ЕЛІМІЗДЕ «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНЫҢ ЖАЗҒЫ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

ЕЛІМІЗДЕ «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНЫҢ ЖАЗҒЫ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

Lifestyle Жаңалық ҚОҒАМ

Қазақстанның әр өңірінде жастарды маусымдық жұмыспен қамтуға бағытталған «Жасыл ел» жобасы өз жұмысын бастап кетті. Биылғы жылы 33 мыңнан астам жасты маусымдық жұмыспен қамту көзделген. — деп Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлайды.

«Жасыл ел» жастар еңбек жасағының қызметі жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Бұл мемлекеттік қолдау еліміздің болашағы болып табылатын жастарға өздерінің әлеуетін жүзеге асыруға және елді көркейтуге мүмкіндік береді.

«Жасыл ел» жобасы жастарды еңбекке баулып қана қоймай, олардың экологиялық санасын оятуға, азаматтық жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған. Жобаның арқасында жастар өздерінің туған өлкесін көркейтіп, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттырады. Сонымен қатар, бұл жоба жастардың болашақта ел дамуына белсенді қатысуына, қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.

Сонымен қатар, маусымдық жұмыспен қамту және су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету мақсатында «Ауыл» партиясы жанындағы «Ауыл жастары» жастар қанаты құрылыс жасақтарын іске қосты. Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысында 40-қа жуық жас табиғи апаттан зардап шеккендерге тұрғын үй салуға белсенді түрде атсалысуда.

Дайындаған: Касымова Томирис

Tagged

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *