РИТМИКАЛЫҚ БИ СЫЗЫҚТАРМЕН САНДАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ

РИТМИКАЛЫҚ БИ СЫЗЫҚТАРМЕН САНДАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ

Жаңалық Культура

Автор:

Хапар Хазине,

«Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Өнер  мектебі» комуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының хореография  пәнінің педагогі

Мақсаты: Ырғақты және би қимылдарын  музыканың көмегімен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін және біліктерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Қолданылатын көрнекті құралдар: Музыкалық құрал, буфер, слайд, сандар, флешка, сызықтар.

Дамыту:

  • Ырғақты қозғалыс қасиетін төзімділік, жылдамдық, икемділік, би дағдыларын дамыту
  • Оқушының музыкаға сай қозғалуды үйрету
  • Оқушының өз ойымен қозғалып, өзін-өзі көрсетуіне мүмкіндік беру

Тәрбие жұмысы:

  • Оқушылардың эстетикалыққа тәрбиелеу
  • Оқушыларды жауапкершілікке үйрету
  • Би қимылдарын біріктіріп биге бейімдеу

Сабақтың құрылымы:

  1. Ұйымдастыру
  2. Ұстаздың сөзі
  3. Үй тапсырмасын тексеру
  4. Денеге арналған жаттығу
  5. Жаңа қимыл қозғалыстарды үйрету
  6. Қорытындылау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру. Оқушылар залға көңілді әуенмен аяқтың ұшымен денені тік ұстай кіре, бірінің артынан бірі, шахмат тұрысы бойынша тұрады.
  2. Амандасу рәсімі
  3. Ұстаздың сөзі

     Ашық сабаққа қош келдіңіздер! Бүгін біздің сабағымыз ритмикалық биге арналған сызықтармен және сандармен, музыкалық ырғақты қимылдарының маңызына тоқтала кетсек, бұл биде жаттығулардың жүйелілігі, жеңіл қозғалысы, орындау санын және әдістерін ескеру қажет. Және де биді бастамас бұрын бұлшықеттерді дайындап жаттығу жасау қажет.

Денеге арналған жаттығулар:

  • Басқа арналаған жаттығулар: басты оңға, солға , алдыға,артқа ию арқылы мойын бұлшықеттерін созу. Басты шеңбермен айналдыру.
  • Иық, шынтақ, білезікті алдыға , артқа айналдыру арқылы жаттығу жасау
  • Иық қол бұлшықеттерін қыздыру
  • Белге арналған жаттығулар
  • Тізе мен аяқ басына арналған жаттығулар
  • Секіру жаттығулары
РИТМИКАЛЫҚ БИ СЫЗЫҚТАРМЕН САНДАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ

Жаңа тақырып:

     Ырғақты би— оқушы үшін қозғалыс арқылы өз-өздерін көрсетудің тәсілі болып табылады. Ал, қазіргі заманғы музыка әуені кең қозғалыстығымен көңілді динамикасымен балаларға жақын.

     Жаңа сабақпен ритм және аяқ қимылдарын сандар және сызықтар арқылы көрсету. 

     Ырғақты би қимылы тек ептілік әдемілік , шығармашылық мүсін ғана емес, баланы  жігерлендіреді. Хореография сабағында тек қана би үйретіліп қана қойндықмай денсаулықтары нығайып, ой-өрістері дамиды. Бұлшық ет күштері жақсарып, икемділік, төзімділік қабілеттері дамиды және дене бітімдері түзеліп, сымбаттылыққа тәрбиеленеді, әдемілікке деген құштарлықтары артады, яғни ырғақты би қимылы баланың ішкі барлық ағзаларына әсер етеді.1.2.3.4.5.6. сандарын пайдаланып қазіргі заманауи сандық жүиесімен қимылдар жасау.

Ритмикалық биде аяқты алтыншы қалыпқа қойып, бұл биді оқушылар тез қабылдау үшін ақ параққа 1-6  сан аралығын жазып пайдалана отырып, осы әдіспен аяқ қимыл-қозғалыстары көрсетілді.

Аяқты алтыншы қалыпқа қойып оңға және солға аяқты тігінен көтеріп , жан-жаққа сызықтармен жұмыс жасау. Аяқты алтыншы қалыпқа қойып , алдыға-артқа , жан-жаққа би қимыл-қозғалыстарымен жұмыс жасау. Қол қалыптарын екінші және үшінші қалыпқа көтеру арқылы қимыл жасау.

РИТМИКАЛЫҚ БИ СЫЗЫҚТАРМЕН САНДАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ

    

Сабақ барысында әр-түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану. Оқушының қызығушылығын және ынтасын ояту. Ритмикалық биде ритмді сезіне білу үшін сандарды  қолдана отырып оның әрекеттерін орындауға , сызықтарды қатар-қатар тұрғызып ,  музыканы сезіне білуге және оқушының ритімді ұстай білуін үйрету.

     Ритмикалық бидің басты қағидасы бір тақырыпқа байланысты емес, әуен ырғақтарын сезу, және қимылдары дененің арықтауына, бұлшықеттердің дамуына, қан айналымға жақсы көмектеседі.

  Бел мен аяққа арналған жаттығулар:

•   1.Аяқтың ұшымен көтеріліп, қайтадан біртіндеп өкшемен төмен түседі;

•   2.Аяқтың ұшымен көтеріліп, содан кейін төмен түсерде жартылай иіледі;

•   3.Бастықтырғышқа  қолмен таянып тұрып, екі аяқпен алма-кезек доп тепкенге ұқсас қимыл жасайды;

Қорытынды:

  • Ритмикалық биге қандай жаттығулар жатады?
  • Сандар мен сызықтармен жұмыс жасау барысында ритмді сезіне алдындар ма?
  • Ритмикалық би жаттығуларының ішінде ең ұнағаны қай қимыл болды?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *