Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары

Дене шынықтыру

Автор: Байтаев Болат Егімбайұлы, Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы «Доланалы негізгі мектебі мектепке дейінгі шағын орталғымен» комуналдық мемлекеттік мекемесі, дене шынықтыру мұғалімі

Қазақ халқы қашанда «Бірінші байлық — денсаулық» деп денсаулыққа, салауатты өмір салтын ұстануға бас назар аударған. Иә,шынында да дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі. Салауатты өмір салтын ұстануда спорттың ролі зор. Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы арқылы қол жеткізуге болады. Дене қозғалысы адам ағзасын дамытып, жұмыс істеу қабілетін арттырады, ауруды алыстатып, өмірді ұзартады. Денсаулық — адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы. Адам денсаулығын сақтау және нығайту  — тек медицина мамандарының ғана емес, сонымен бірге білім беру ұйымдарының негізгі мақсаты мен міндеті болып табылады. Себебі, шәкірт денсаулығының жағдайы оның оқу үлгеріміне , мінез-құлқына , сыныптастарымен қарым-қатынасына тікелей әсерін тигізетін фактор. Сондықтан да,қазіргі таңда төрткүл дүниені мойындатқан тәуелсіз еліміз осы мақсатта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын жанына серік еткен бәсекеге қабілетті тұлғаларды тәрбиелеуді басты талап етіп қойып отыр. Осы орайда мектептегі дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің атқаратын қызметі мен орын ерекше.

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары

Дене шынықтыру пәнін оқыту оқушыларға :

  1. пән туралы білімдерін, шеберліктері мен дағдыларын күнделікті өмірде қолдануға;
  2. қимыл -қозғалыс дағдыларын жақсарту және оқушылардың дене дамуын жетілдіру қажеттіліктерін бағалауға;
  3. адамгершілік қасиетін дамытудың маңыздылығынтүсінуге жіне әділ бәсекелестік пен өздерін үздіксіз дамытудың қажеттіліг түсінуге ;
  4.  жеке гигиена туралы ережелерін сақтау қажеттілігін түсінуге;
  5. дене қимыл-қозғалыс жаттығулары адамның дене жүйелеріне әсерін білуге;
  6. сыни тұрғыдан , шығармашылық ойлау қабілеттерін және коммуникативтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. [Дене шынықтыру пәні әдістемелік нұсқаулық]

Бүгін еліміз білім беру саласына біршама өзгерістер енгізуде. оның бірі де бірегейі жаңартылған блім мазмұны. Осы тұрғыда білім беру саласында оқушылар үшін білім де, дағдылар да тең дәрежеде маңызды деген ортақ ұстаным қалыптасуда.  Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймайғ оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады. XXI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Ал, шәкірттің бойына білім мен дағдыларды бір уақытта сіңіре білу үшін, мұғалімде  Шульман атап айтқан «үш көмекші» қасиеттердің болуы маңызды рөл атқарады деген ойдамын. Яғни, бас  — кәсібитүсінік, қол -оқудың тәжірибелік дағдылары , жүрек — кәсіби -адамгершілік тұтастық. [«Интербелсенді әдіс тәсілдерді сабақта қоладну» А.Әлімов]

Осы «үш көмекшіні » бір арнада тоғыстыру үшін оқытудағы жеті модульдің басты идеяларын сабақта ықпалдастыра алу қажет деп есептеймін. Оқушының білім алуға деген құштарлығын ояту үшін бүгінгі таңда ұстаздар қауымының көп ізденуі, сабақтың тиімді өтуі үшін бүгінгі таңда ұстаздар қауымының көп ізденуі , сабақтың сапалы өтуі үшін жұмыс жасауы қажет. білім сапасы оқушының білім алуға деген ынтасы мен ықыласына , қызығушылығына байланысты . Ал білімді де білікті шәкірт тәрбиелеуде мұғалімнің оқу үдерісіне өзгеріс енгізіп, сабақтың сапалы өтуі үшін жоспарды дұрыс құра білу маңызды. Яғни, сабаққа смарт мақст қоя отырып, оның күтілетін нәтижесін анақытап, мақсатқа жетуге бағытталған әдістер мен тапсырмаларды тиімді таңдай алуы шарт.

Сонда өз іс-әрекетіне баға бере алатын , ойлау қабілеті жоғары , өзіндік көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиеленеді.

Жаңартылған білім мазмұнында психологиялық ахуал қалыптастыруға ерекше мән берілуде. Себебі, сыныптағы оқушылардың өзін-өзі сабақ барысында еркін сезінуіне , айтылған пікір мен көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиеленеді.

Жаңартылған білім мазмұнында психологиялық ахуал қалыптастыруға ерекше мән берілуде. Себебі, сыныптағы оқушылардың өзін-өзі сабақ барысында еркін сезінуіне, айтылған пікір мен көзқарасы қабылдау мен түсінуіне оң әсерін тигізеді.

 Осы мақсатта дене шынықтыру сабақтарында «Өрмекші торы», «Капитандар», «Түрлі түсті алақан», «Сағат достары», «Реттік санаңды тап», деген сынды ойын, жаттығулар өткізуге тиімді. Сонымен қатар, білім беру мазмұнына енгізілген ең негізгі ерекшелік бағалау. Оқушылардың нақты білім деңгейін анықтау пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ынтасын оятуда жаңа бағалаудың , яғни қалыптастырушы бағалаудың маңызы зор. Сабақтарда үнемі қалыптастырушы бағалауды пайдаланып отыру біршамажетістікке жетелейді. Себебі, бұл бағалау оқушы мен мұғалімге оқу үрдісіндегі олқылықтарды толықтыруға , оқушының білім деңгейіне жоғарылатуға талпынуына ықпал ете алады. Сабақ барасында оқушыларды ауызша мақтау , мадақтау , смайлик, ақша таңбалары арқылы марапаттау арқылы бағалауды ынталандыру мақсатында пайдалануға болады. Тек оның әрқайсына түсініктеме беріп отыру қажет. Өйткені, оқушы оған бағытталып айтылған мақтау мен мадақтаудың , алған марапатының не үшін берілгеніне хабардар болуы шарт. Сонымен бірге, оқушылардың оқу процесіне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Үш шапалақ», «Отшашу», «Бағдаршам», «Бас бармақ», «Көлік түрлері арқылы» бағалау ; оқушылардың ілгерілеуі туралы ақпарат алу үшін критерий арқылы бағалау түрлерін пайдаланған жөн.

    Қалыптастырушы бағалаудың нәтижесінде :

  1. оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдылары қалыптасады
  2. оқушылар жүйелі түрде кері байланыс ұсынуға дағдыланады
  3. оқушыларға олардың жұмысының сапасы туралы ақпарат беріледі
  4. мұғалмдердің оқушылардың алға ілгерілеуі туралы ақпарат ұсынылады
  5. ата-аналарға балаларының оқу нәтижелерінің деңгейі туралы ақпарат ұсынылады.

Осылайша, тиімді оқыту  және оқу мақсатында оқушылардың түсіну деңгейін анықтау үшінолардың оқу мақсаттарына жеткендігінің немесе алға ілгерілеуінің деңгейі қадағаланады.

Дене шынықтыру пәнінің жеке тұлғаны тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Ол оқушының дене дамуына, сондай-ақ әлеуметтік, дерьес және рухани қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.Оқушының қабілеті мен бейімділігіне баса назар аудара отырып, спортқа деген қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында сабаққа әртүрлі интербелсенді  әдістерді пайдалануға болады.  1997 жылы Кокс өз еңбегінде  «АКТ оқушыларды танымдық және метатанымдық тапсырмаларды  орындауға қатыстыруға ынталандыра алады» деп атап айтқан болатын. Осы ойды негізге ала отырып, «Ой шақыру», «Жаңа тақырыпты түсіндіру» кезеңдерінде АКТ-ны пайдаланып тақырыпқа байланысты спорт түрлерін шығу тарихын, спрот түрлері дамыған елдерді , спорттың әр саласындағы белгілі спортшылар өмірін бейнелейтін бейнежазбалар көрсету оқушылар үшін өте әсерлі болады.  Ойын іс әрекеттері арқылы -оқу үрдісінде білімді меңгеруде өте маңызды орынға ие . Оқу әдісі ретінде ойын іс-әрекетін қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ойын барысында оқытудың жеке, жұптық , топтық формалары жүзеге асады. Оқушылардың сабақтағы топтық іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған ойын әдісі арқылы , олардың шағын топтың өзге мүшелерінің пікірін тыңдай білу, тыңдай отырып өзін-өзі реттеу дағдылары дами түседі. Сонымен қатар теория мен практиканы ұштастыру мақсатында  «Сұрақ жауап», «Ретін тап», «Іс -қимылды толықтыр» сынды әдістерді пайдалануға болады. Оқушы сұрақтарға жауап бере отрып, оны практика жүзінде көрсетеді , белгілі бір ойындағы іс-әрекетерді суреттер арқылы ретімен орналастырады. Мұндай тапсырмалар барысында оқушылардың  ойлау, дәлелдей білу дағдылары қалыптасады. Дене шынықтыру пәнінде жаңа әдіс-тәсілдерді қолданумен қатар , оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып , білім сапасын арттыруды сыныптан тыс спорттық іс-шаралардың да маңызы зор түрлі бағыттағы жарыстар , тоғызқұмалақ , арқан тартыс, аударыспақ, тенис сында ойын түрлерін өткізі оң ықпал  етеді. Осындай жұмыстарды жүргізу нәтижесінде  оқушылардың спортқа  деген белсенділігі, бейімділігі арта түседі. Жаңа білім  мазмұнның негізі мақсаттарының бірі өз бетінше даму аймағын қалыптастыра алатын тұлға тәрбиелеу. Мұндай түсінікке психолог Лев Выготский «Жақын арадағы даму аймағы» деген атау берген. Яғни оқушының өз бетінше шешкен міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталған болжамды даму  деңгейі арасындағы қашықтық. Негізінде, бұл түсінік адам өз бетінше игере алмайтын немесе көрсете алмайтын , бірақ біреудің көмегімен үйренуге болатын барлық білімдер мен дағдаыларды қамтиды. Сабақ барысында  осындай қиындықтар кездескен жағдайда  Мерсер мен Фишер еңбектерінде  ерекше назар аударылған «көпіршелер» метафорасын еске алған жөн. «Көпіршелер» — оқушының біреудің көмегінсіз орындай алмайтын тапсырманы орындауына мұ,алімнің араласуы мен қолдау көрсетуі болып табылады.

Білім — қоғамды алға жетелейтін , рухани мұраны сақтайтын , ұрпақ пен ұрпақты өзара сабақтастыратын құрал. Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін  тиімді қолдану , жаңа технологияны  әркім өз сабағында пайдалану арқылы оқушыларды халықтың дәстүр үрдісінде адамгершілікке , салауатты өмір сүруге баулу, дені сау ұрпақ тәрбиелеу — дене тәрбиесі пәні мұғалімдердің басты міндеті . Жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отансүйгіштікке дайындауда дене тәрбиесі пәні орасан зор рөлге ие. Себебі, дене тәрьиесі пәні өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие  беру саласының бір тармағы болып табылады. Қоғамның болашағы — оқушыларға ұжымдық тәрбие беруде дене тәрбиесі  сабағында дене шынықтыру жаттығуларын спорттық ойындарды өткізудің рөлі зор. Шәкәрім атамыз «адамның жақсы өмірі сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым  болатын — адал еңбек , мінсіз ақыл , таза жүрек» , -деген еді. Көзге көрінбейтін  нәзік сезімді , аса құнды қасиеттерді  жүрекке жеткізу  кәсіби құзіретті  мұғалімнің ғана қолынан келеді. Дене тәрбие мамандарының басты мақсаты салауатты өмірге жас  жеткіншектерді баулу, оны қалыптастыру болып табылады. Жүзінен күлкі жүрегінен  жалын , саналы сезім төгіліп тұрған жас ұрпағымыздың денінің саулығы  — біздің егемен еліміздің  кемел келешегінің келбеті. Яғни, келешек ұрпағымыздың денсаулығы , жігері, қайраты, білімі егемендігіміздің  беделі , еліміздің мақтанышы болмақ.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Дене шынықтыру пәні әдістемелік нұсқаулық

2. «Интербелсенді әдісдерді сабақта қолдану » А.Әлімов Алматы, 2009 ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *