ОТАНДЫҚ ҮЗДІК ПЛАТФОРМА

ОТАНДЫҚ ҮЗДІК ПЛАТФОРМА

Жаңалық Информатика
ОТАНДЫҚ ҮЗДІК ПЛАТФОРМА

Елімізде пандемия кезінде қашық­тан оқытудың маңыздылығы арта түсті, онлайн білім беруге қатты көңіл бөле бастағаны аңғарылады. Тіпті болашақта елімізде онлайн мектептер мен колледждер көптеп ашылуы мүм­кін деген де ұсыныстар айтылып жатыр. Таяуда Оқу-ағарту министрлігі осыған байланысты норма заңды түр­де бекітілудің алдында тұрғанын мәлімдеді Саны жайлы нақты деректер болмаса да, шетелдік, әсіресе ресейлік онлайн мек­тептер мен колледждерде білім алатын қазақстандық жасөспірімдер баршылық. Негізі, онлайн білім беру соңғы онжылдықта әлем елдері жатырқайтын дүние қатарынан емес. Мысал ретінде Ресейдегі Фоксфорд онлайн мек­тебін келтіруге болады. 1-сыныптан 11-сыныпқа дейін білім беріп, мемлекеттік үлгідегі аттестат ұсынатын мектептің оқыту бағ­дарламасына барлық пән қосылған. Білім беру ақылы негізде жүргізіледі. Сол сияқ­ты Ұлыбританияда да онлайн мектептер тіркеле алады. Ал мұндай мектептердің елімізде ашылуы сапалы материалмен толықтырылған отандық цифрлық платформалардың маңыздылығына ерекше назар аударуды қажет етеді.

Мен Талдықорған қаласы М.В.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп-лицейінде информатика пәні мұғалімі болып жұмыс жасаймын. Информатика сандық технологиялармен тығыз байланысты пән. Сондықтан мен үнемі трендтегі білім платформаларын зерттей отырып өз сабақтарымды оқушылардың қызығушылығын оятатын, түрлі сапалы, қызықтыларын қолданамын және мектебімізде өтетін семинар, коучингтарда әріптестеріммен бөлісемін. Осы орайда отандық «Алматыкітап» баспасы барлық 1-11 сынып аралығындағы электронды кітаптар жинағын ұсынған «TopIQ.kz» платформасының тиімділігін атап өткім келеді.

 «TopIQ.kz» электрондық оқулықтар web-платформасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту пайдалануға ұсынылған 1-11 сынып оқулықтарын,сондай-ақ, мектепке дейінгі дайындыққа арналған оқу әдістемелік кешендерді, хрестоматиялар мен көркем әдебиеттерді қамтитын, Kundelik.kz-пен бейімделген тұңғыш және жалғыз отандық платформа болып табылады. Платформаның мұғалімдер үшін де оқушылар үшін де тиімді тұстары өте көп. Электронды оқулықтар жеке оқушымен немесе оқушылар тобымен тек мектепте емес, басқа да жерлерде қолдануға мүмкіндік береді, оқушы оны үйде, жолда, әлемнің кез-келген нүктесінен өзіне қажетті уақытта қолайлы және оңай пайдалана береді. Платформада мемлекеттік білім беру бағдарламасы аясындағы бірегей интерактивті және мультимедиалық материалдар біріктірілген және  оқушылар мен мұғалімдердің бір-бірімен кері байланыс орнатуына қолайлы. Оқушыларға жаңа әдіс-тәсілдер мен оқуға заманауи сандық операцияларды қолдануға мүмкіндік береді. Оқушылар сабақ барысында, үйге берілген  тапсырмаларды қызыға орындайды. Мұғалімдер платформада оқушының орындаған тапсырмаларын тексеріп бағалай алады және де оны бірден kundelik.kz журналына жібере алады. Сонымен қатар мұғалімдер үшін инклюзивті білім беруде, жеке, топпен немесе үйден оқитын оқушыларға да  тапсырмаларды платформа  арқылы тағайындай алады.

TopIQ платформасы:

  • Ыңғайлы. Оқушы және мұғалім үшін де кез-келген уақыт пен кеңістікте қолдана алуы, оқу процесін шынайы қадағалау.
  • Сапалы контент. Электронды оқулықтардың оқу мазмұны Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігімен бекітілген.
  • Ортақ терезе. Компьютер, смартфон, гаджеттер, барлық сандық құрылғылар үшін бірдей веб-интерфейс.
  • Қолжетімділік. Кез-келген уақытта, кез-келген жерде платформаға қосылу мүмкіндігі.
  • Жаңашылдығы. Мұғалім тәжірибесінде әдістер көлемін кеңейту. Қашықтан білім беру мүмкіндігі.
  • Цифрлық оқулық-Жеңіл портфель.

АВТОР: Ахметова Айгерим Куттымураткызы

М.В.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі

Жетісу облысы Талдықорған қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *