АУЫЛДЫҚ ЖЕРДЕ ЖЫЛҚЫ МАЛЫН ӨСІРУ АРҚЫЛЫ ОТБАСЫЛЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ

АУЫЛДЫҚ ЖЕРДЕ ЖЫЛҚЫ МАЛЫН ӨСІРУ АРҚЫЛЫ ОТБАСЫЛЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ

Ғылыми жоба Жаңалық Зерттеу

Автор: Қалмырзаев Ернар 10-сынып оқушысы.

 Жетекшісі: Абенова Нурайм Орманбековна, Математика пәнінің мұғалімі

 Қызылорда облысы, Шиелі ауданының  «№228 Шәймерден Бәкіров  атындағы орта мектебі» КММ.

Жұмыстың мақсаты

      «Жеті қазынаның бірі жылқының» ерекше қасиеттерімен таныстыру, жылқы туралы түсінігін кеңейту, жылқы асыл мал екенін айта отырып, жылқы жануарына деген сезімдерін ояту, жылқы кәделі, бағалы қазына екенін ұғындыру, халқымыздың жылқы малына қатысты салт — дәстүрлеріміздің орасандылығын көрсете отырып , отбасының әл-ауқатын арттыру үшін жылқы малын –өсіру,бағу арқылы отбасылық шағын бизнес ашып , оны дамыту жолдарын көрсету.
             Мазмұны

  1. .  Аннотация
  2. .  Кіріспе
  3. .  Негізгі бөлім

                           а) Зерттеудің мақсаты

                           ә) Жылқы малы туралы

                           б) Жылқыдан  алынатын өнім түрлері

                           в) Ауылдық жерде  жылқы малын өсіру арқылы

                               отбасылық шағын бизнес ашу және оны дамыту

4. Қорытынды

     5. Қолданылған әдебиеттер

Аннотация

       Бұл жұмыста   «Жеті қазынаның бірі жылқының» ерекше қасиеттеріне тоқталып, жылқы туралы көптеген түсініктер айтылыған. Жылқы асыл мал екенін айта отырып,  жылқы жануарына деген сезімдерін оятып, жылқы кәделі, бағалы қазына екенін ұғындырған. Халқымыздың жылқы малына қатысты салт — дәстүрлеріміздің орасандылығын көрсете отырып , отбасының әл-ауқатын арттыру үшін жылқы малын бағу арқылы отбасылық шағын бизнес ашып , оны дамыту жолдарын көрсеткен. Жылқы малын асырау, бордақылау арқылы отбасылық шағын бизнестен орасан мол пайда табатынын көрсеткен.

Аннотация

     В этой исследовательской  работе  рассказывается об особенностях и разновидностях лошадей.Это великолепное животное является благородным и очен красивым,чем привлекают большое количество людей.Эти животные очен ценятся.Ест немало национальных традиций и обычаев казахов,которые будучи связаны с конем,тесно переплетены с различными периодами жизни человека.

     Лошадь благородное,грациозное создание,которое невозможно не полюбить. Коня показывает царем,крыльями богатыря.

  Бизнес на лошадях -хорошая  идея начать собственный бизнес.Разведение лощадей-один из примеров такой деятельности. От такого дела можно получить колосальную прибыль.

Кіріспе
            Қазақ — ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бар олар мал өрісін, тіршілік табиғатын, қадір — қасиетін әбден танып, білген. Тіпті малдың айрықша қасиетін, ерекшелігін танитын сыншылар да шыққан. Сөйтіп халқымыз өзінің тіршілігін, шаруашылығын осы мал өсірумен байланыстыра жасаған. Оның өнімдерін тіршілік құралы етіп, пайдалануды шебер игерген. «Төрт құбылада — төрт түлік» деп бекерге бағаламаған.

        Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ. Дегенмен жылқының адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын.Мереке-қуанышта, қайғы-қасіретте, басқа түскен не ауыр күндерде бұл түлік адамның жан серігі, айырылмас досы болған.

 Мен  жылқыны өте жақсы көремін. Жылқы жайлы біраз мәліметтер білемін,бірақ одан да көп білгім келеді. Осы уақытқа дейін білгендерімді айтар болсам:

Негізгі бөлім

            Жылқы төрт-түліктің бірі. Жылқы иесі Қамбар ата. Қазақ халқында жылқыны құрметтеп, қасиеттеп жоғары бағалаған. Жылқы туралы аңыз әңгімелер, шығармалар, өлең-жырлар, ертегілер өте көп. Жылқы баласы сүйкімді, әрі жүйрік болып келеді. Жылқы жасына қарай: құлын, тай, құнан, дөнен, айғыр деп аталады. Ұрғашы малы: құлын, байтал,құнажын, бие деп аталады. Жылқы сымбатты жануар. Мойнынан түскен жалыны жібектей сусылдайды. Сирақтары ұзын, көздері ботадай әдемі. Жылқының дене бітімі көздің жауын алады. Бұрынғы кезде батырлардың жылқыларының аты болған. Қобыланды батырдың Тайбұрылы, Алпамыс батырдың Шұбар деген аты болған. Бұл аттар жәй аттар емес, жүйрік, сұлу, әрі батырдың ең жақын досы бола білген. Жылқы қасиетті жануар. Жылқы қымызы бізге пайдалы. Ол қырық ауруға ем. Жылқы еті өте тәтті. Сондай-ақ жылқылар бізді қауіптерден қорғайды. Бұрындары ата-бабамыз жылан жоламасын деп қастарына жылқы байлап жатқан. Сонымен бірге ат үстінде көп жүрген адам буын ауруына шалдықпайды екен.

Барлық түліктен де жылқы өсіру жеңіл.Оны бағуда шығын шықпайды.Еті де, сүті де қазақ халқы үшін аса қадірлі тағам. Өз бойын таза ұстайтын,өз жерін қашықтан танитын сезімтал қасиетті жануар.

Жылқының тас қараңғы түнде жарты тарыны көретін жанарының өткірлігі сынды жаратылыс ерекшеліктерінің өзі бір төбе.

      Қазақ халқы жылқыны жеті қазынаның бірі санап, оны киелі деп есептеп жыл қайыруда жетінші орын берген. Дүние жүзінде қазірдің өзінде 250-ден астам жылқы тұқымы бар екен. Мен алдағы уақытта жылқы жайлы әлі де зерттеймін.

Төрт түлік малдың пайдасы. Еті — жесең тамақ .Сүті – ішсең сусын. Жүні — кисең киім. Терісі — байлық. Сүйегі, мүйізі — тұтынсаң бұйым. Мінсең — көлік. Мал өсіруге аса қолайлы Қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес. Міне, осы жайларды оқып үйрене мен әсіресе жылқы малына қатысты көптеген қызықты деректерді жинақтадым. Соның ішінде қымыздың пайдасы туралы айтсақ,

  Қымыз — пайдалы сусын. Қымыз — қазақтың көнеден келе жатқан шипалы сусыны. Бие сүтінен жасалатын бұл сусын көшпелі халықтардың ежелден келе жатқан дәстүрлі тағамы, қадірлі асы. Кең сахара, жапан түзді жайлаған көшпелі елдің басты күнкөрісі жылқы малы — халықтың ішсе қымызы, жесе еті, кисе киімі болып келді. Орыс ғылымдары Г. Захарин мен С. Боткин тәптіштеп зерттей келе «Қымыз — адам денсаулығын күшейтіп ауруды бәсендететін тағам»деген қорытынды жасаған болатын. Қымыздың құрамында аурудың тәбетін ашатын В2, В12, Р, С витаминдері көп. Науқастанған адамға қымыз ішкізсе, оның организмінде гемоглобин, эритроцит көбейіп, холестерин құрамы қалпына келеді.

            Халқымыздың жылқы малына деген сүйіспеншілігі еш төмендеген емес, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, дамып, жетіліп, кемелденіп отырды. Сол заман, дәуіріне сай тіршілік-тұрмысын жылқымен байланыстырған жаңа қанатты сөздер туындап отырды. Аса талапты, таланты тас жарып тұрған адамға теңеу іздегенде де жылқыға келіп тірелеміз. «Талаптың мініп тұлпарын, тас қияға өрледің» Абай сөзі осыған дәлел. Және дарынды мен дарынсызды, жақсы мен жаманды шенестіргенде айтылатын «тұлпардан тұғыр озбас шабылса да,оған да үкі тұмар тағылса да» деген де Абайдан қалған қанатты сөз. Албаты кетіп, арам тер болған дарақылықты «Бәйге алмаған жүйріктен, белі жуан бесті артық» (Шалкиіз жырау) деп түйреді. Қалжырағанды қатайтып, шаршағанды шыңап, босағанды беркінтіп ерлікке шақыратын жігерлі сөздер Маханбет аузынан түйдек – түйдегімен түсіп жатады. «Ереуіл атқа ер салмай, ерлердің ісі бітер ме?»… Халқымыздың жылқыға деген ерен құрметінің белгісі оны мәңгіліктеу – еркерткіш мүсіндерін орнату болады. Атты әскерлердің алмаған қамалы, жетпеген жері болмады. Аралық қашықтықтар «күндік жер», «айшылық жер» деп аттың жүрісімен есептелді.

            Ауылдық жерде  жылқы малын өсіру арқылы отбасылық шағын бизнес ашу және оны дамыту

АУЫЛДЫҚ ЖЕРДЕ ЖЫЛҚЫ МАЛЫН ӨСІРУ АРҚЫЛЫ ОТБАСЫЛЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ

2-сурет  Үйірге қосқалы тұрған  жас айғырмен
      Мен өзім көзімді ашқалы көргенімнен жылқы малы болғандықтан жақсы көремін . Әкемнің қасында жүріп жылқыны күтіп баптау, бағу, мінуді үйреніп алдым. Себебі жылқы — қазақтың кәделі, бағалы қазынасы. Қазақ үшін ең құнды, қасиетті,текті малы — жылқы. Оның пірі — Қамбар ата.
Жылқы жасы .

1. Құлын — жылқы төлі                                                                    

2. Жабағы — 1 жылға дейінгі төл

3. Тай — 2 жастағы жылқы

4. Құнан — 3 жастағы жылқы.   

5. Дөнен — 4 жастағы еркегі. Байтал — 4жастағы ұрғашысы

6. Бесті — 5 жасар еркек жылқы. Ат — кестірілген, мініс ат

7. Айғыр — аталық жылқы. Сәурік — жас айғыр.

 8. Бие — аналық жылқы. а) мама бие — көп құлындаған жуас бие ә) қулық — алғаш құлындаған бие
       Бұрын ел қорғаған батырлар жылқы ішіндегі таңдаулыларын ерекше дәріптеп, бағалаған. Айт, ас тойларда аттың бас бәйгесіне мол дүние тігілген. Тіпті, бас бәйгеге елу бие, ақ отау, бір бас тоғыз, тоғыз түйе, жабулы қара нарға қалы кілем иеленіп, аты озған зор олжаға ие болады. Халық жылқыны жоғары бағалап, жүрісін де жіктеген. 

Жылқы тұқымдары  Наурыз келді дегенше, бәйге, көкпардың дүбірлі додасы келді дей беріңіз. Содан күзгі егін-тегін жинап болған соң ауылда ауқатты адамдар қуаныштарына арнап, ата-бабаларына арнап салым бере бастайды.Оған себеп бар.  Қаймана қазақтың жылқы десе, аузындағы асын тастайтыны бәріне аян. Оның ішінде «таза қанды» жылқыларға деген ықыласын сөзбен жеткізу  тіптен қиын. Дүбірлі  бәйгеге қазақ атын жыл бойы баптаған.  Күнделікті тірліктің өзінде жылқы десе, бес жасар баладан бастап, елу жасар қартқа дейін құлағы елең ете қалады.    Бұның бәрі бабалардан қалған қасиет.  

  Жылқы туризмі — адам үшін таптырмас демалыстың бір түрі. Және осылай болып қала береді де. Ақылды, мықты, төзімді жылқыларды таңдай білу қажет. Жалпы жылқы малы адам бұйрығының бәрін дерлік орындауға бейім. 
       Қазірде әлемде екі жүз елуге жуық жылқы тұқымы бар. Соның ішінде біздің ауылдық жерде көпшілік тұтынатын жылқының «Дон» және «Қазақы» тұқымдары тұқымдарына тоқталайын

АУЫЛДЫҚ ЖЕРДЕ ЖЫЛҚЫ МАЛЫН ӨСІРУ АРҚЫЛЫ ОТБАСЫЛЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ

3-сурет Дон тұқымды жылқы 4-сурет Қазақы тұқымды жылқы

Дон  тұқымы.  Дон өзенінің жанындағы аудан орталығында пайда болған. Бастау тарихы осы маңға  XV-XVI ғасырларда казактардың қоныс аударуынан басталады. Казак шаруалары  Россияның оңтүстік бөлігін қорғайтын болғандықтан, салт атты тұқымға зәру болатын. Соғыс алаңындағы шешуші жеңіске аттың да қатысы барын казактар жақсы білетін. Сол себепті де олар бар жігерлерімен жақсы тұқымдар шығаруға талпынды.
  Дон  тұқымы өте қатаң ережелерге де құлақ асады. Олар жаздың аптабында да, қыстың суығында да  төзімділік көрсете алады. Тамақтану  жағынан қолайсыздық алып келмейді.

Қазақ тұқымы.  Жазиралы даланың бойындағы қазақ жылқылары аласа болып жайлып жүргенмен, шабыс жағынан келгенде ешкімнен кем түспейтін.   Олар  күніне үзіліссіз 70 шақырымды емін-еркін еңсеріп отырады.  Ашық аспан астында, кез келген температурада көнбістік көрсетеді. Әрі шөп талғау дегенді білмейді де. Бұған қоса, жергілікті тұрғындар  арасында  ұлттық ат жарыстарында табандары қызады. Қазақ жылқылары сүт өнімін көп береді.

 Қазақ жылқысы бірнеше түрге бөлінеді.   Соның бірі — Адай жылқысы. Адай жылқысы түрікменнің текежәуміт арғымағымен будандасқан делінеді. Ертеде түрікменнің «теке» руы «жәуміт» руына қарсы соғысқанда, өздеріне болысқаны үшін текелер адайларға бір сұлу қыз бен жүйрік ат берсе керек. «Қыз жақсысы мен ат жақсысы теке түрікменде» деген сөз сонан қалса керек-ті.

      Қазір Қазақстанда 1 млн-нан астам жылқы өсіріледі . Республикада жылқының міністік, сыдыра желісті тұқымдары және қазақ жылқысы өсіріледі.

АУЫЛДЫҚ ЖЕРДЕ ЖЫЛҚЫ МАЛЫН ӨСІРУ АРҚЫЛЫ ОТБАСЫЛЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ

   5-сурет  Сауыншының бие  сауу сәті               

                        Бизнес әлемінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың ерекше мәні нарықтық қатынаста жұмыс істейтіндер мен осы саладағылар жақсы біледі.

            Осы материалдарды әзірлеу кезінде басшылыққа алынған негізгі идеялардың бірі- ол «Әрбір қазақстандық табысты болуы керек» деген ой болды. Себебеі, әр адам табысты болса – бүкіл мемлекетіміз де табысты болады. Әрине әр азамат өзінің тағдырына өзі жауапты. Мемлекеттің оның өміріне араласуға құқығы жоқ.
            Шағын және орта бизнестің жағдайы мен даму деңгейі мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуын тікелей қамтамасыз ететін негізгі сала болып табылады.

           «Бүгінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту және нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бар. Соның аясында халыққа бизнесті ашу үшін жеңілдетілген шарттармен несие беру қарастырылған. Былтыр аталған мәселе шешілді. Енді, бизнесті бірінші рет бастап отырғандар үшін несиенің 80 процентіне мемлекеттің өзі кепілдік береді. Ал бизнесті ары қарай жалғастыратын кәсіпкерлер 50 проценттік кепілдікті ала алады. Жалпы, ауылда ғана емес, барлық жерде адамдар өз бизнесін аша алады. Соның арқасында шағын несиелендірудің көлемі 14 мың адамды қамтитын болады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артық. 14 мың адам ол аз емес. Себебі бір адамның қарамағында үш-төрт, он, бәлкім, елу адам жұмыс істейтін болады. Бұның барлығын қосқанда мықты шағын бизнес шығады.. Жылқы етінің майы аз болады, бірақ ол балғындығымен, әсіресе жас малдың еті, ерекшеленеді. Қымыз – бие сүтінің өңделген өнімі. Қымыздын қант құрамы бірден төмендейді, онда сүт қышқылы, көмірқышқыл газы, түрлі ароматты заттар жинақталады. Қымыз тәбет ашады, ұйқы безінің жұмысын, ас қорыту процесін жақсартады. Сондықтан да қымыз тек сау адамдар үшін ғана бағалы өнім болып саналмайды, сонымен қатар көптеген ауруларға қатысты күшейту құралы болып табылады.

2. Жылқы тұқымдары. Жылқының 200-ден астам тұқымы бар. Ең алдымен сіз жылқыны қандай мақсатта өсіретініңізді шешіп алу керек. Егер сіздің мақсатыңыз – жоғары сапалы ет пен құнарлы сүт (қымыз) алу болса, онда мынадай тұқымдарға назар аудару керек: қазақы, дон және т.б

3. Өсіру. Жылқыны ұстаудың түрлері: ат қорада (жыл бойы ат қорада), атқора мен жайылымда (атқора мен көктемнен күзге дейін жайылымда), жайылымда (жыл бойы жайылымда, қыста пішенмен және концентраттармен азықтандыру арқылы). Жеткілікті түрде дамыған құлындар алу және олардың алдағы уақытта жақсы сүтті өнімдіге айналуы үшін биелерді уақытылы құлындауға (тууына) даярлаудың маңызы зор, сауын маусымында толыққанды азықпен қамтамасыз етіп, қорада ұстау қажет.

Сүтті жылқы шаруашылығының технологиясы биелерді жайылымда бос ұстау жүйесін қарастырады.          

6-сурет Үйірленген жылқылар      

АУЫЛДЫҚ ЖЕРДЕ ЖЫЛҚЫ МАЛЫН ӨСІРУ АРҚЫЛЫ ОТБАСЫЛЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ
АУЫЛДЫҚ ЖЕРДЕ ЖЫЛҚЫ МАЛЫН ӨСІРУ АРҚЫЛЫ ОТБАСЫЛЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ

7-сурет  Ет бағытында бағуға қойылған жылқылар

Атқораны ағаштан, кесілген бөренелерден жасаған дұрыс, бұлар жылуды жақсы сақтайды, әрі құрғақ болады. Атқоралардағы жылқыларға арналған орын өжіре (жылқылар үшін жеке «бөлмелер») және бөлініп қойылған орындар  болып бөлінеді, онда жылқылар бір бірінен қоршаулармен бөлектенген күйде немесе оларсыз қатар-қатар байлаулы тұрады, сондай‑ақ залдық түрі–онда жылқылар атқораның жеке кең орынжайында топтастырылып ұсталады. Еденді қатты етіп жасайды, асфальтты етуге де болады. Жылқыларды баптау дегеніміз жануарларды тазалап (щеткамен), жалын, құйрығын тарап, тұяқтарын тазалап тұру. Жұмысқа салынатын жылқыларды әдетте тағалайды, бұл тұяқтарының сынып, жарақат алудан қорғайды.

4. Жылқылар үшін жем. Қорадағы кезеңде жылқылардың негізгі жемі: сұлы, арпа, қарабидай, басқа да концентратты жемдермен (кебекпен, жоммен) араластырылған жүгері қоспалары, астық‑бұршақтық пішен, сөлді жем (сәбіз, жартылай қантты қызылша,  картоп, сүрлем), құрама жем.

Өрістегі жайылым кезеңінде жылқылар үшін ең қажетті жем– өрістегі көк шөп немесе жаңа шабылған шөп. Бұдан бөлек, жылқыларға күн сайын қайнатылған тұз береді. Берілетін жемнің мөлшері оның таза салмағына, жылқының жағдайына, оның жасына, атқаратын жұмысы мен жемнің құндылығына байланысты. Жылқыны тәулігіне 3 рет суарады.

5. Көбейту. Жылқы шағылысуға 1,5 жаста жетіледі, бірақ көбеюге шаруашылық‑тиімді мерзім 3-3,5 жас болып табылады; өсімі 5-6 жаста тоқтайды. Буаздық мерзімі шамамен 10 ай. Бие әдетте бір құлын туады. Суалмайтын кезеңі 6-8 ай. Биенің сүттілік өнімділігі тәулігіне  11-15 л сүт (ерекше сүттілері — 25 л-ге дейін). Бұл құлынды өсірумен қатар, сүттің едәуір бөлігін қышқыл сүт өнімдеріне жататын қымызды жасауға мүмкіндік береді.

 Жылқыны ет үшін 1,5-2-жасқа дейін өсіреді, бұл кезеңде жылқының жас еті ең жоғары сапалы болады. Жылқының өмір сүру жасы – 25-30 жыл, шаруашылықта пайдалану мерзімі – 14-15 жыл, асыл тұқымдысы – 20-25 жыл. 

6. Өнімді сату. Жолға қойылған өткізу рыногы үлкен табыс табу үшін қажет. Бұл үшін бірнеше нұсқалар бар: базарда сату, газетте, интернетте жарнама беру, бәлкім, сіз өз тауарыңызды тұтастай сатып алатын, әрқашан сізбен келісімге келетін саудагер тауып қаларсыз. Сондай‑ақ ауылдастарыңызға жылқыны өсірумен немесе соғым сатумен айналысатыныңызды ескертіп қойыңыз.

Келешекте отбасылық бизнес ашу үшін жоба концепциясы

Жоба концепциясы Ботабай ауылында  жылқыларды өсіру бойынша ферма құруды қарастырады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты оның қатысушыларының материалдық әл-ауқатын жақсарту үшін пайда табу болып табылады.

Жобаланған кәсіпорының мақсаты тобы – ауданның  және жақын маңдағы ауыл  тұрғындары – қызметін тұтынушылар болып табылады.

       Өнімнің артықшылығын келесілер құрайды:

  •  Жоғары технологиялы және заманауи қондырғыларды қолдану;
  •  Жоғарғы сапа;
  •  Төменгі баға.

       Қораға арналған құрылыстың жалпы ауданы  400 шаршы метрді құрайды.

 Бұл бизнес-жоспар әрекетке келтіру басшылығының соңғы нұсқасы болып табылмайды, ол тек осындай бизнес-ойды дамытудың потенциальды мүмкіндігін көрсетеді. Сондықтан аталған жобаны жүзеге асыру кезінде алғашқы жобадағы кемшіліктер өзгеруі мүмкін. Бұл жобаны мен мемлекеттен ешқандай несие алмай бизнес ашуды жоспарладым.(Себебі менің өз иелігімдегі жылқыны пайдаланамын.)

Өнімнің сипаттамасы

 Ет – сіңімді фосфор және темірдің жақсы көзі, оның құрамында калий натрий, цинк, йод, мыс және басқа да минералды заттар, дәрумендер (негізінен В тобындағы) бар. Етте сондай-ақ, пісіру кезінде сорпаға шығатын көптеген экстрактивті заттар бар, олардан белгілі бір дәрежеде еттің дәмі мен иісі бағынышты болады, олар асқорыту жолындағы бездердің

Өндіріс бағдарламасы

1-ші кестеде жылдар бойынша өндірістің болжалынған бағдарламасы көрсетілген:

1 жылқы малының орта есеппен  салмағын 250 кг деп есептесек.1 биеден күніне 5 л қымыз алынады деп есептеп, 3 ай сауылса 450 л қымыз сауылады деп есептесек

Жылдар бойынша өндірістің болжалынған бағдарламасы

Көрсеткіш (жылдық)2024202520262027202820292030
Ет өндіру, тн0,5146668
Қымыз сауу, л600012 00015 00020 00025 00025 00030 000
1 бастың тірі кезіндегі салмағы, кг.300
1 бастың сойғаннан кейінгі салмағы, кг.250

Сатылымның болжалынған бағдарламасы, тг

  Кіріс баптарыІске асыру басталатын күн2024202520262027202820292030
Етті іске асыру2024 бастап750 0001 500 0006 000 0009 000 0009 000 0009 000 00012 000 000
Қымызды іске асыру04. 2024 бастап300 000600 0007500001000000125000012500001 500 000
Барлығы 1 050 0002 100 0006 750 00010 000 00010 250 00010 250 00013 500 000

Бағаны қалыптастыру кезінде тұтынушылардың ерекшелігі есепке алынды, атап айтқанда:

  • тұрғындардың табысының орташа деңгейі.
    • нарық бағасына негізделіп бағаны қалыптастыру.

Өнімнің болжалынған құны

Жылқы етітг./кг. ҚҚС қоспағанда5500 тг
Кымызтг/л. ҚҚС қоспағанда1500 тг

Сүт түзілу және сүт бөліну процесі (лактация) төлдеген сәттен бастап басталады және жануарлардың әр түрінде әртүрлі ұзақтықта болады. Сауын малдарында бұл кезең (төлін емізу кезеңі) сауылмайтын малдарға қарағанда ұзағырақ болады.

Емізуден сут бөліну тоқтағанға дейінгі кезеңі лактация кезеңі деп аталады. Биелерде лактацияның орташа ұзақтығы жылдың 270 күнін құрайды. Қысырлық кезең келесі емізу басталғанға дейін орташа 90 күнге созылады

Жануарларды күту және жемдеуге 30 бие (3 айға) мен етке бағылатын, мінілетін атқа жем- шөпке шығындар 3 айлық 2024 жылдан бастап шығарылатын шығын

 шөпжем
1бие3 000  тг5 000тг
30 бие100 000тг15 000тг
Бағылатын1 жылқы50 000 тг15 000тг
4 жылқы200 000 тг60 000 тг
Барлығы 1 жылдық шығыс360 000 тг95 000 тг

Барлығы  455 000 тг

Жұмысшыларға  төленетін ақша шығыны

Сауыншы-390 000тг(1 ай)270 000 тг (3 ай)
Қара жұмысшы-260 000тг(1 ай)180 000(3 ай)
барлығы150 000 тг(1 ай)450 000 тг (3 ай)

Барлығы 450 000 тг

2025 жылғы кіріс 2 100 000тгболса, 2 100 000тг- (450 000тг+455000)=1 195  000 тг

2025 жылғы 1 айдағы  1 195 000 тг таза табыс болып тұр.

Ал 2025 жылы сауын бие мен етке бағылатын жылқыны көбейту арқылы пайданы да мол табуға болады.

2030 жылға дейінгі кіріс-шығысты осылайша есептеп,қанша пайда табатынымызды да есептеуге болады.

    Міне, осылайша  жылқы малын асырау арқылы отбасылық шағын бизнесті дамытуға болады.

Ұсыныс:

1. Шағын несие алып жылқы малын әрбір отбасы алса.

2. Жылқы малын өсіру арқылы әрбір отбасы шағын бизнес ашса

3. Осылайша әрбір отбасы өзінің әл-ауқатын арттырса екен.

          Қорыта айтқанда , Қазақстан бизнесті жүргізуге ең қолайлы жағдайы бар елдер тобына кіреді және біз бұл үрдісті өрістете түсуге тиіспіз. Шағын және орта бизнес — біздегі жалпыға ортақ еңбек қоғамының берік экономикалық негізі. Оны дамыту үшін жеке меншік институтын заңнамалық тұрғыда нығайтатын кешенді шешімдер қажет. Бизнесті дамытуға кедергі келтіретін барлық енжар құқықтық нормалардың күшін жою керек. Шағын бизнес ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасы дәстүріне айналуға тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1.  Жизнь животных в 6 томах – Москва: «Просвещение»
  2.  Оқушы анықтамалығы.

            Алматы. Алматы кітап 2007 ж.

  •  Қазақстанның ауыл шаруашылығы.

       Алматы. Алматы кітап 1970 ж.

  • Денсаулық энциклопедиясы. 2007 ж.

      «Балалар әдебиеті баспасы».

  • Газет,  журналдар.

Ғаламтор материалдары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *