Әншуақ атты қазақ тіліндегі алғашқы балалар әніндегі фестивалі үстіміздегі жылдың ақпан айынан бер өтіп келеді.
Бұл фестиваль білім министрлігінің жоспары бойынша білім ордаларына жіберілген арнайы бағдарламасы. Бағдарламаның аясында байқаудың негізгі мақсаты айқындалған. Бұл фестиваль әсіресе өнер мектебіндегі білім алатын өрендерге үлкен қолдау болды. Біз бұл бағдарламаны яғни, байқаудың толық шарттарын бұған дейін де өнер мектебінде жыл сайын жүзеге асырып келгенбіз. Қазақ тіліндегі балалардың орындауындағы ән өнеріне тарту, музыкалық репертуарды кеңейту, мәдени дәстүрді сақтау, рухани-адамгершілік тәрбие беруде шығармашылық деңгейін қалыптастыру болып табылатын фестиваль болып тұр. Өнер мектебі жыл басынының екінші айынан бері осы бағытта ашық сабақтарын, тәрбие сағаттын, ән фестивалін, жеке дауыста орындаушылардың шебер сабақтарын, өткізуде.
Талдықорған қаласының «Құрмет азаматы», ҚР білім беру ісінің үздігі, «Еңбек ардагері», «Мен-жұлдызбын!» атты үлгілі балалар ән студиясының жетекшісі, өнер мектебінің алғашқы ұстаздарының бірі, 200 ге жуық патриоттық бағытта жазылған әндердің авторы, педагог, сазгер-Әжібекова Серікжамал Нүсіпқызымен кездесіп, адамгершілік рухани қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру, отансүйгіштік сезімдерін шыңдау, оқушылардың ән айту арқылы шығармашылыққа деген сүйіспеншілігін арттыру, сазгердің шығармаларын насихаттау мақсатында сыр-сұхбат, балалар күніне орай қазақ ән өнерін қолдау және дамыту мақсатында мерекелік ән фестивалі өтті. Мектеп қабырғасынан балалар хоры ұйымдастырылып «Ана алғашқы сөзіміз» әнін орындады Шығармашылықтың қол жетімді түрі ретінде балалардың ән айтуға деген қызығушылығын оятуда. Осы бағдарлама аясында өнер мектебіндегі Вокал пәніне музыкалық репертуарлары кеңеюде. Бұл фестиваль аясында балаларға музыка арқылы тәрбиелеу, эстетикалық сезімдерін дамытуда рухани-адамгершілік тәрбиесі одан ары нығайып қалыптасуда. Білім министрі бекіткен республикалық фестивальдің мақсат міндеттерін біздің өнер мектебі бір ауыздан қолдайды. Мақсат мүддеміз де бір тараптан шығуда. Сондықтан Талдықорған қаласының балалар өнер мектеп ұжымы мұндай фестивальдардың жылма-жыл аясын кеңейтіп жас өрендерге ұлттық және рухани тәлім – тәрбие беруде ат салыса беретін болады.
АВТОР: Тұрсынхан Қарақожаева Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Талдықорған қаласының Балалар өнер мектебінің директоры