Гамма, Этюдтар Арқылы Оқушының Фортепиано Аспабында Ойнау Техникасын Дамыту

Гамма, Этюдтар Арқылы Оқушының Фортепиано Аспабында Ойнау Техникасын Дамыту

Жаңалық

Wafer cake sweet roll cheesecake ice cream gingerbread sweet. Wafer gingerbread apple pie cotton candy jelly. Toffee oat cake oat cake toffee tootsie roll muffin sugar plum.

Candy canes jelly b

Гамма, этюдтар арқылы оқушының фортепиано аспабында ойнау техникасын дамыту.

Шығарманы орындаған кезде штрихтарды пайдаланып, шығарманы әсемдей, әрілей білуіміз қажет. Оқушының берілген тапсырманы орындауы үшін және дамыта оқыту принципінің негізі боп табылатын ойлау қабілетін дамыту мақсатында шығармамен өз бетінше жұмыс істеуге үйретіп, оның шығармашылық белсенділігін арттырып, техникалық қиындықтарды жеңуге бағыттап отыруымыз керек. Сол себептен теориялық түсініктемелер тұжырымды болып, міндетті түрде аспапта ойнап көрсетіліп отырылады.

Сабақтың тақырыбы: Гамма, этюдтар арқылы оқушының фортепиано аспабында ойнау техникасын дамыту

Сабақтың мақсаты: Гамма, этюдтар үйрету арқылы оқушының күрделі шығармалар ойнауға қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже:

  1. А. Гедикенің «Этюд»- ның ерекшеліктерін (тональдігі, өлшемі, штрих, динамикалық белгілері) ажыратады;
  2. Фортепиано аспабында ойнау техникасы дамиды.

Керекті жабдықтар: Фортепиано, плакаттар, қаламсап.

Қолданылатын әдіс – тәсілдер: түсіндіру, сұрақ — жауап, ой қозғау, аспапта ойнау, ассоциация әдісі

Техникалық жаттығу: До мажор гаммасын дыбыс қатарын  ойнату.

Сабақтың мазмұны:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу: Армысыздар, қадірлі ұстаздар.

Бүгін фортепиано класы бойынша өткізілетін ашық сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Алдымен қатысушы оқушыма мінездеме беріп өтейін.  Дайындық сыныбының оқушысы, ұқыпты, мәдениетті, алғыр. Сабаққа деген қызығушылығы жоғары, белсенді, қойылған тапсырмаларды тыңғылықты орындайды.

  1. Техникалық жаттығу кезеңі 10 минут

Педагог:  Ал енді сабағымыздың негізі — техникалық жаттығуға көшейік.

До мажор (С — dur) гаммасын легатоға ойнайық.

До мажор гаммасын, аккорд, арпеджиосын ойнағанда саусақтардың ұшын сезініп ойна. Енді оған сәл жылдамдық қосу үшін, стакаттоға ойнап көрейік.

Педагог:  До мажорға қарама — қарсы тональдік қандай?

Оқушы Ля минор (а — moll)

Педагог: Кілттік белгісі бар ма?

Оқушы:Кілттік белгісі жоқ.

Педагог: Оның қандай түрлері бар?

Оқушы: Оның қарапайым, гармониялық, мелодиялық түрлері бар.

Педагог: Алдымен қарапайым түрін ойнайық.

Оқушы: ойнайды.

Педагог: Гармониялық және мелодиялық гаммада қандай өзгерістер болады.

Оқушы: Гармониялықта 7 басқыш (диез) көтеріледі, ал мелодиялықта 6, 7 басқыштар жоғары қарай ойнағанда (диез) көтеріледі де, төмен қарай ойнағанда (бекар) түседі.

Педагог: Гамма – дыбыстар қатарын, аккорд, арпеджионы ойнайық.

Гаммаларды ойнауда саусақтардың ұштарын сезінуіне назар аударғанын қадағалап отырамын. Жылдамдықты қосу үшін стакатто әдісімен ойнауды сұраймын. Бұл әдіс саусақтардың ұштарын сезінуін жылдамдаттырады, әрбір дыбыстың нақты ойналу барысында есту қабілеті дамиды.

  1. Үй тапсырмасы                                                              

Аспапта ойнау техникамымызды дамыту үшін гаммалармен қатар этюд те қолданылады. Этюд – үйренуге, дағдылануға, жаттығуға арналған шығарма болып саналады. Аспаптың қай — қайсысын болса да ойнап үйренгенде, орындаушы белгілі бір шығарма орындамас бұрын этюдты ойнап жаттығады. Бірақ, этюд көркем шығарма да бола алады. Мысалы, Шопеннің этюдтары, көркем шығарма, концерттік шығарма болып танылады.

Меңгерген музыкалық шығармамызды ассоциация әдісі бойынша талдап өтейік:

Педагог: Шығарманың авторы кім?

 Оқушы:Александр Гедике — орыс композиторы, органшы, пианист, педагог

Педагог:  Қандай тоналдікте жазылған?

Оқушы:  Ля минор тональдігінде жазылған.

Педагог: Динамикалық белгілерін атап өтейік.

 Оқушы: Динамикалық белгілері: пиано, яғни тыныш, меццофорте, яғни тыныш та емес, қатты да емес, орташа орындалады, крещендо – дыбыстың бірте — бірте үдетуін білдірсе, ал диминуэндо кезінде дыбыс керісінше бірте — бірте бәсеңдейді.

Педагог: Жақсы. Шығарма қандай көңіл — күйде жазылған?

Оқушы: Көтеріңкі көңіл — күйде жазылған.

Педагог: Өлшемі?

Оқушы :6/8 өлшемінде

Педагог: Дұрыс, өлшемі 6/8 (1 — 2 — 3 — ке саналады):

Педагог: шығарма қалай орындалды?

Оқушы:Жылдам орындалады.

Педагог: Өте жақсы, әзірше орташа жылдамдықта ойнап көрелік

(қадағалап отырамын, оқушы біркелкі, саусақтың реттілігін дұрыс қойып ойнау керек)

 Оқушы: Орындайды.

  1. Дыбыс шығару тәсілдерімен жұмыс

Мына кестедегі дыбыс шығару тәсілдеріне назар аударшы.

Оқушы:  Оның түрлері: легато — дыбысты бір — бірімен байланыстырып ойнау, стакатто — дыбысты қысқа үзіп ойнау, акцент — дыбысқа салмақ салып ойнау. Дыбыс шығару тәсілдерін атап, талдап шығады.

Педагог: Дұрыс айтасың, дыбыс шығару тәсілдерін штрих деп атаймыз. Оған дыбыс шығарудағы стакатто, легато, акцентты жатқызуға болады.

Педагог: Олай болса, А. Гедикенің «Этюд» шығармасында қандай дыбыс шығару тәсілдері қолданылады?

Оқушы: Легато, акцент

Педагог: Қай тактіде? ойнап көрсетші.

Оқушы:  Ойнайды (Легато, акцент, динамикалық белгілерінің дұрыс ойналуын қадағалаймын).

Педагог: Абайлап ойна, алғашқы екі тактіде сол қолдағы дыбыстарың мен оң қолдағы әуенің біркелкі орындалуы тиіс.

Педагог: Қарашы, екінші тактіден бастап сол қолдағы аккордта акцент тұр. Қанекей, ойнап көрелік.

Педагог: Қандай динамикалық белгілерді кездестіреміз?

 Оқушы:Пиано, меццофорте, крещендо, диминуэндо

Педагог: Дұрыс, шығарма қалай басталады?

Оқушы:  Пианодан

Педагог: Бірінші, екінші тактідегі ноталар бірте — бірте күшейіп дамиды, яғни крещендоны анық ойнауымыз керек. Содан диминуэндо кездеседі. Ойнайық.

Педагог: Жақсы. Айтылғандарды есте сақтап, техникалық жаттығу ретінде гаммалармен қатар этюдті де толық ойнап жүр. Жақсы, осы ноталар стакаттоға және де форте динамикалық белгісімен ойнаймыз.

  1. Жаңа сабақ

Сергіту сәті

Мінекей, біз Александровтың «Новогодняя полька» көркем музыкалық шығармасын үйренуге дайынбыз.

Педагог: Музыка адамға түрлі көңіл күй сыйлайды. Музыкалардың әдемі және барлығына ұнайтын бір түрі – билейтін музыка. Шығарманың атына назар салсаң, «Новогодняя полька». Полька дегеніміз – көңілді және тез билейтін би түрі. Көбіне оның музыкасы жылдам орындалады. Польканың музыкалық өлшемі 2/4. Полька 19 ғасырда Богема, қазіргі Чехияда пайда болған.

Педагог:  Шығарма қандай тональдікте жазылған екен?

Оқушы: Ля мажорда

Педагог: Оны қалай белгілейміз? Қаламсабыңмен нота дәптеріңе жазып көрсет.

Оқушы: А — dur

Педагог: Дұрыс. Алдындағы «Этюд» ля минорда болса, бұл шығарма ля мажорда жазылған екен. Ерекшелігі: мажор. Ал, ля мажорында үш кілттік белгілері бар. Олар: фа, до, соль. Алғашқы төөрт тактіні санап, ойнап көрейік. Оң қолдағы он алтылық нота «бі — ір» ге, «екі — і» ге саналса, ал сол қолдағы төрттік нота тура «1 ге, 2 ге» деп саналады.

(Музыкалық шығармамен жұмыс жасалады).

  1. Қорытындылау

Бүгін біз штрихтың түрлерін, олардың қалай орындалатынын үйрендік. Енді шығарманы орындаған кезде штрихтарды пайдаланып, шығарманы әсемдей, әрілей білуіміз керек. Оқушының берілген тапсырманы орындауы үшін және дамыта оқыту принципінің негізі боп табылатын ойлау қабілетін дамыту мақсатында шығармамен өз бетінше жұмыс істеуге үйретіп, оның шығармашылық белсенділігін арттырып, техникалық қиындықтарды жеңуге бағыттап отыруымыз керек. Сол себептен теориялық түсініктемелер тұжырымды болып, міндетті түрде аспапта ойнап көрсетіліп отыруы керек.

Бүгін сабақта белсенділік танытқаның үшін, Рахмет! «5» өтежақсы .

  1. Үйге тапсырма
  2. Ля минор гаммасын (3 түрін) ойнау
  3. А. Гедикенің «Этюд»-дағы дыбыс шығару тәсілдеріне назар аударып, жатқа ойнау.
  4. Александровтың «Новогодняя полька» шығармасын санап, соңына дейін өз бетінше ойнап келу.

Қабдолданова Кәмшат,

 Фортепиано пәнінінің педагогы   

КМҚК «Өнер мектебі»,  Балпық би ауылы