Қыстан қалған қасат қармен қатар көңілдің де тоңы жібіп, адамзат атаулының айрықша күтетін ұлық мейрамы бар, ол – Наурыз.
Көктеммен бірге өміріне де шуақ, шапағат кіреді деп сенген халқымыз Наурыз мерекесін «Ұлыстың ұлы күні», «Әз Наурыз» деп айрықша әспеттеген.
Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан қалыптасқан ұлттық мейрам. 22 наурызда күн мен түн теңеседі. Наурыз – жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы. Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, әз-Наурыз», «Әз болмай, мәз болмас» деп қарсы алған.
Наурыз — көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп, ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі, өнерлі ұрпақ тәрбелейтін ұлттық мейрамымыз.
Осындай ұлттық құндылықтарымызды шәкірттерінің бойына сіңіріп келе жатқан ұлағатты ұстаздарымыздың бірі Жетісу облсы Талдықорған қаласы «Абай атындағы №1мектеп гимназиясы» КММ. 3 «Б» сыныбының жетекшісі Жағабаева Камшат Жүнісқанқызы «Наурыз-думан» тақырыбына ашық тәрбие сағатын өткізді.
іс-шара барысында көзімізге бірден түскені ұлттық киіміміз, ол біздің кім екенімізді айтпасада, айқындап тұрғандай. Сонымен қатар «асық ату», «қол күрестіру», «ою өрнек сызу» сынды ұлттық ойындарымызда қатысушылардың жеңіске деген талпынысы мен жігері жаныңды сүйсінтсе, салт-дәстүрімізді көргенде көңіліміз көтеріліп, төбеміз көкке жеткендей бір қуаныш сезім бойымызды биледі.
Камшат Жүнісқанқызы өз шеберлігінің арқасында ұлттық ойындар мен салт-дәстүрімізді ұштастыра отырып біріншіден рухани құндылықтарды жаңғыртты, екіншіден оқушыларды шығармашылыққа жетеледі.осы орайды сыныптың білім деңгейі, ауыз біршілігі мұғалімнің шеберлігі мен сегіз қырлы бір сырлы өнер иесі екендігі, ұстазымыздың ата-анамен бірлесе отырып ұлттық аспапта ойнаған күйімен тағы бір мәрте көзге түсті.
Камшат Жүнісқанқызына ата-аналар атынан алғыс білдіре отырып, ізгі тілегімізді жеткізгіміз келеді. Ұстаз ол ұлағатты ұлы есім. Ұстаздың ұлылығы тек білімінде ғана емес, біліктілігінде, тәлім тәрбиесінде. Камшат Жүнісқанқызынан білімді, тәрбиелікті, адамгершілік пен асыл қасиетті көріп келеміз. Болашақ ұрпақа өмірдің биік шыңына шығып, биік белесті бағындыруына жол сілтеп, бағыт бағдар беріп, алтын уақытын сарп етіп, бар күш жігерін сарқа тауысып жүрген ұстазға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Сізге шығармашылық табыз, қажымас қайрат, зор денсаулық тілейміз!
Құрметпен: Жетісу облсы Талдықорған қаласы «Абай атындағы №1мектеп гимназиясы» КММ. 3 «Б» сыныбының ата-аналары