«Қазақстан жастары – 2025» ұлттық баяндамасының құрылымы талқыланды

«Қазақстан жастары – 2025» ұлттық баяндамасының құрылымы талқыланды

Жаңалық

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында «Қазақстан жастары – 2025» ұлттық баяндамасының құрылымына арналған талқылау өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, ғылыми және үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында баяндаманың жаңартылған құрылымы таныстырылып, ұсынылған түзетулер мен толықтырулар ортаға салынды. Бұл өзгерістер зерттеудің мазмұнын тереңдетіп, жастар саясаты саласындағы ғылыми-талдамалық жұмыстың сапасын арттыруға бағытталған.

Отырыста қатысушылар көші-қон үрдістері, жастардың әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігі, сондай-ақ NEET санатындағы (оқымайтын, жұмыс істемейтін және оқуға қатыспайтын) жастардың қажеттіліктерін зерттеу мәселелерін талқылады.

Айта кетейік, «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасын «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы 2013 жылдан бері жыл сайын әзірлеп келеді. Осы уақыт ішінде баяндаманың 12 басылымы жарық көрді. Бұл орталық – еліміздегі жастардың әлеуметтік жағдайы мен өмір сүру сапасын кешенді түрде зерттейтін бірегей мекеме.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *