БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН СЫНИ ТҰРҒЫДА ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТЕ ОТЫРЫП, БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН СЫНИ ТҰРҒЫДА ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТЕ ОТЫРЫП, БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР

Бастауыш сынып

Бастауыш мектеп – баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу оның тұлға ретінде өзін — өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Заман ағысына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек. Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы – оқушыларға білім беру, тәрбиелеу барысында кеңінен қолданылып жүрген оқушылардың білім сапасын көтеруде жағдай жасайтын сабақты тиімді ұйымдастыруға, атап айтқанда сабақ уақытын ұтымды пайдалануға мұғалім мен оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға көп көмегін тигізетін технологияны тиімді қолдана білу. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі сыни тұрғысынан ойлау технологиясы.

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлануға» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Оқушыларды жұппен, топпен жұмыстандыру арқылы ұйымдастырылған сабақтар, оқушылардың дарындылығын дамытып, шыңдау жолдарының бірі болып табылады. Олардың арасында ынтымақтастық пен серіктестікті тудыру, басқа адамның ойымен де есептесу қажет екенін де түсіндіреді, уақыт үнемделеді. Жұппен және шағын топпен жұмыс тез, жаңа идеяларды ұсынумен қатар белгілі бір жағдайды нәтижелі шешуге де мүмкіндік береді. Бұл модульдың стратегияларын сабақ барысында қолдану жаңа оқу материалдарындағы оқиға мен құбылыстарды оқушылардың өздері байқап, талдауына жағдай жасайды. Демек, білім оқушыларға даяр күйінде берілмейді, өзінің ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы қол жеткізеді. Әр оқушы өз ойына шек келтірмей жауап беруге дағдыланады.

ХХІ ғасырда және ғасырларда өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру- мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. Балалар күннен-күнге қолжетімділік артып келе жатқан коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек.

Бастауыш сыныпта өтіліп жатқан кез келген пән бойынша оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру маңызды. Себебі сыни тұрғыдан ойлауға бейім оқушылар белсенді болады, олар кез келген жағдайға дербес пікір білдіре алады, өзіндік тұжырымдама жасайды. Оқушы бойындағы танымдық қабілетінің шығармашылық ойлау жүйесінің дамуына жол ашады.

Өз тәжірибемде оқушыларымның сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту мақсатында сындарлы оқыту технологиясының келесі әдістерін қолданамын.

Мектептегі тәжірибе кезінде өз сабақтарымда қолданып жүрген әдіс — тәсілдер: түртіп алу, рөлдік ойындар, диалогтік әңгіме жүргізу, топтастыру, семантикалық карта, венн диаграммасын толықтыру, сұрақ – жауап, инсерт.

«Түртіп алу әдісі»- әсіресе әдебиеттік оқу сабағында оқушыларға таныс емес, түсініксіз сөздерді белгілеп отыруға мүмкіндік береді. Бастауыш сыныптардағы оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, түртіп алынған сөздердің мағынасын ашуда бұл әдістің маңызы зор.

«Рөлдік ойындар»- оқушылардың белсенділігін арттырып қана қоймай, әр кейіпкердің образын сомдап, оқушы бойындағы көрінбейтін қырларын ашуға мүмкіндік береді.

Диалогтік әңгіме жүргізуде оқушылар бір-біріне жеңіл және күрделі сұрақтарға жауап беруге дағдыланады. Әсіресе, әдебиеттік оқуда «ойланып жауап бер» жағдаяттан шығып көр деген тапсырмаларда балалардың диалогтік әңгіме жүргізуге мол мүмкіндігі болады. Мысалы: «Ана мейірімі туралы не дейсің», «Өз анаң туралы әңгімеле» « Ананың алақаны қандай?» деген тақырыпта балалар ойланып, анасының еркелететіні,аймалайтыны жайлы өз ойларын жинақтап айтуға үйренеді.

Бастауыш сынып балалары сыни көзқарастар білдіре алады, себебі балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру қажет. Егер оқытуды қызықты ұйымдастыра алсақ , баланың ойлау мен әрекетін білім алу жолына дұрыс бағыттасақ онда оқушыларды білім алу тура жолына саламын деген ойды ұстанып сабақтарымда сыни ойлау стратегияларын кеңінен пайдалануды шештім.

Сыни тұрғысынан ойлаудың ең жақсы тұстары балалардың жан – жақты іздену қабілеттері дамиды және нашар оқитын оқушыларда да қозғалыс, ұмтылыс, жұмыстану қабілеттері пайда болады.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жетеміз.

Модульді қолдану-біріншіден оқыту- шы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы арта түспек деп ойлаймын.

Сыни тұрғыдан ойлау модулін пайдаланып келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді: білім саласында үнемі жаңарып тұратын ақпараттар ағынымен жұмыс жасай білу, айналасындағылармен анық, нақты, сенімді қарым-қатынас жасай білу, түрлі тәжірибелерге, идеяларға және ұсыныстарға өз пікірін пайымдау негізінде жеткізу, проблемаларды шеше білу, өз бетінше білім алу,топта бірлесе еңбектену және жұмыс жасау,басқа адамдармен сындарлы қарым- қатынас жасауға қабілеттілік.

Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді пайдалану қазіргі заман талабы.

Сыни тұрғыдан ойлау модулінің стратегияларын пайдалана отырып, сабақ құрылымын жоспарлауға шығармашылықпен қарау, әдістемелік лабораторияны жинақтау секілді мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады. Қай әдіс-тәсілді алсаң да, оның астарында тиімді оқыту жатқаны белгілі.. Ал ой жоқ жерде жүйелі сөйлеу жоқ. Олай болса, ойлауға үйрете отырып бала тілін дамытуға жол саламыз.

Цаган СӘУЛЕГҮЛ, бастауыш сынып мұғалімі

«Т.Рысқұлов орта мектебі МЖИ»КММ, Жамбыл ауданы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *