Астанада Дэвис кубогының Әлемдік топ-1 плей-офф кезеңі аясында Қазақстан мен Пәкістан құрамалары арасындағы матчтар өтті.
🔹 Шешуші төртінші ойында Денис Евсеев небәрі 36 минутта Ахмад Курешиді 6:0, 6:0 есебімен жеңіп, Қазақстанға кезекті ұпай әкелді. Бұл оның Қазақстан құрамасы сапындағы Дэвис кубогындағы алғашқы ойыны болды.
🔹 Бұған дейін Александр Шевченко мен Тимофей Скатов жұптық кездесуде Акил Хан мен Музаммил Муртазаны 6:4, 7:6 есебімен тізе бүктірді.
🔹 Бірінші ойын күнінде Қазақстан құрамасына жеңіс ұпайларын Александр Шевченко мен Бейбіт Жұқаев алып келді.
Осылайша, Қазақстан – Пәкістан арасындағы матч қорытындысы 4:0 есебімен аяқталды, және бұл жеңістің арқасында Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының Әлемдік топ-1 қатарына қайта оралды!