөліктерімен жұмыс жасайды. Бас, иық, қол бел, арқа, шап бұлшық еттері, тізе, аяқ ұшына жасалатын жаттығулар. Гимнастика әр буынмен жұмыс жасап, буыннын икемділігіне көмектеседі. Дененің саулығына, майтабан болмауына, әр жасаған қадамдарын жұмсақтылықпен жасауға көп көиектеседі! Әр жас ерекшелітеріне байланысты жасау маңызды, бүлдіршіндерге ойын арқылы үйретеміз, одан үлен жеткеншектерге маңыздылығын айтып әр жаттығу ерекшелене жасауды үйретеміз. Ал үлкендерге баппен, асықпай созылмалы қылып жасап үйрету маңызды.Деніміз сау болу үшін жаттығуларды жасап жүрейік! Би үйретер алдында осы гимнастикалық жаттығуларды ұмытпайық!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *