Автор:
ЖЕКСЕБАЕВА АЙГУЛЬ ЕРСАИНОВА
Домбыра пән педагогі
«Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Балпық би ауылы
Шебер сабақ
Педагог: Қайырлы күн құрметті педагогтар, оқушылар. Бүгінгі шебер сабағымның тақырыбы: «Шығармада кездесетін әдіс-амалдармен және штрихтармен жұмыс»
Оқушының аты-жөні: Даулет Арсен 2 сынып оқушысы
Оқушы: Сәлеметсіздерме ұстаздар!
Сабақтың мақсаты: Оқушының шығармаларда кездесетін көркемдік әдіс-амалдармен (тремоло, шерту, әр түрлі қағыстар)және орындау техникасындағы нақты штрихатармен(легато іліп алу, форшлаг тербеліс ) таныстыру, оларды домбырада нақты қолдану дағдысын қалыптастыру.
Оқушының есту қабілетін дамыту арқылы, динамикалық ауысуларды ажырату және оларды орындау дағдыларын қалыптастыру.

Педагог: Арсен,шебер сабақты бастамас бұрын үй жұмысын тексерейік. Қандай тапсырма берілді?
Арсен: Әртүрлі штрихтар мен гаммаларды ойнау, және «Казачок» «Алатау» әнін жатқа ойнау. Тәттімбеттің «Көш жанаған »күйін нотамен тоқтамай ойнау .
Педагог: Арсеннің ойнағанын тыңдадық енді сахна төріне жас маман педагогті, ля минор гаммасын штрихтармен ойнап көрсетуге шақырайық.
Педагог: рахмет. Арсен енді сен отырып үй тапсырмасына берілген әндерді концертмейстер Виктория Александровнамен бірігіп орында.
Жаңа тақырып:
- Тәттімбет Қазанғапұлының «Көш жанаған» күйінде кездесетін әдіс-амалдармен және штрихтармен жұмыс.

Педагог: Музыкалық динамика белгілері- шығарманың орындалу кезінде дыбыс күшінің өзгеру деңгейін көрсететін белгілер. Композитордың жазған шығармасына эмоция мен мәнерлілік қосуға мүмкіндік береді. Олар шығармада латын әріптерімен көрсетіледі.
2. Практикалық жұмыста орындалатын, Тәттімбет Қазанғапұлының «Көш жанaған» күйі — шертпе күй дәстүрінің көрнекті үлгілерінің бірі. Бұл күйдің шығу тарихы мен мазмұны туралы нақты деректер шектеулі болғанымен, оның атауы мен музыкалық сипаты арқылы белгілі бір тарихи және эмоциялық жағдайларды бейнелейтінін байқауға болады.
3. Күйдің атауы — «Көш жанaған» — қазақ халқының көшпелі өмір салтымен тығыз байланысты. «Көш» сөзі көшіп-қону процесін білдірсе, «жанaған» сөзі көштің басталуы немесе қозғалысын меңзейді. Бұл атау көштің басталуындағы толқу, үміт пен сағыныш сезімдерін жеткізетінін көрсетеді.
Күйдің толық құрылымы бойынша идеясы, құрылымы, берілетін эмоциясы жайлы оқушымен пікір алмасу.
4. Практикалық жұмыс Тәттімбет Қазанғапұлының «Көш жанаған» күйіне динамикалық белгілерді қосып ойнау. Сонымен қатар біз ойнағанға дейінгі және біз ойнағаннан кейінгі айырмашылықтарын оқушымен талқылау.
Педагог: Динамикалық белгілерді күйге қосып ойнау көп еңбекті қажет етеді. Бұл сәтте екі қолдың техникасы керек. Интонациялық тазалық пен тербелісті қосып, күйді орындаймыз.

Сергіту сәті
- «Бас,иық, қол, тізе, аяк» — оқушының сабақ барысында аяқ қолы үімес үшін, жаттығулар жасаймыз.

Үй тапсырмасы
«Көш жанаған» күйін толық қайталап, динамикалық белгілерді есте сақтап ойнау. Күйдің мазмұнына сай, әртүрлі динамика мен легато іліп алу, форшлаг тербелісті сақтап ескеріп ойнау.
Қортынды:Бүгінгі шебер сабақта біз сабақтың негізгі мақсатына жеттік. Оқушы тақырыпты терең түсініп, берілген тапсырмаларды орындады және жас маман педагоктар сабаққа белсене қатысып отырды.