Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі қайта CIS аккредиттеуінен өтуде.
Англия, Франция, Америка, Үндістан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Өзбекстан сарапшылары Талдықорғанның NIS-ке мектеп өмірі мен оқу процесін ұйымдастырудың халықаралық стандарттарға сәйкестігін бағалау мақсатында келді.
Бір апта бойы комиссия сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстарға қатысып, оқушылармен, мұғалімдермен және ата-аналармен кездесті. Қоғамға қызмет ету бойынша әлеуметтік жобалардың жұмысымен, ғылыми жобалармен, педагогикалық тәжірибелермен танысты. Нано-биотехнология және NIS Engineering кабинеттерінде балалар өздерінің зерттеулері мен IT-өнертабыстарын көрсетті.
Сондай-ақ, шетелдік қонақтар мәдени іс-шараларға қатысты. Оқушылар қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерінің ерекшеліктерін көрсетті.
Мектепті бағалау және аккредиттеу 9 стандарт бойынша жүзеге асырылады.
Еске салсақ, Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2018 жылы Халықаралық мектептер кеңесінің аккредиттеу сертификатын алған болатын.