ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ДИДАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР ЖҮЙЕСІ МЕН МАҢЫЗЫ

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ДИДАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР ЖҮЙЕСІ МЕН МАҢЫЗЫ

Қазақ тілі / Қазақ әдебиеті

5–7 (Т1) СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ДИДАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР ЖҮЙЕСІ МЕН МАҢЫЗЫ

Авторлары: Киякбаева Нуржан Базарбековна, Кунежанова Мадина Болатовна, Асанқызы Гүлсара; қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы» КММ

Қазіргі білім беру жүйесі оқушылардың тек теориялық білім алуын ғана емес, олардың өмірде қолдана алатын дағдыларын қалыптастыруды талап етеді. Осыған байланысты қазақ тілі пәнінің мазмұны да жаңарып, оқыту үрдісі оқушының тұлғалық дамуына бағытталуда. Қазақ тілі – тек грамматикалық білім беретін пән ғана емес, сонымен қатар оқушының ойлау мәдениетін, қарым-қатынас дағдыларын, ақпаратты талдау қабілетін қалыптастыратын маңызды құрал.

Қазіргі қоғамда ақпарат көлемінің артуы оқушылардан жоғары деңгейдегі тілдік құзыреттілікті талап етеді. Оқушы тек мәтінді түсініп қана қоймай, оны талдай білуі, өз ойын дәл жеткізе алуы және түрлі коммуникациялық жағдайда тиімді қолдана алуы қажет. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде құзыреттілік тәсіл негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын тапсырмалардың маңызы келесі факторлармен анықталады:

            •          оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

            •          тілдік дағдыларды өмірлік жағдаяттарда қолдану

            •          заманауи цифрлық құралдарды пайдалану

            •          оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

5-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Мәтін: «Табиғатты қорғау – әр адамның міндеті»

Табиғат – адам өмірінің негізі. Біз таза ауамен тыныстап, мөлдір суды ішеміз және табиғаттың сыйын пайдаланамыз. Қазақстанда әсем таулар, кең далалар, өзендер мен көлдер көп. Алайда соңғы жылдары табиғатқа зиян келтіретін әрекеттер көбейіп кетті. Кейбір адамдар орманды ластап, өзен-көлдерге қоқыс тастайды. Бұл жануарлар мен өсімдіктерге үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан табиғатты қорғау – әр адамның міндеті. Егер біз ағаш отырғызып, қоршаған ортаны таза ұстасақ, болашақ ұрпаққа әдемі табиғатты сақтап қала аламыз.

1-тапсырма: Мәтінді түсіну (Оқылым)

1. Мәтін бойынша негізгі ойды анықтаңыз.
(Табиғатты қорғаудың маңызы және адам жауапкершілігі)

2. Табиғат адамға қандай пайда береді? Мәтіннен 3 мысал келтіріңіз.

3. «Табиғат – адам өмірінің негізі» деген ойды автор не мақсатта айтты? Өз ойыңызды түсіндіріңіз.

2-тапсырма: Грамматикалық блок (Фонетика және Морфология)

1. Мәтіннен 5 сөзге дауысты және дауыссыз дыбыстарға фонетикалық талдау жасаңыз.

2. Мәтіннен 3 зат есім тауып, зат есімнің түрлеріне(жалпы есім, жалқы есім, деректі зат есім, дерексіз зат есім) ажыратыңыз.

3. Мәтіннен 2 етістік табыңыз және олардың шағын анықтаңыз.

ЕтістікШақ
  
  

3-тапсырма: Лексика

1. Төмендегі сөздердің синонимдерін табыңыз

Қауіп –  __________________
Пайда –__________________
Таза – __________________

2. Төмендегі сөздердің антонимдерін жазыңыз

Таза –__________________
Жақсы – __________________

3. Көп мағыналы сөзбен сөйлем құраңыз

Сөз: бас

4. Омоним сөзге мысал келтіріңіз

4-тапсырма: Мәтінді дамыту (Жазылым)

Мәтінді логикалық тұрғыдан жалғастырыңыз (60–70 сөз)

«Егер адамдар табиғатты қорғауға көңіл бөлсе…»

5-тапсырма: Пікірталас

«Табиғатты қорғау – әр адамның міндеті»

Талқылау сұрағы:
Табиғатты қорғау тек экологтардың міндеті ме, әлде әр адамның міндеті ме?

Тұжырым:
Табиғатты қорғау – адамдардың ортақ жауапкершілігі.

Өз ойыңызды дәлелдеңіз.

6-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Мәтін: «Киелі мекен – Бурабай»

Қазақстанның інжу-маржаны саналатын Бурабай өлкесі өзінің ертегідей табиғатымен тамсандырады. Халық арасында бұл жердің пайда болуы туралы аңыз бар. Құдай жер бетін жаратқанда, қазақтарға тек шексіз сары даланы беріпті. Сонда қазақ халқы: «Бізге де тау мен орман, мөлдір көл сыйлаңыз», – деп өтініпті. Содан соң Жаратушы қоржынының түбінде қалған ең көркем табиғат көріністерін осы Сарыарқаның төріне шаша салған екен.

Бурабайдың әр тасы мен әр көлінің өз аты бар. Мәселен, Оқжетпес шыңы өзінің биіктігімен, Жұмбақтас көл ортасындағы бейнесімен ерекшеленеді. Жұмбақтасқа бір жағынан қарасаң – бұрымы желбіреген бойжеткенге, екінші жағынан қарасаң – еңкейген кейуанаға ұқсайды. Бұл өлкеде қарағайлы орман мен қайың тоғайлары астасып жатыр. Бурабай тек демалыс орны емес, ол – ата-бабамыздың тарихы жатқан, Абылай хан ордасын тіккен қасиетті мекен. Сондықтан бұл жерді «Қазақстанның Швейцариясы» деп те атайды.

1-тапсырма: Мәтін бойынша жұмыс (Оқылым)

1.Мәтінге сүйеніп, Бурабайдың пайда болуы туралы аңыздың мазмұнын 3 сөйлеммен қысқартып жазыңыз.

2.Жұмбақтас неліктен «жұмбақ» деп аталған? Мәтіннен дәлел келтіріңіз.

3.Мәтіннен кейіптеу (жансыз затты жанды заттай суреттеу) элементін табыңыз.

2-тапсырма: Лексика-грамматикалық блок

1.Мәтіннен 3 сан есімді тауып, мағыналық түрін (есептік, реттік т.б.) анықтаңыз:

  • ___________________ — (_______________________)
  • ___________________ — (_______________________)
  • ___________________ — (_______________________)

2. Мәтіннен «інжу-маржан» және «сары дала» сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құрап, синтаксистік талдау жасаңыз:

Үлгі: Көркем (анықтауыш) табиғат (бастауыш) көз тартады (баяндауыш).

3. Есімдіктермен жұмыс:

Мәтінде кездесетін сілтеу есімдіктерін теріп жазып, қай түріне жататынын көрсетіңіз.    

3-тапсырма: Фразеологизмдер (Тұрақты сөз тіркестері)

Берілген фразеологизмдердің мағынасын ашып, Бурабай тақырыбына байланысты сөйлем құраңыз:

Тұрақты тіркесМағынасыСөйлем құрау
Көз тартарлық   
Ине шаншар жер жоқ    
Ат басын бұру    

4-тапсырма: Шығармашылық жұмыс (Жазылым)

«Табиғатты қорғау – парызым» атты тақырыпқа 5-6 сөйлемнен тұратын үндеу жазыңыз.

Талап: Мәтінде сын есімдер (таза, мөлдір, жасыл) көп қолданылуы керек.

5-тапсырма: Семантикалық карта

Сөздерді тиісті бағанға белгілеңіз (+):

СөздерЗат есімСын есімСан есімЕсімдік
Биік
Біз
Оқжетпес
Екінші
Көркем

7-СЫНЫП  ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

1-тапсырма: Мәтіндік талдау (Оқылым және Жазылым)

Мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Қазақстан жерінде тарихи әрі рухани маңызы зор киелі орындар көп. Солардың бірі – Бекет ата мешіті. Бұл қасиетті орын Маңғыстау облысы аумағындағы Огланды тауының шатқалында орналасқан. Табиғаты көркем, тылсым сырға толы бұл өңір қазақ халқы үшін ежелден қасиетті мекендердің бірі болып саналады.

 Бекет ата Мырзағұлұлы – қазақ халқы арасында ерекше құрметке ие болған тарихи тұлға. Ол өз заманында білімділігімен, даналығымен және көрегендігімен танылған. Бекет ата жас кезінен білімге құштар болып, діни ілімдерді терең меңгерген. Сонымен қатар ол сәулетшілік өнерді де жақсы білген, тасты қашап, ерекше ғимараттар салумен айналысқан. Халық арасында оның емшілік қасиеті де кеңінен тараған. Адамдар түрлі дерттеріне шипа іздеп, Бекет атаға келіп, батасын алған деген деректер бар.

Бекет ата салған мешіттердің ішіндегі ең әйгілісі – Огландыдағы жерасты мешіті. Бұл мешіт тауды қашап жасалған бірнеше бөлмеден тұрады. Оның ішінде намаз оқитын орындар, шағын бөлмелер және келушілер демалатын орындар бар. Жерасты мешітінің ерекшелігі – мұнда жыл бойы ауа температурасы бірқалыпты сақталады. Жаздың аптап ыстығында да, қыстың суығында да ішіндегі ауа райы жайлы күйінде болады. Бұл сол заманның құрылыс өнерінің жоғары деңгейде болғанын көрсетеді.

Қазіргі уақытта Бекет ата мешіті Қазақстандағы ең қасиетті әрі танымал зиярат орындарының бірі саналады. Жыл сайын еліміздің әр өңірінен, тіпті шетелдерден де мыңдаған адамдар келіп, тәу етеді. Олар бұл жерге рухани тыныштық табу, дұға жасап, тілек тілеу үшін келеді. Осылайша Бекет ата мешіті тек тарихи ескерткіш қана емес, қазақ халқының рухани мәдениетінің маңызды орталығы болып табылады.

 Мәтіннің стилін анықтаңыз:

  1. А) Көркем әдебиет стилі
  2. Ә) Публицистикалық стиль
  3. Б) Ресми іс-қағаздар стилі
  4. Мәтіннен 3 есімше қатысқан сөз тіркесін теріп жазыңыз.
  5. Мәтінге сүйеніп, Бекет атаның тұлғалық қасиеттерін сипаттайтын 3 сөйлем жазыңыз

2-тапсырма: Грамматикалық лаборатория (Етістік)

Берілген етістіктерді кестеге сәйкес жіктеңіз.

Сөздер: Сөйлесіп отыр, жазып қойды, келе жатыр, оқып шықты, күліп жіберді, қарап тұр.

Сабақты етістік (Не істеп тұр?)Сәтсіз аяқталған немесе жедел іс-қимыл
(Мысалы: Оқып отыр)(Мысалы: Жазып тастады)
1.1.
2.2.
3.3.

3-тапсырма: Шығармашылық жұмыс (Эссе-жоспар)

«Болашақтың мектебі қандай болады?» тақырыбына төмендегі құрылым бойынша шағын мәтін құрастырыңыз.

  • Кіріспе: Мектептің адам өміріндегі орны.
  • Негізгі бөлім: Технологиялық мүмкіндіктер (роботтар, VR-көзілдіріктер, электронды кітаптар).
  • Қорытынды: Білімнің маңыздылығы өзгермейтіні туралы түйін.

4-тапсырма: Синтаксистік сызба

Төмендегі сөйлемге синтаксистік талдау жасап, сызбасын сызыңыз:

«Үлкен қаланың шамдары түнде жарқырап жанады.»

  1. Бастауыш: ____________________________________________
  2. Баяндауыш: ___________________________________________
  3. Анықтауыш: __________________________________________
  4. Пысықтауыш: _________________________________________

5-тапсырма: «Артығын тап» ойыны

Қатардағы мағынасы жағынан үйлеспейтін сөзді тауып, себебін түсіндіріңіз:

  1. Бару, келу, оқу, жүру. (Себебі: Оқу – қимыл-қозғалыс етістігіне жатпайды)
  2. Кітап, қалам, дәптер, мектеп.
  3. Көрікті, әдемі, сұлу, ақылды.

6-тапсырма: Логикалық сұрақ

Мақал-мәтелдің жалғасын тауып, етістіктің райын (бұйрық, шартты, қалау) анықтаңыз:

  • «Оқу инемен …» (_______________________________)
  • «Еңбек етсең ерінбей…» (_____________________________________)
  • «Ата өнері — …» (__________)

Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың тек білімді меңгеруі ғана емес, оны өмірде тиімді қолдана алуы маңызды болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда қазақ тілі пәнін оқытуда оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және коммуникативтік қабілеттерін жетілдіру басты міндеттердің бірі болып табылады.

Ұсынылып отырған дидактикалық тапсырмалар 5–7 сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылды. Мақалада оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, сөздік қорын дамытуға, мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға және сыни ойлау қабілетін жетілдіруге бағытталған тапсырмалар жүйесі берілген. Сонымен қатар тапсырмаларда ойын элементтері, шығармашылық жұмыстар және практикалық тапсырмалар қолданылып, оқу үдерісінің қызықты әрі тиімді ұйымдастырылуына мүмкіндік жасалған.

Қорытындылай келе, жалпы дидактикалық тапсырмалардың  қазақ тілі пәнін оқыту сапасын арттыруда, оқушылардың тілдік және коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытуда, сондай-ақ олардың шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін қалыптастыруда маңызы зор.                                                                                                                                 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. – Астана, 2007 (өзгерістер мен толықтыруларымен).
  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. – Астана: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі.
  3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі. Жалпы орта білім беру деңгейінің 5–9 сыныптарына арналған оқу бағдарламалары. – Астана.
  4. Қазақ тілі. 5-сынып. Жалпы білім беретін мектепке арналған оқулық. – Алматы: «Атамұра» баспасы.
  5. Қазақ тілі. 6-сынып. Жалпы білім беретін мектепке арналған оқулық. – Алматы: «Атамұра» баспасы.
  6. Қазақ тілі. 7-сынып. Жалпы білім беретін мектепке арналған оқулық. – Алматы: «Атамұра» баспасы.
  7. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы: «Мектеп» баспасы.
  8. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: «Мектеп» баспасы.
  9. BilimLand білім беру платформасы – https://bilimland.kz
  10. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайты – https://gov.kz
  11. USTAZ тілдік және әдістемелік материалдар порталы – https://ust.kz
  12. Massaget білім және ғылым порталы – https://massaget.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *