Сапалы білім беру – заман талабы

Жаңалық

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады, – К. Д. Ушинский. Адам баласы қандай мамандық иесі болмасын, қандай да бір жерде жұмыс атқармасын өзінің кәсібінің майталманы болуы керек, ал маманының майталманы болу үшін не керек? Әуелі, еңбек керек, ізденіс керек, өзін- өзі жан жақты адам ретінде, тұлға ретінде дамытуға деген талпыныс керек.

Еліміздің білім беру жүйесі терең де сатылы стратегиялық жаңғырту кезеңін бастан өткеруде. ХХІ ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамдарды қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда. Соған орай ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Жалпы құзыреттіліктің сипатына беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру деген түсіндірме берілген.Тұлға құзыреттілігін дамыту – ұстаздың құзыретті тәсілдерді меңгертуі, білім беру мазмұнын жетілдіру. Ол үшін баланы субъект ретінде қарап, оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу керек. Оның бастысы – оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушының оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады

Бүгінде әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдылықтарының  бірі – мектептегі білім беруді жаңарту.         Жаңа заман талабына сай білім беру – бүгінгі таңда өзекті мәселе. Ендеше шығармашылық қабілеті мол, жан-жақты дамыған азамат тәрбиелеуде жаңа педгогикалық технология қажет. Білім беру технологияларының басты мақсаты – білім беру сапасын арттыру, оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру. Бүгінгі жаңа қоғам мұғалімнің ішкі жан дүниесі де жаңаша, өйткені, ХХІ ғасырдың өскелең ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Орта кәсіптік білім беру жүйесінде сабақ беру жүйесінде, сабақ беру жүйесін әлемдік деңгейдегі талаптарды қанағаттандыратындай етіп құруда жаңаша ізденіс пен шығармашылықтың берері мол.

         Белсенді оқу – оқушылардың белсенді қызметпен айналысу арқылы мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін есте сақтап,  оны қолдана алуын қамтамасыз етуді көздейді.

         Ж.Аймауытұлының: «Сабақ барысында «баланың өзін еңбектендіріп, бірлестіріп, өз бетімен  білім тапқандай  қылса», «жұмсайтын материалдар даяр түрінде емес , балалар тәжірибе қылып, зерттеп, өз бетімен шешкендей, жұмыс жұмбақ түрінде берілсе»,- деген пікірі өте құнды.

 Белсенді оқу шынайы өмірден алынған  және ойдан шығарылған жағдайларды қолдана отырып, оқушыларды ойланып, күрделі мәселелерді шешуге жетелейді. Осы мақсатқа жету үшін оқыту технологиясының  бір жүйеге келтірілген Қанипа Бітібаеваның  құрылымы ұтымды. Мысалы, жоспарлы  тапсырмалар жүйесін жасау, өзіндік бағалау, іздендіруші  тапсырмалар жүйесін құру, дәлелдеу әдістерін атауға болады.

         Оқыту технологиясының ішінде  дамыта оқыту ең алдымен өтілгелі отырған  оқу материалының негізінде, оның басты ерекшелігіне сәйкес жүзеге асады. Оқу мақсатын шешу кезеңінде, яғни мұғалім  көмек беруші,  ұйымдастырушы, бағыт беруші  деңгейінде болады. (Мысалы:  түсіндір, дәлелде,  саралас, салыстыр, қорытынды жаса).

      Әдебиет сабағында  белсенді қолданып жүрген және тиімді тәсілдерді атап өтсек: «Оңай және қиын сұрақтар кестесі», «Кең ауқымды дәріс», «Бірін-бірі оқыту», «Сұрақтар кестесі».

       Оқушыларды іздендіру үшін сұрақ қоя білуде оның саналы ойлауы, жан-жақтылығы, білім мен біліктігі қалыптасады. Сонымен қатар, жоспарлы түрде жұмыс істеуге машықтану үшін мәтін бойынша жоспар құру әдетін қолдануға болады. Нәтижесінде оқушы мәтін бөлімдеріне қысқаша тұжырымдама жасап, әрбір оқиғаға ат қойып, өзіндік ізденуі мен білім дағдысын берік қалыптастырады. Мәтін бойынша түсініксіз сөздер тізбегін жасау, поэзиялық шығармаларды прозаға айналдыру тәсілдері де оқушының жан-жақты дамуына үлкен ықпал етеді. Бұл әдіс-тәсілдердің барлығы  —  әдебиет сабағында қамтылатын мәселелер.

    Мұғалімінің рухани, зияткерлік, шығармашылық деңгейі жоғары болса, ол мұғалім оқушының шығармашылық қабілетінің дамуына жол таба біледі.

         «Дамыта оқыту жаттанды іс-әрекеттерге сүйенбейді, оқушының жеке басын дамыту, білімді өз ізденістері арқылы алуды қамтамасыз етеді, шығармашылық еңбекке кең жол ашады. Ол оқушының шығармашылық ойлауына, ізденісіне, іс-әрекеттеріне түрткі жасайды, оны дәстүрлі оқытудағы өнімсіз еңбектен босатады. Оны зерттеуші, ізденуші биігіне көтереді. Оқытудың бұл түрінде сұрақтар, тапсырмалар жүйесі де басқа сипатта болады, яғни өз беттерімен орындалатын шығармашылық тапсырмаларға ерекше назар аударылады»,- деп Қ.Бітібаева айтқандай, теорияны практикамен ұштастыру мақсатында қазақ әдебиеті сабағында тірек-сызбалармен жұмыс жасау тиімді. Сондықтан сызбаларды сабақта жиі қолданамыз .   

1-кесте.

Өлең атыӨлеңде көтерілген проблемаӨлең идеясын ашатын шумақ
   

2-кесте.

Өлең сипаты, мәніТыңдаушыға әсері
  

3-кесте.

Өлең/шумақНегізгі ойТілмен кестеленуіЭмоциялық бояу, көңіл күй
    

           Критериалды бағалау — бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктер мен салыстыру үрдісі . Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты — жаңа үрдістегі оқытудың сапасын арттырады. Білім алушылардың білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру болып отыр.

Критериалды бағалау — бүгінгі білім жүйесіндегі жаңа талап. Оқушы сын тұрғысынан ойлау арқылы алдына мақсат қоя біледі. Әрі нәтижеге жетуге үлкен талпыс болатынын уақыт байқатып отыр. Сондықтан маңызды істі жауапкершілікпен атқарғанда ғана жұмыс жүйеленетіні белгілі.

    Бүгінгі білім жүйесіндегі жаңа  талаптың бірі – критерий бойынша бағалау.Бұл білім сапасын арттырумен бірге білім алушылардың білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру болып отыр.Өз тәжірибемде сабаққа мақсат қойғаннан кейін күтілетін нәтижеге жету үшін табыс критерийлеріне ерекше мән беремін.   Өз сабақтарымда бағалаудың әр түрлі тәсілдерін қолданамын. Яғни, бағалау парақтары арқылы өзін-өзі, жұптық, топтық бағалау, мадақтап қолпаштау, «екі жұлдыз, бір ұсыныс», әсіресе смайликтер арқылы бағалау балаларға ұнйды,қызығушылықпен жұмыс жасайды.Балалардың біліміндегі олқылықтарды дер кезінде анықтап,   келесі сабақтарда тапсырмаларды, сұрақтарды қалай қою керектігін басты незерда ұстанамын.    Қорытынды кезінде «Нені білемін, нені білдім, нені білгім келеді?» кестесін қолдану түсіну дәрежесін бағалауға көмектеседі.Оқушылармен тиімді кері байланыс орнату, қолдау, қолпаштау арқылы оқушылардың өздеріне деген сенімділігінің артатыны  байқадым.

         Мұғалім оқушыларға білім беру ортасын құра отырып, тапсырманы бергеннің өзінде де көп ойлану қажет. «Бірге ойлаймыз» дегендей әр оқушыны бірге ойланатындай бір-біріне ықпал етіп сабақты түсінетіндей жағдай жасау керек. Сонда мұғалім әр сабақтың басынан аяғына дейін жүйелі дайындалып, тапсырмалардың барлығын оқушыға бағыттауға көп іздену керек.

 Алайда, оқыту әдісін таңдау — күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Әр тақырып оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Соңдықтан, оқытуда әр түрлі әдістерді тиімділігіне қарай қолдану қажет.

         Қорыта айтқанда, білім беру мен білім алудағы тиімді әдістерді   баланың функционалды сауаттылығын арттыру  мақсатында тиімділігіне қарай  қолдану қажет.  Оқушы мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетіне жарата білу керек.  

        Үнді философы  Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті жаса» деген ілімін негізге ала отырып,тиімді әдіс-тәсілдерді   шығармашылық ізденіс арқылы білімімді оқушы бойындағы қабілетті жетілдіруге арнап, жұмыс атқарудамын.

Автор : Ахметова Анара Адилжановна,

Жоғары санатты,педагог-зерттеуші,   қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.