Тілдік және архивтік білім беруде жасанды интеллект: республикалық сессия қорытындылары

Тілдік және архивтік білім беруде жасанды интеллект: республикалық сессия қорытындылары

Жаңалық

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің базасында Жоғары білім және ғылым министрлігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Тілдік және архив саласына арналған мамандар даярлауда жасанды интеллект» тақырыбында республикалық стратегиялық сессия өттi

Іс-шараға Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы Гүлжан Көбенова, Архивтер, құжаттама және баспа ісі комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Дүйсекова, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Қазына Сеитова, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жобалар басқару орталығының жетекшісі Салтанат Кенжебаева, Назарбаев Университетіндегі Зияткерлік жүйелер мен жасанды интеллект институтының атқарушы директоры Ерасыл Абсалямов, сондай-ақ 80-нен астам қатысушы – архив, құжаттама, тіл саласындағы ұйымдар мен еліміздің жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Сессияның ашылуында сөз сөйлеген университеттің ректоры міндетін атқарушы Динар Куанбаева Үкімет Аппараты мен салалық министрліктерге алғысын білдіріп, Абылай хан атындағы университеттің осы бағыттағы жауапкершілігін атап өтті. Оның айтуынша, оқу орны тіл мамандары мен халықаралық деңгейде сұранысқа ие кадрларды даярлау бойынша көшбасшылардың бірі.

Баяндамаларда қозғалған негізгі мәселелер:

  • Жасанды интеллектті архив саласында қолдану: электронды архивтерді тек сақтау орны емес, құжаттарды интеллектуалды өңдейтін жүйеге айналдыру жолдары;
  • Электрондық құжат айналымына жасанды интеллект шешімдерін кең көлемде енгізу механизмдері;
  • Нормативтік-құқықтық актілер мен білім беру құжаттарын мемлекеттік және ағылшын тілдеріне сапалы аудару мәселесі.

Сессия қорытындысы бойынша арнайы қорытынды құжат дайындалып, онда тілдік және архивтік білім беруде жасанды интеллектті дамытуға байланысты негізгі шешімдер, даму бағыттары және басым шаралар нақтыланатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *