Ағымдағы жылдың 3 маусымында Шалдай филиалының Шалдай орманшылығының 124-орамында, Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шалдай ауылының маңында, орман күзетінің инспекторлары мен Шарбақты ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің және полиция бөлімінің қызметкерлері өртті ерте анықтау жүйесінің бейнебақылауының көмегімен орман өртіне кінәлілерді анықтады.- деп Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлайды.
Орман өрттерінің себептері: Орманда от жағу, оны бақылаусыз қалдыру немесе дұрыс сөндірмеу. Темекі тұқылын немесе шырпысын лақтыру. Егістік алқаптарын жағу немесе тазалау барысында өрттің бақылаудан шығуы. Қоқысты жағу кезінде өрттің орманға таралуы. Жарылыс жұмыстары, дәнекерлеу және басқа да қыздырмалы жұмыстар кезінде өрттің шығуы.
Жыл сайын Қазақстанда шамамен 300-ден астам орман өрті тіркеледі.
Құрметті өңір тұрғындары, ормандардағы өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауыңызды сұраймыз! Өртті абайсыз пайдалану үлкен апатқа әкелуі мүмкін!
Дайындаған: Касымова Томирис