Когда “социальная миссия” превращается в схему

Автор: Тазабек Самбетбай В Казахстане набирает обороты история, которая ставит под сомнение честность некоторых представителей частного сектора образования. За фасадом красивых школ и лозунгов о заботе о детях, как утверждают пострадавшие, может скрываться схема с многомиллионными займами, которые так и не возвращаются. Кто стоит за проектами Супруги Серикбай и Марьяш Тлеубаевы — известные в предпринимательских […]

Читать далее

Әлемдік деңгейдегі білім ордасы: ҚазҰУ-дың жаңа белестері

Авторы: Гүлназым Супугалиева, ҚазҰУ, «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы Уақыт өз арнасымен ағып жатқанмен, кейбір мекендер бар – сол уақыттыңөзін тоқтатып, жаңа бір кеңістікке жетелейтін. Қазақ даласының жүрегінде, күннің нұрындай жылы, тарихтың үні мен болашақтың лебін қатар сездіретінсондай оқу орындардың бірі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситеті. Бұл қарашаңыраққа енген әрбір жан білімнің ғана емес, рухтыңда сәулесін бойына сіңіріп шығатыны бекер емес. ҚазҰУ – жай ғана университет емес. Ол – ғасырлар тоғысындағы көпір, ұлттық ойдың биігі, ғылым мен парасаттың шамшырағы. Бүгінгі жаһандықжарыста ол жаңа тынысын тауып, жаңа биігіне бет алып келеді. Университет қабырғасында енді тек дәріс оқылмайды, мұнда идеялар туып, болашақтыңбейнесі жасалады. Жас ғалымдардың қиялы мен тәжірибелі ұстаздардыңпарасаты бір арнаға тоғысып, заманауи зертханаларда ғылымның жаңапарақтары жазылып жатыр. Үлкен әлемге шығудың жолы – ғылыми жетістіктер мен сапалы білім. ҚазҰУосы жолда өзіндік қолтаңбасын анық қалдырып келеді. Әлемдікрейтингтердегі тұрақты өсу – бұл бір ғана сандық көрсеткіш емес, тұтасжүйенің нәтижесі, мыңдаған адамның ерен еңбегінің көрінісі. Университет есімі енді әлемдік білім ордаларының қатарында құрметпен аталады. Қазақжерінен шыққан университеттің беделінің осылай асқақтауы – ұлттықрухтың да биіктегені. Биылғы жаңа оқу жылында ҚазҰУ-ға барлық білімберу деңгейлері бойынша 11 530 талапкер қабылданды. Соның ішінде 1-курсқа 6625 студент, сондай-ақ 1000-нан астам магистрант және 514 докторант оқуға түсті. Сонымен бірге университетіміздің білім алушыларқатары 3400-ден астам шетелдік студентпен толықты.Ағымдағы жылыуниверситет 562 білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда. Оның 149-ы – бакалавриат, 285-і – магистратура, 128-і – докторантура бағдарламалары. Уақытпен бірге өзгеру – сұраныс. Ал өзгерудің өзегіне рухты қосу – шынайыданалық. ҚазҰУ цифрлық технологияларды игере отырып, ұлттық дәстүрдіде жоғалтпай, рухани сабақтастықты сақтап келеді. Мұнда тек техникалықжетістіктерге ғана емес, адам болмысының тұтастығына, оның ішкі әлемінеде ерекше мән беріледі. Студенттер зертханаларда тәжірибе жасап қана қоймайды, олар ғылымғағашық болуды, білімге адал болуды үйренеді. Бұл ортада тәрбиеленген жас – ертеңгі қоғамның қозғаушы күші, елдің абыройын асырған азамат. ҚазҰУ қалашығына кірген әркім өзін бір ерекше дүниеге тап болғандайсезінеді. Бұл шағын қалада бәрі бар: ғылымның дауысы, жастықтың күлкісі, тармақталған кітап сөрелеріндегі мыңдаған тағдырдың сыры, спорт алаңындағы серпін, шығармашылық кештердің жүрекке жылу сыйларшуағы.Әрбір корпус – білімнің сарайы. Әрбір аудитория – арманға жол ашарәлем. Ал әрбір студент – осы үлкен симфонияның ерекше нотасы. Әл-Фараби айтып кеткен «Қайырымды қала» идеясы бүгінде университет өмірінің басты философиясына айналған. Бұл – тек білім алатын емес, ізгілікпен парасат тұнған орта. Мұнда студенттер біліммен қатар адамдық қасиетті, ынтымақты, мейірімді, қоғамға қызмет етудің жауапкершілігін үйренеді. Университеттің миссиясы – әлемді жақсы жаққа өзгерте алатын жаңа буындытәрбиелеу. ҚазҰУ-дың жаңа жетістіктері – келешекке сеніммен қарауға мүмкіндікберетін үлкен белестер. Зерттеу университетіне айналу жолындағы ұмтылыс, жаңа инфрақұрылым, халықаралық серіктестік – мұның бәрі тек бүгінніңемес, болашақтың да игілігі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – өткеннің құдіреті мен келешектің үмітін тоғыстырған, рухы биік, ойы терең, әлемдік деңгейдегібілім ордасы. Ол – уақытпен жарысып келе жатқан парасат керуені, жаңабелестерге бет алған мәңгілік шамшырақ.

Читать далее

«ҚАЗҰУ — кәсіби білім мен ғылыми ізденістің ордасы»

Авторлар: Жансая ҚЫРҚЫМБАЙ, Әл-Фараби атындағы ҚазақҰлттық УниверситетіЛогистика мамандығының 4 курс студентіКамилла РЫМБЕКОВА, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Логистика мамандығының 4 курс студентіЖетекші: Айгүл БОЛТАЕВА, «Бизнес-технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы. Қазақ халқы үшін білім — ұрпақтың рухани және материалдық өркендеуінің негізі. Бұлұғым ғасырлар бойы халқымыздың мәдениеті мен тұрмысында маңызын жоғалтпай, ардақты құндылық ретінде сақталып келеді. Бүгінгі таңда Қазақстанның білім мен ғылымсаласындағы көшбасшысы деп күмәнсіз Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінайтсақ болады. Бұл оқу орны елдің ғана емес, ТМД елдерінің де білім жүйесінде беделіжоғары, кәсіби мамандарды даярлаудағы негізгі орталықтардың бірі. ҚАЗҰУ — ұлттыңрухани қазынасы, ғылыми ізденістер мен білімнің тоғысқан ордасы. Ол еліміздіңстратегиялық даму бағыттарына сәйкес кәсіби білікті кадрлар дайындаумен қатар, әлемдікғылыми қауымдастықта белсенді орын алып, Қазақстанды интеллектуалдықкөшбасшылардың қатарына енгізуде. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетініңтарихы ғасырлар бойы сабақтасып, ұлы ойшылдың атымен аталған бұл оқу орны бүгінгітаңда заманауи білім беру жүйесінің үлгісіне айналды. Университеттің негізгі миссиясы— Қазақстанның және бүкіл әлемнің сұраныстарына жауап бере алатын кәсібимамандарды даярлау. ҚАЗҰУ-да білім тек теориялық негізде ғана емес, сонымен қатарпрактикалық дағдыларды меңгеруге бағытталған кешенді жүйеде беріледі. Университеттіңоқу бағдарламалары еңбек нарығының талаптарына сай үнемі жаңартылып, технологиялық прогресс пен әлеуметтік өзгерістерді ескереді. Жастарды білім нәріменсусындатып қана қоймай, олардың бойына инновациялық ойлау мен шығармашылыққабілеттерді дарыту ҚАЗҰУ-дың ең басты мақсаты. Мұнда оқитын әр студент — елдіңдамуына өз үлесін қосатын, кәсіби білім мен ғылыми ізденісті үйлестірген жаңа буынмаман. Университет — бұл тек білім мекені ғана емес, сонымен бірге ғылымижаңалықтардың, мәдени құндылықтардың, елдің рухани болмысының қайнары. Қазіргіәлемдік білім беру жүйесі күрделі әрі жылдам өзгерістерге ұшырап отыр. Осыған сайҚАЗҰУ-дың білім беру бағдарламалары да заманға сай икемделіп, әрдайым өзектілігінсақтап келеді. Университет бірнеше тың бағыттар бойынша мамандар даярлайды: цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, биотехнология, логистика және тағы басқасалалар. Бұл мамандықтар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізінқұрайтын сала болып табылады. Білім беру үрдісі барысында ҚАЗҰУ студенттерге кеңауқымды теориялық білім берумен қатар, өндірістік тәжірибе мен зерттеушілікжұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді. Университеттің барлық кафедралары мен ғылыми орталықтары қазіргі заманғы технологиялармен жабдықталған, бұл болашақмамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстанның заманауиэкономикасы мен қоғамы кәсіби, білімді мамандарға деген сұранысы үнемі артып келеді. Сол себепті ҚАЗҰУ түлектері еліміздің түрлі салаларында жоғары лауазымдарға иеболып, маңызды жобаларды басқарады. Олар – елдің жаңа тынысын ашатын, инновация мен дамудың алдыңғы шебінде жүрген мамандар. Ғылым мен білім — өзара тығызбайланыстағы ұғымдар. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғылыми-зерттеужұмыстарына ерекше мән береді. Бұл университет ғалымдары еліміздегі ең күрделіғылыми мәселелерді зерттеп, жаңа технологиялар мен әдістемелерді игеруде. Университеттің ғылыми әлеуеті биотехнология, экология, нанотехнология, жасылэнергетика, цифрлық экономика сияқты бағыттарда айқын көрініс табады. Ғылымизерттеулердің нәтижелері тек қана теориялық сипатта қалып қоймайды, олар еліміздіңөндірістік және әлеуметтік секторларына тікелей ықпал етеді. Мысалы, ҚАЗҰУ ғалымдары климаттық өзгерістерге қарсы технологияларды дамытуда және экологиялықтұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды жүзеге асыруда. Бұл жұмыстыңнәтижесінде Қазақстанның экологиялық жағдайын жақсартуға айтарлықтай үлесқосылуда. Университет ғалымдарының халықаралық ғылыми журналдардажарияланымдары көптеп шығып, зерттеу жобалары халықаралық деңгейде бағаланады. Мұндай жетістіктер ҚАЗҰУ-дың ғылыми әлеуетінің жоғары екенін және әлемдік ғылымиқауымдастықпен тығыз байланыста екенін көрсетеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситетінің профессорлық-оқытушылық құрамы — университеттің ең бастыбайлығы. Мұнда еліміздің, сонымен қатар шетелдің жоғары білікті ғалымдары мен педагогтары қызмет етеді. Ерекшелеп айтып кететін болсақ, Экономика және Бизнес жоғары мектебі факультетінің Бизнес технологиялар кафедрасында еңбек ететіноқытушылар заманауи бизнес пен логистика саласындағы соңғы трендтерді жақсымеңгерген, тәжірибелі мамандар болып табылады. Логистика мамандығы бойыншастуденттер кәсіби білім мен тәжірибені қатар алып, әлемдік деңгейдегі компаниялар мен ұйымдарда жұмыс істеуге дайындалады. Мұндай жоғары білікті оқытушылар құрамыныңарқасында студенттер өз саласында көшбасшы болуға қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгереді. Олар студенттерге сапалы білім берумен қатар, олардың ғылыми зерттеу қабілеттерін дамытуға барынша жағдай жасайды. Оқытушыларшетелдік жетекші университеттерде тәжірибе жинап, халықаралық жобаларға қатысаотырып, білім беру сапасын үздіксіз жетілдіруде. Бұл факторлар студенттердің әлемдікдеңгейдегі білімі мен біліктілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Профессорлар мен доценттер тек білім берумен шектелмей, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, студенттерді ғылыми зерттеулерге тарту арқылы жас ғалымдарды тәрбиелейді. ОсылайшаҚАЗҰУ-да ғылыми мектептер дамып, жаңа буын мамандардың қалыптасуы үшін қажеттіорта қалыптасады.  Бүкіл Орталық Азияның білім беру мен ғылыми зерттеу саласындағыхалықаралық деңгейдегі өкілі ретінд университет 650-ден астам шетелдік жоғары оқуорындарымен серіктестік орнатқан. Бұл студенттер мен оқытушыларға халықаралықғылыми және білім беру жобаларына қатысуға, тәжірибе алмасуға, шетелдіктағылымдамаларға баруға мүмкіндік береді. Университет халықаралық конференциялар, симпозиумдар, ғылыми фестивальдер мен студенттік олимпиадаларды тұрақты түрдеұйымдастырады. Бұл шаралар студенттердің ғылыми әлеуетін шыңдап, олардыңшығармашылық және зерттеу дағдыларын дамытуға септігін тигізеді. 2024 жылы ҚАЗҰУ халықаралық ғылыми инновациялық көрмесін алғаш рет Қытайдың Үрімші қаласындаөткізді. Бұл шара университеттің халықаралық деңгейдегі беделінің артуына, сондай-ақғылыми-өндірістік ынтымақтастықтың кеңеюіне септігін тигізді. Білім ордасындастуденттердің жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөледі. Университетте спорттық, мәдени, қоғамдық және ғылыми іс-шаралар кеңінен ұйымдастырылады. Бұл студенттердіңкөшбасшылық қабілеттерін дамытуға, олардың белсенді азамат ретінде қалыптасуынаықпал етеді. Жыл сайын өткізілетін ғылыми фестивальдер, дебат турнирлері, шығармашылық байқаулар студенттердің өзін-өзі дамытуына зор мүмкіндік береді. Университеттің студенттік ұйымдары мен қауымдастықтары елдің рухани және мәдениөміріне де белсенді үлес қосады. Сонымен қатар, ҚАЗҰУ студенттері арасындаволонтерлік қозғалыс кеңінен дамыған. Олар әлеуметтік жобаларға қатысып, қоғамдағымаңызды мәселелерді шешуге көмектеседі. Мұның бәрі студенттердің азаматтықжауапкершілігін арттырып, олардың қоғамға тиімді әсер ететін тұлға болып өсуінемүмкіндік береді. Заманауи инфрақұрылым ҚАЗҰУ-дың білім беру сапасының тағы біркепілі болып отыр. Университеттің оқу корпустары, зертханалары, кітапханалары мен спорт кешендері студенттерге жоғары деңгейдегі білім алу үшін қажетті жағдайлардықамтамасыз етеді. Жаңа ғимараттар мен оқу алаңдары заманауи құрылғыларменжабдықталған. Зертханалар ең озық технологиялармен қамтамасыз етіліп, студенттергеғылыми зерттеулер жүргізуге толық мүмкіндік береді. Сонымен қатар, университеттеэлектронды оқу жүйелері, қашықтан білім беру платформалары мен сандық ресурстаркеңінен қолданылады. Бұл әсіресе қазіргі заманғы білім беру үрдісінде аса маңызды. Қазіргі жаһандану дәуірінде логистика — бизнес пен экономика саласындағы ең маңыздыжәне сұранысқа ие мамандықтардың бірі. ҚАЗҰУ-дың Бизнес жоғары мектебі факультеті, оның ішінде Бизнес технологиялар кафедрасы логистика мамандығын жоғары деңгейдеоқытып, студенттерге қазіргі заманның талаптарына сай білім мен дағдыларды береді. Бұлмамандық Қазақстанның ғана емес, халықаралық нарықтың да қажеттіліктеріне жауапбереді, әрі тұрақты даму мен экономикалық өсімнің негізгі драйвері болып табылады. Сондықтан да ҚАЗҰУ түлектері еліміздің түрлі салаларында жоғары лауазымдарға иеболып, маңызды жобаларды басқарады. Олар – елдің жаңа тынысын ашатын, инновация мен дамудың алдыңғы шебінде жүрген мамандар. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситеті — еліміздің білім беру және ғылыми зерттеу саласындағы мықты тірегі. Бұлоқу орнында кәсіби білім мен ғылыми ізденіс үйлесімді дамып, студенттер мен жасғалымдардың әлемдік деңгейдегі біліктілігі қалыптасуда. Университеттің миссиясы — елдің рухани және материалдық дамуына, оның халықаралық беделін арттыруға елеуліүлес қосу. ҚАЗҰУ-дың жоғары академиялық деңгейі, ғылыми жаңалықтары мен инновациялық жобалары Қазақстанның білім мен ғылым саласындағы көшбасшылықорнын нығайтуға бағытталған. Бүгінгі ҚАЗҰУ — бұл білім мен ғылымның алтын бесігі, болашақтың сенімді кепілі, заманауи Қазақстанның интеллектуалдық жүрегі.

Читать далее

Тема урока: «Механизм активного транспорта на примере натрий-калиевого насоса».

Автор: Чумаченко Александр Владимирович учитель биологии, ОСШ-лицей № 4 города Талгар, Aлматинской области. Предлагаю вариант урока биологии в 11 классе в средней школе. Различные элементы из предложенного ниже плана были апробированы  мною на своих уроках; он также был представлен на моём мастер-классе (рис №9).    Цель обучения: 11.1.3.4. определять роль активного транспорта в поддержании мембранного потенциала.Цель урока: изучить роль активного  транспорта –для […]

Читать далее

Разработка внеклассного экологического  мероприятия  «Человек. Природа. Экология.» среди 7-9 классов.

Разработка внеклассного экологического  мероприятия  «Человек. Природа. Экология.» среди 7-9 классов. Разработали план мероприятия и провели его: учителя биологии Ильязов Мурат Режапович, Чумаченко Александр Владимирович.    Иногда, для того, чтобы осветить какую-либо проблему педагогу необходимо внеклассно встретиться с учениками. Проблемы могут быть разные: вредные привычки, здоровый образ жизни, экологические, проведение Дня птиц и другие.      Подобные […]

Читать далее
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті- интеллектуалды ұлттың іргетасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті- интеллектуалды ұлттың іргетасы

Авторы: Аманкелдиева Әсел, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Логистика мамандығының 4 курс студенті Жетекші: Айгүл БОЛТАЕВА, «Бизнес-технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстандағы жоғары білім жүйесінің жүрегі, ұлттық ғылым мен инновацияның тірегі саналады. 1934 жылы құрылған бұл білім ордасы бүгінде әлемдік деңгейде мойындалған ғылыми орталыққа айналып, QS World University Rankings рейтингінде […]

Читать далее

Дене тәрбиесі,спорт және дене шынықтырудың әдістері.

Автор: Джандарбеков Мақсат Аятович, Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы, Талдықорған жоғары политехникалық колледж Дене тәрбиесі,спорт және дене шынықтырудың әдістері. «Әдіс» түсінігінің анықтамасы мен маңызы. Дене шынықтыру мен дене тәрбиесі процессінде қолданылатын спецификалық және бейспецификалық (жалпы педагогикалық) әдістер. Дене шынықтыру мен дене тәрбиесінің спецификалық әдістері: қатаң регламенттелген жаттығулар әдісі, ойындық және жарыстық әдістер. Қозғалыс қимылдарын үйрету кезіндегі […]

Читать далее

Музыкальное воспитание младших школьников посредством обучающих интерактивных игр

(методическая разработка) Автор: Валитов Расим Роль интерактивных игр в музыкальном образовании Информационно-коммуникативные в современном мире, охваченном процессами глобализации, играют все более существенную роль во всех сферах жизни и деятельности. Все больше возрастает их влияние в области образования, положительно отражаясь на обучении, делая его более наглядным, интересным и информативно насыщенным. Использование информационно-коммуникативных технологий в музыкальном развитии […]

Читать далее

Жасанды интеллекттің қазіргі заманғы қолданылуы

Автор: Шалқарқызы Дамира, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған қ. Жасанды интеллект (ЖИ) — бұл компьютерлер мен машиналардың адам сияқты ойлау, үйрену, түсіну және шешім қабылдау қабілеттерін қамтамасыз ететін технологиялар жиынтығы. Қазіргі уақытта ЖИ технологиялары өміріміздің барлық саласына еніп, қоғам мен экономиканың дамуында маңызды рөл атқарады. Медицина саласында ЖИ алгоритмдері ауруларды ерте анықтауда, диагноз қоюда […]

Читать далее
TopIQ: ауыл мектебіндегі үлкен мүмкіндік

TopIQ: ауыл мектебіндегі үлкен мүмкіндік

Автор: Оразханқызы Сымбат,“Жетісу облысы білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі” ММ “Аманбөктер негізгі орта мектебі МДШО” КММИнформатика пәні мұғалімі Бүгінгі білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет – ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықты азайту. Цифрландыру дәуірінде бұл алшақтықты жоюға мүмкіндік беретін жаңа құралдар мен платформалар жетерлік. Соның ішінде ерекше атап өтерлігі – TopIQ […]

Читать далее