Техастық American Rounds компаниясы тұрғындарға оқ-дәрілерді сауда автоматтары (Automated Ammo Retail Machine, AARM) арқылы сатуды бастады. — Quartz хабарлайды.
Компания өкілдерінің айтуынша, мұндай сауда түрі патрондарды кассалар арқылы сатудан әлдеқайда қауіпсіз. Автоматтардың жұмысын қолдайтын жасанды интеллект жүйесі, сканерлер мен бет-әлпетті тану жүйесі кәмелетке толмағандарға сатуды болдырмайды. Осылайша сатылған оқ-дәрілерді ұрлау мүмкіндігі әлде қалай азайды.
AARM тек дүкендер ішінде орналастырылады. Қазіргі уақытта АҚШ-да осындай алты автомат бар. Бірақ-та, болашақта тағы 200-ге жуық автоматтар дүкенде орнатылатын болады.
American Rounds автоматтарының ассортиментінде түрлі мылтықтар мен винтовкаларына арналған патрондары бар.
Айта кетейік, Канада тәжірибесі көрсеткендей, заманауи сауда автоматтары пайдаланушыларды кім екенін анықтап қана қоймай, олардың биометриялық деректерін де жинай алады.