
Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай мектепаралық «Үздік командир» атты әскери-патриоттық байқау өтті.
Бәсекелестікке NIS оқушылары мен Талдықорған дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернатының оқушы командирлері түсті.
Байқау үш кезең бойынша өткізілді: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» — сұрақтарға-жауап, «Автоматты жартылай бөлшектеу және жинау реті», «Күш атасын танымас» — кеудені жерден көтеру (отжимание, қыздарға пресс).
«Үздік командир» байқауына қатысушыларға әділ баға беріп, олардың көрсеткіштерің бағалаған әділқазылар алқасында 54380 әскери бөлімнің сержанты, 2-сыныпты сержант Аубакиров Қайрат Бауыржанұлы, Жетісу гарнизоны баспасөз қызметінің сержанты Сайлауов Еламан Жоламанұлы болды.
«Үздік командир – 2025» атығына «Bilim — Innovation» лицейінің жоғары сынып оқушысы Умар Айдос ие болса, 1-ші орынды Назарбаев Зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушысы Алиева Аяулым алды, 2-ші орынды Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Құрақбай Мырзабек иемденсе, 3-ші орынды Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Ермуханбетов Амир мен «Bilim — Innovation» лицейінің оқушысы Мырзабек Ұлан бөлісті.
Байқауға қатысушы және «Үздік командир – 2025» атағына ие болған оқушы мен жүлделі орын алған оқушылар сыйлық сертификаттарымен және мектеп директорының дәрежелі дипломдарымен марапатталды.