Ақжолдың халықаралық жетістігі

Ақжолдың халықаралық жетістігі

Жаңалық

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Ақжол Болат IGeO -2024 халықаралық география олимпиадасында күміс жүлдегер атанды. Оған әлемнің 50 елінен 200-ге жуық оқушы қатысты.

Олимпиада Ирландияның Дублин қаласында өтті, Талдықорғандық NIS оқушысы Қазақстан құрама командасының атынан білімін көрсетті. Қазақстандық оқушылар жоғары нәтижелерге қол жеткізді, жетістіктер қоржынында бір күміс және үш қола медаль бар.

Ақжол география пәнінен бірқатар халықаралық, республикалық, желілік олимпиадалардың жүлдегері. Марапаттардың ішінде 6 алтын мен үш күміс бар.

Жақында Белград қаласы, Сербия мемлекетінде Еуропалық GEO-2024 олимпиадасы аяқталды, ол ретте де Ақжол Болат күміс медаль иегері атанған болатын.

Дублиндегі күміс оның халықаралық аренадағы екінші ірі сыйлығы. IGeO олимпиадасы 1996 жылдан бастап Халықаралық географиялық одақтың (IGU) қолдауымен өткізіліп келеді.

Диана Канапьянова

Фото Нагима Рахманова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *