Қырғызстанда балгерлер мен сиқыршылардың қызметтерін жарнамалауға тыйым салынды. Президент Садыр Жапаров Қырғыз Республикасының «Жарнама туралы» заңына өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды.
Бұл құжат 2024 жылдың 12 маусымында Жогорку Кенеште қабылданған. Ол оккультті-мистикалық қызметтер мен оларды ұсынатын адамдарды жарнамалауға тыйым салуды көздейді.
Заң азаматтардың санасын манипуляциялау мен өз пайдасын көздеген оккультті, магиялық және басқа да жалған әдістермен қызмет көрсетуді болдырмауға бағытталған.