Қазақстандық теннисші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Францияның Ашық чемпионатының («Ролан Гаррос») үшінші айналымында матч өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.
— 1/8 финалға шығу үшін Рыбакина экс-бірінші ракетка, қазіргі кезде WTA рейтингінде 27-орында тұрған бельгиялық Элиза Мертенспен кездесті. Бірінші сеттің барысында Рыбакина екі рет (2:3 және 3:4) артта қалғанымен, нәтиже 6:4 есебімен Еленаның пайдасына шешілді. Екінші сетте Рыбакина сенімді түрде жеңіске жетіп, 6:2 есебімен аяқтады. Матч ұзақтығы бір сағат жеті минутты құрады.
- Оның келесі қарсыласы Элина Свитолина (Украина, WTA № 19) және Ана Богдан (Румыния, WTA № 64) арасындағы матчтың жеңімпазы болады.
- Еске сала кетсек, Елена Рыбакина турнирдің алдыңғы кезеңдерінде бельгиялық Грет Минненді (85-орын) 6:2, 6:3 және Нидерланд өкілі Аранча Руссты (50-орын) 6:3, 6:4 есебімен жеңген болатын.
Фото: Спутник.кз