Оңтүстік Кореяның беделді жоғары оқу орны Woosong University-дің Қазақстандағы алғашқы халықаралық кампусы – WSUK (Woosong University Kazakhstan) Түркістан қаласында 2025 жылғы қыркүйекте өз жұмысын бастайды. Қазіргі уақытта университет күзгі семестрге студенттерді қабылдау процесін бастады.
Аталған жоба Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Университеттің басты мақсаты – Орталық Азия аймағы үшін ақпараттық технологиялар саласында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
WSUK студенттерге жасанды интеллект және деректер ғылымы бағытында жоғары сапалы IT-білім алуға мүмкіндік береді. Екі жылдық бағдарламаны аяқтағаннан кейін студенттер оқуын Оңтүстік Кореядағы Вусонг университетінде немесе оның 630-дан астам серіктес университетінде жалғастыра алады.
Жаңа кампуста қандай бағдарламалар ұсынылады?
Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі. Бағдарламалар тізімі:
✔ Жасанды интеллект және Data Science
✔ Бағдарламалық жасақтама әзірлеу
✔ Киберқауіпсіздік
✔ Мультимедиа және веб-дизайн
Бағдарламаны аяқтаған түлектер Оңтүстік Кореяда жұмыс істеуге арналған арнайы визалық мүмкіндіктерге ие болады.
Қабылдау талаптары:
- Ағылшын тілі бойынша IELTS кемінде 5.0 балл немесе соған сәйкес келетін тест нәтижелері:
- TOEFL iBT, Oxford Test, CEFR, Duolingo, Tips, PTE Academic, TOEIC.
- Егер IELTS 5.0-ден төмен болса, бірақ ЕНТ-да ағылшын тілінен 65% немесе одан жоғары болса — бұл IELTS 5.0-ге тең деп есептеледі.
- ЕНТ бойынша жоғарғы 15%-ға кіретін талапкерлер ағылшын тілі тестінен босатылады.
- Орта мектепті аяқтаған талапкерлер ғана қабылданады.
- ЕНТ қорытындысы – кемінде 50 балл (шетелдік талапкерлерге қолданылмайды).
- Егер IELTS 6.0 және одан жоғары болса, ЕНТ нәтижесі ескерілмейді.
Эквиваленттік кестемен мына сайтта танысуға болады:
https://wsuk.wsu.ac.kr/sub04/01.html
Қосымша ақпарат және байланыс:
Толық ақпарат, стипендиялар және оқу шарттары бойынша:
🌐 https://wsuk.wsu.ac.kr/index.html
📞 Байланыс нөмірі: +7 (707) 360-70-05