Талдықорғандағы NISмектебінің «Үздік Жас Жыл Мұғалімі» Анықталды

Талдықорғандағы NISмектебінің «Үздік Жас Жыл Мұғалімі» Анықталды

Жаңалық

алдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жас мұғалімдер арасында байқау өтті. Әр әдістемелік бірлестіктен 10 маман «Үздік» атағын сарапқа салды. Екі апта бойы мектеп қауымдастығы жас ұстаздардың тамаша сабақтарын, сондай-ақ олардың тәжірибелік презентацияларын, TED баяндамаларын және заманауи оқыту әдістерін бақылау мүмкіндігіне ие болды.

Педагогикалық сайыс екі кезеңнен тұрды: ашық сабақ және TEDx форматындағы пән философиясы.

Химия пәнінің мұғалімі Әлия Қобдықова «Мектеп құндылығы – ұстаз құны» деген тақырыбын ұсынды. Жас маман оқушыларға химия пәнінен сабақ беріп қана қоймай, оларды ғылыми жоба байқауларына дайындайды.

Қазіргі ұстаздың бойында қандай құзіреттілік болуы керек, қазіргі ұрпақпен тіл табу қиын ба деген сауалға Әлия Ренатқызы қазіргі ұрпақ балалары ерекше деп жауап берді.

— Жарқын, қызықты, шығармашыл. Олар сондай-ақ батыл және қамқор, мақсат қойып, оған қол жеткізе біледі. Педагогикалық сайыстарға қатысу арқылы біз шыңдалып, мектеп оқушылары тек оқудан ләззат алатындай заманауи құралдар мен тәсілдер табамыз», — деп бөлісті химия пәнінің мұғалімі.

NIS директоры Виктор Сосин жас мұғалімдердің тамаша бастаушыларына жоғары кәсібиліктері үшін алғысын білдірді.

— Бүгінгі мұғалім – дамуға берілген тұлға. Жоғарыда айтып өткен қасиет – қиындықтарға тез жауап беру ғана емес, олардан озып шыға білу – білім беру жүйесінің заманауи әрі тиімді болуы үшін бүгінгі таңда мұғалім үшін маңызды нәрсе. Міне, осыған ұмтылуымыз керек, — деді ол.

«Креативті мұғалім» номинациясы бойынша Елнұр Саят, «Зерттеуші мұғалім» — Наргиз Байгутова, «Тапқыр ұстаз» — Архат Баймұханов, «Жаңашыл мұғалім» — Дарын Қасенов, «Парасатты мұғалім» — Раушан Атайбекова, «Рефлекстивті мұғалім» — Айжан Адамбаева, «Ізденімпаз мұғалім» Фариза Нұрахмет иеленді.

Талдықорғандағы NISмектебінің «Үздік Жас Жыл Мұғалімі» Анықталды

— Мен жас мұғалім болғандықтан, тәжірибелі әріптестерімнің пікірі мен үшін ерекше маңызды. Сондықтан басқа мұғалімдердің сабақтарына барған кезде мен өзіме әдістемелік ұсыныстар қалдырамын. Бұл ретте мен тәжірибелі ұстаздардың кеңесін орындап қана қоймай, сабақ жоспарларын өзімнің «қорытындыларыммен» толықтырып, түрлендіріп отыруға тырысамын, — деп Алуа Көсемова информатика пәнінің мұғалімі сұхбатын түйіндеді.

Талдықорғандағы NISмектебінің «Үздік Жас Жыл Мұғалімі» Анықталды

Автор :БШ ақпарат