САБАҚТЫ ОЙЫН ТҮРЛЕРІ АРҚЫЛЫ МЕҢГЕРТУ

Жаңалық
САБАҚТЫ ОЙЫН ТҮРЛЕРІ АРҚЫЛЫ МЕҢГЕРТУ

Ойын – оқу үрдісінде оқытудың түрі әрі әдісі де бола алады.  Ойын мұғалім мен оқушы, оқушы топтарындағы бірлескен оқу әрекетінің технологиясы деп айта кетуге болады. Батсауыш сынып оқушыларының мектепке келерге дейінгі негізгі әрекеті- ойын.  Міне, осы ойын әрекеті арқылы оқушыларды біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетіне алып келуге болады. Өйткені оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады. Олар біртіндеп ойыннан сабақ барысында оқуға бейміделеді. Ал ол сабақ барысында пайдаланатын түрлі ойындар арқылы жүзеге асады.

Сабақта ұлттық құндылықтарды  бала бойына ойын түрлері арқылы сіңіру өте қызықты деп ойлаймын. Бала ойын ойнай отырып, қазақтың салт – дәстүрін, тағам түрлерін жақсы меңгеріп алады. Ойын түрлерін жан-жақты қызықты қылып құру әр ұстаздың өзіндік шеберлігі мен тапқырлығына тән. Әр ойынды құрастыру барысында мұғалім оқушылардың деңгейін, сабақтың мақсаты мен тақырыбын ескере отырып жасағаны дұрыс. Мысалы, әр түрлі әріптерді, буындарды, сөздерді меңгерту барысында «Сөзден –сөзге», «Білімдар», «Буындар», «Жалғасытыр» ойыны т.б.

«Сөзден –сөзге» ойыны. Бұл ойынның мақсаты: оқушының сөздік қорын кеңейту, есту қабілеттерін арттыру.  Тапсырмада белгілі бір әріпті алып, мысалы, «Қ» әріпінен басталатын қазақтың ұлттық тағамдарын атату.

Ойын шартына келсек, бірінші оқушы бір тағамның атын атайды да келесі оқушы сол тағамның атын қайталап, екінші тағамды атайды, үшінші оқушы бірінші және екінші оқушы атаған тағам аттарын атап барып, өзі білетін тағамды атайды. Топтағы соңғы оқушы алдында талған тағамдардың бәрін атап барып, соңынан өзі тағам атын қосады. Бұдан не байқаймыз? Оқушы бір сөзді бірнеше мәрте қайталап шығады өзі одан басқа жаңа сөз қосуға тырысады. Яғни баланыі есте сақтау, өзгені тыңдай білу қабілеттері артады, ұлттық тағамдардың атын біледі,сөздік қоры молаяды. Міне, бір ойын арқылы бірнеше мақсатқа жетуге болады. Бұл жерде міндетті ұлттық тағамдарды ғана қолданбай, тіпті әдебиет сабағында шығармадағы кейіпкерлерді атату арқылы да қолдануға болады. Тек бір әріппен шектеліп қалмай.

САБАҚТЫ ОЙЫН ТҮРЛЕРІ АРҚЫЛЫ МЕҢГЕРТУ

«Білімдар» ойыны. Мұғалім үстел үстіне әріптерді арнайы қатарға бөліп тізіп қояды. 1 – қатар – жуан дауысты дыбыстар, 2- қатар –жіңішке дауыты дыбыстар, 3 – қатар үнді дауыссыз дыбыстар, 4- қатар – ұяң дауыссыз дыбыстар, 5- қатар – қатаң дауыссыз дыбыстар. Мәне осылай тізілген дыбыстар қатары оқушыларға көрсетіліп, олардың әр тобынан бір оқушыдан шығыпғ арнайы берілген сөзге, мысалы, «ДАСТАРХАН» сөзіне сөзжұмбақ құрғызу. Ойын барысында Дастархан сөзі сөзжұмбақтың ережесіне тән тігінен не көлденеңінен қолданылуы керек және не сөз басында, не ортасында не аяғында қолданылса ойынның қызықты болғаны.

Бұл ойыннан біз оқушылардың ойлау қабілеті, шапшаңдығы, білімділігін байқаймыз.

«Буындар» ойыны. Оқушылардың ойлау қабілеттігі мен зеректіктері, ұйымшылдығы мен  шапшаңдықтары, ынтымақтастықта жұмыс жасай алулары артады.  Әр топқа әр түрлі түстегі кофертке салынған қималы буындар беріледі. Әр топ өздеріне берілген буын түрлерінен белгілі уақытқа сөз қрайды. Топ оқушыларының құраған әр сөзі 1 ұпаймен есептеліп отырады.

Осы ойынның келесі түрі бір буынды бір сөзде қолдану. Бұл жағадайда буындар сөз басында, ортасында не аяғында қолданыла береді.

Оқушы екі жағадайда да буынды ашық нақ айтуы ескеріледі. Екі жағадайда да оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында, шатастырып  арнайы қате буын жасап қойған дұрыс. Мысалы, ЖУ, ЖЖ; ЖО, ДУ, СУ, УУ, ДД дегендей. Бұл жерде әдейі буын бола алмайтын қатарлар бар.

2-3 сынып оқушыларымен «Жалғастыру» ойынын ойнаған өте жақсы. Бұл орайда жағдаяттық тапсырма беріп, оқушылардың тапқырлығын және бір – бірінен үйренері бар екендерін көрсету. Мысалы, 1 – топқа «Бауырсақ пісіру» 2- топқа «Қуырдақ пісіру» жағадаяттарын беру.

1-Топ. Үйге қонақ келіп қалды. Келген қонақтарға бауырсақ  пісіріп беру керек. Берлген кестенің бір қатарында зат есімдер жазылса, екінші қатарында етістіктер жазылады. Берілген сөздермен  сөздерді сәкестендіре отырып, сөйлем құрып, бауырсақтың пісіру ретін айтады.

САБАҚТЫ ОЙЫН ТҮРЛЕРІ АРҚЫЛЫ МЕҢГЕРТУ

2-Топ. Үйге қонақ келіп қалды. Келген қонақ өте сыйлы қонақ. Алайда ет асқанға ет аз, сондықтан келген қонаққа қуырдақ қуырып беру керек. Өйткені үйде қуыратын етке керек  картоп та, пиаз да бар. Кестеде берілген сөздерді пайдаланып, қуырдақты қалай қуыру керек? Берілген сөздермен  сөздерді сәкестендіре отырып, сөйлем құрып, қуырдақтың пісіру ретін айтады.

«Бауырсақ» пісіру.

Зат есімдер. Керекті заттар.Етістіктер
Айран Тұз Құмшекер Сары май Сода Ащытқы Сұйық май Дастахан ШайҚыздыру Қосу Араластыру, Илеу, Жаю, Кесу, Пісіру, Қою, Беру

«Қуырдақ» пісіру

Зат есімдер. Керекті заттар.Етістіктер
Өсімдік майы Таба, Туралған ет Пияз, Картоп Бұрыш Тұз Дәмдеуіш  Қыздыру Қуыру Араластыру, Қыздыру Турау Кесу, Пісіру, Салу Дәмін көру

Сонымен ойын дегеніміз –баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі.  А. С Макаренко  «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады», —  деген екен.  Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу – бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын – балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі.

Белгілі педагог В.А. Сухомлинский айтқандай: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, фонтазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды!». Ендеше, баланы ойынға қатыстырып үйрету арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп сабақ өткізген ұтымды.

Пайдаланынған әдебиеттер.

  1. Тілдерді оқыту үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану. Алматы 2010ж
  2. Бастауыш мектеп, №3, 2003, А.Әбішева «Ойын элементтерін пайдаланудың педагогикалық ерекшеліктері»,
  3. Қазақ тілі (дидактикалық материалдар) Алматы кітап 2010ж.
  4. Бастауыш сыныпта оқыту. Алматы,2010ж.

Қыдырқожа Мәдина Мұратқызы,

педагог – модератор, бастауыш сынып мұғалімі.

 «Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп – гимназиясы» КММ

Талдықорған қаласы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *