"Таза Қазақстан": Батыс Қазақстанда жаңа экологиялық клуб ашылды

«Таза Қазақстан»: Батыс Қазақстанда жаңа экологиялық клуб ашылды

Жаңалық ҚОҒАМ

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған жаңа бастама жүзеге асырылды. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында университет қабырғасында «ЭкоЖайық» атты экологиялық клуб құрылды. Бұл клуб – экологиялық қозғалыстарды күшейтуге және студенттердің табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған республикалық жобаға қосылған бастамалардың бірі.

Клуб ұйымдастырушыларының айтуынша, оның негізгі міндеті – жастардың экологиялық санасын дамыту, табиғатты қорғауға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру және қоршаған ортаға деген қамқорлықты күнделікті өмір салтына айналдыру.

Жаңа клуб алғашқы жұмысын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау бойынша әлеуметтік жобаны жүзеге асырудан бастады. Жоба тек қоқысты жинаумен шектелмейді, сонымен қатар оны сұрыптап, қайта өңдеуге бағыттауды қамтиды. Бұл бастама табиғи ресурстарды үнемдеуге және өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға мүмкіндік береді.

Клубтың алғашқы жиналысында студенттер арасында қалдықтарды дұрыс сұрыптаудың маңыздылығы туралы ақпараттық шаралар ұйымдастырылды.

«Әрбір азамат табиғатты қорғауға өз үлесін қоса алады. Егер әр студент экологиялық саналы өмір салтын ұстанса, қалдықтарды сұрыптауға көңіл бөлсе, онда еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға үлкен қадам жасаймыз», – деп атап өтті клуб жетекшісі Сабихан Рахым.

«ЭкоЖайық» клубы алдағы уақытта экологиялық мәдениетті насихаттау, табиғи ресурстарды қорғауға бағытталған жобаларды жүзеге асыру және жастардың белсенді экологиялық қозғалысқа қатысуын арттыру бойынша жұмыстарын жалғастырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *