Сабақтың тақырыбы: «Вокалдық ән айту қабілетін қалыптастыру»
Мақсаты: Вокал пәні сабағында ән айту қабілетін қалыптастыру. Көне аспаптарды қолдану арқылы шығарманы орындауға үйрету.
Білімділігі:
Оқушыға сан ғасырлық тарихы бар музыкалық аспап –жетіген мен музыкалық шығарманың образы,идеялық мазмұнын, әнші даусының мәнерімен жеткізу және шығарманы берілген қарқынмен орындау. Практикалық дағдыларда қалыптастыру.
Дамытушылығы:
Ән айтуда ми, жүйке жүйелері,дыбыс апараттары, көмей, ауыз қуысы, тіл, таңдай, кеңірдек, кеуде, өкпе сияқты ағзалар бір-бірімен өзара тығыз байланыста қызмет атқаруын жұмыс жасау.
Тәрбиелігі:
Жалпы вокал сабағында қазақтың ұлттық аспаптарында орындау мәдениетіне үйрету, сахна мәдениетіне қалыптастыру, эстетикалық талғамын дамыту.
Сабақтың түрі : Жеке сабақ
Өткізу әдісі: Танысу, баяндау, үйрету, орындау, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: Фортопиано аспабы,жетіген аспабы, арнайы оқулықтар, интерактивті тақта , слайдттар, суреттер .
Көрнекілігі: Фортепиано аспабы, жетіген аспабы, арнайы оқулықтар, интерактивті тақта, слайдтар,суреттер.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
1.1.Амандасу
Сергіту сәті . Көңіл күйді дамытуға арналған сергіту сәті«Қарлығаш әні»
Бір ,екі,үш Қарлығаш боп ұш
Төрт, бес, алты Қарлығаш боп қалқы
Жеті мен сегіз,қандайкүшті дейміз!
Тоғыз менен он қарлығаш боп қон
Бас, иық, тізе ,табан
Көздер,құлақ, ауыз бен мұрын бар.
1.2.Оқушының дайындығын қадағалау.
2.Тыныс алу және ән айту жаттығулар.
Фортопиано аспабының көмегімен дауысты ашуға ,оятуға арналған ән жаттығуларды жасау.
Тыныс алу жаттығуы насос деп аталады.Жақсылап дем алып, дем шығарамыз.
Қолымызбен бірге жұмыс жасаймыз.Келесі тыныс алу жаттығуымыз шар деп аталады. Секундамер мен неше секунд дем ұстап тұратымызды санаймыз.
Ән айту жаттығу жұмысына көшеміз Даусымызды қыздыру үшін жабық дыбыстардан бастаймыз. Легатодан бастаймыз дыбыстарды үзбей айтамыз. Жабық ммм , ммм дыбысынан бастап,одан кейін дауысты дыбыстарға көшеміз
А-О-И-Ю-У , мииия ,да -дэ-ди-до-ду
Бра-брэ-бри-бро-бру жай темп пен орташа темп пен жылдам темп пен айтамыз. Әдемі қалай ойлайсын бұл ән жаттығу не үшін арналған жаттығу.Ия,дұрыс айтасын дикцияға арналған.Р дыбысына акцент қойып айтамыз.Бір тыныста айтамыз.
Ма-мэ-ми-мо-му ритмикалық суретін өзгертеміз.
3.Үй тапсырмасын сұрау .
Жетіген туралы мәлімет . Қазақтың халық әні: «Арман-ай»жаттап айту .
4.Жаңа сабақ
Ахмет Қуанұлы Жұбанов
(1906-1968)
Қазақ музыкасын зерттеуші , көрнекті ғалым , әйгілі композитор, дирежер.Қазақстанның халық әртісі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик. Ол Ақтөбе облысы Темір ауданында 1906 жылы 29 сәуірде өмірге келген.Мектепте жүргенде домбыра, скрипка аспаптарында шебер орындауды меңгерген. Музыкалық білімін Ленинградтағы музыкалық техникумда және консерваторияда жалғастырды. Ол халық күйлерін оркестрге лайықтап, нотаға түсірді. Ахмет Жұбановтың 300 -ден астам шығармалары бар.Ахмет Жұбановтың музыкатану саласындағы еңбектерінің ішінен «Құрманғазы » ,«Замана бұлбұлдары » кітаптарын ерекше атауға болады.Әндерін атап өтсек «Қарлығаш », «Ақ шолпан » ,«Әгугай» «Отан туралы ән» ,«Ақ көгершін»
Қарлығаш әнің жазған Ахмет Жұбанов . Сөзін жазған ақын драматург – Ибадолла (Ибади ) Матақов жазды.Ибади ағамыз Семейдің Абай ауданының тумасы , басқа пьесса да жазатын өнері бар.Ол кісі Отан соғысынан бұрын үйленіпті. Ал соғыс басталған 1941 жылы Алматыдағы Мемлекеттік хор капелласына Қостанай жағынан 17-18 жас шамасындағы бір көрікті қыз келіп, әншілік қызметке орналасады. Есімі Жәмила Ахметова 1924 жылы туған. Сол қызға Ибади ағамыз көзі түседі. Қатты ұнатады. Ғашық болады. Не керек, қыр соңынан қалмай жүріп, өз әйелінен ажырасып, сол Жәмилаға үйленіп тынады. Жарына арнап, «Қарлығаш» деген өлең шығарып жариялайды. Ол Кезде А. Жұбанов 35 -тегідей жас жігіт, ҚР еңбек сіңірген әртісі, Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестірінің бас дирежері, филармонияның көркемдік жетекшісі (Жәмила қызметі істейтін хор капелласында филармонияның қармағында .)А . Жұбанов И.Матақовтың арнау өлеңін ұнатып, ақынның келісімімен ән жазады. «Қарлығаш »әні өте сәтті шығады. Сахнадан, радиодан жиі орындалып, ән ел арасында тез тарап кетеді. «Қарлығаш »әнін қазақ эстрадалық әншілері заманауи өңдеуде орындайды. Ендігі кезекті әнге берейік . Бұл әнді ҚР қайреткері,әнші Қ.Әбдильдинаның орындауында тамашалайық.
Шығарманы оқытушы жетіген аспабымен орындайды.
Әнді нотамен талдау . Динамикалық белгілер кездеседі әннің басында mf-меццофорте орташа күшпен қайырмасында f- форте қатты айтамыз. Қайырмасының аяғында РР-пианиссимо өте ақырын айтамыз.Талдау , түсіндіру,вокализ бен әуендету.
Әннің жетіген аспабында тональділігі ля — минор, өлшемі2/4 екпіні , екпіні Moderato- ұстамды.Ән лирикалық әндерге жатады. «Қарлығаш »әні нәзікте , сымбатты, талшыбықтай бойжеткен бейнесін суреттейді.
Әнді бірге қосылып айту.
Қарлығаш
Қарлығаш әннің аты жырымды айтам
Сүйген жар , сүйіскен дос сырымды айтам ,Қарлығаш!
Айныма,асыл сәулем, берген серттен
Мен сендік, сен менікі шынымды айтам,Қарлығаш!
Қайырмасы :
Құралай көз, қолаң шаш
Алма мойын ,қиғаш қас
Сүйген сәулем қарлығаш
Ақтамақ ,қиылған қас, жазық маңдай
Әдемі ақша бетің , жауған қардай Қарлығаш!
Жайдары еркелеген жарқын мінез
Жарқ етсең,жадыратар жаққан шамдай , Қарлығаш!
5.Сергіту сәті:
Қолдың кординациясына арналған жаттығу.
- Қорытындылау
Сөз жұмбақ
Ж | Ұ | Б | А | Н | О | В |
А | Қ | Т | Ө | Б | Е |
К | О | М | П | О | З | И | Т | О | Р |
С | Ә | У | І | Р | ||||||
Л | Е | Г | А | Т | О | |||||
Ш | Е | Р | Т | П | Е | Л | І | |||
Л | Я | М | И | Н | О | Р | ||||
- Ахмет Қуанұлының тегі?
- Ахмет Жұбанов қай облыста дүниеге келді?
- Ахмет жұбанов кім?
- Ахмет Жұбанов қай айда дүниеге келді?
- Үзбей орындау?
- Жетіген қандай аспап?
- «Қарлығаш »әні қай тональділікте айтылды?
Үй тапсырмасы: «Қарлығаш »әнің жаттау 1шумақ пен қайырмасын.
Кері байланыс: БББ әдісі
Білемін | Білдім | Білгім келеді |
Талдыбаева Динара Оразовна ,
вокал пәнінің педагогы.
«Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы бойынша білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
«Өнер мектебі» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны