WORLDSKILLS  ZHETYSU 2024

WORLDSKILLS  ZHETYSU 2024

Lifestyle Tech Жаңалық Технология
WORLDSKILLS  ZHETYSU 2024

Жетісу облысы әкімінің орынбасары Көлбаев Марлен Қапашұлы «WorldSkills Zhetysu -2024» чемпионатының жарыс алаңдарымен танысты. 

Аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты 20-24 мамыр аралығында «Вeb-технологиялар», «Бизнес үшін  ІТ шешім», «Графикалық дизайн», «Инженерлік графика Cad», «Ақпараттық кабелдік желілер», «Кондитерлік іс», «Шанақ жөндеу», «Кескіндеме және сәулет өнері», «Шаштараз өнері», «Наубайхана ісі»,  «Аспаз ісі», «Бастауыш сыныптарда білім беру», «Прототиптеу», «Ұялы қосымшаларды бағдарламалау», «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету»,  «Дәнекерлеу технологиялары», «Ақпараттық кәбелдік желілер» «Сән технологиясы», Электромонтаждық жұмыстар», «Электроника», «Әлеуметтік медициналық күтім», «Отель-ресепшионист», «Мектепке дейінгі тәрбие», «Жиhаз өндірісі», «Видеомонтаж», «Ветеринария», «Бұлттық технологиялар», «Киберқауіпсіздік»құзіреттіліктері бойынша Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасы, Талдықорған сервис және технология, Талдықорған агро-техникалық, Талдықорған гуманитарлық-техникалық, Талдықорған жоғарғы медициналық, Көксу ауылшаруашылық, Текелі кәсіптік,Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледждер мен І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті колледжінің және базаларында өткізілуде

Облысымыздағы  аймақтық чемпионаттың  дамуын аймақаралық кәсіби шеберлік чемпионатының ұйымдастырылуынан байқауға болады. Бүгінде Қырғызсатн Республикасы, Өскемен, Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы қаласы колледждерінен және бизнес өкілдерінің қатысушылары кәсіби шеберлігін сынға салуда.

Аймақтық чемпионатқа облысымыздан және өзге өңірлерінен 175 студент 28 құзіреттілік бойынша қатысуда.

Чемпионат жеңімпаздары Жетісу облысының командасы құрамында 2024 жылы Астана қаласында өтетін Ұлттық чемпионатқа 25 құзіреттілік бойынша қатысатын болады.

Қызмет бағыты

Техникалық және кәсіптік білім беру

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *