Көркем еңбек пәнінің ерекшеліктері

Көркем еңбек пәнінің ерекшеліктері

Технология

Көркем еңбек пәнінде бала халықтың өнер мен көркем еңбекте көрсетілген адамның ойларын,сезімдерін,құндылықтарын,өмірге деген көз-қарасын түсініп сіңіре алады.Халықтың рухани мәдениетінің ұрпақтан-ұрпаққа берілетін негізгі құндылықтары адалдық,мейірімділік,шыншылдық,ұжымшылдық,азаматтық жауапкершілік пен еркіндік сезімі бар адамдарды тәрбиелеуге ықпал етеді

«Көркем еңбек» сабақтары балалардың шығармашылық жігерін   ашуға  шеберлік денгейінің шындалуына, әр жұмыста жетістікке  жету  жолын үйрену мен қатар жасауға болады екен деп толықтырады.

.Көркем еңбек-бұл ұзақ тарихи және халықтың мәдениеттің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлері бар интеграцияланған қызмет.Бұл пәнде тоқу,байлау,бояу,тігу,кесу,бұрау және тағы басқа дәстүрлі өнер түрлері және де ежелгі уақытта ойлап табылған халықтың сәндік қолданбалы өнерде үйретіледі.Сонымен бірге көркем еңбек құрал саймандар,онда бала құралдары(қайшы,пышақ,степлер,ине, тоқу ілгегі және тағы басқа)игереді,әр түрлі материалдардан-қағаз, мата, баклашка ,жапырақтар, картон қағаздар және т. б.қәсиеттерін зерттейді және олардан көркем туындылар жасап үйренеді.Түрлі тапсырмалар орындау барысында салыстыру ,талдау ,қорытынды жасау өз пікірлерін дәлелдеу дағдыларын үйренеді.

Қәзіргі таңда мұғалім ретінде байқағаным балалардың барлығының оқу деңгейі бірдей емес.Бұл жерде айтайын дегенім үлгерімі төмен балаларғада көркем еңбек пәні болашақта өз жолын табуға,бағыт бағдар беруге өте үлкен көмегін тигізеді,және де бұл пәнде балалар ерекше болуға өнер тапқыш болуға талпынады.

Бір сөзбен айтқанда,Көркем еңбек пәні сабағының кілтті сөзі ол-еңбек.Балаларымызды жастайынан еңбекке баулуымыз керек.Көркем еңбек пәні жаңалықтар мен шығармашылық шабыттың қайнар көзі.

Наурызбекова Шолпан Нуртазина, Көркем еңбек пәнінің мұғалімі

 Т.Рүстембеков орта мектебі, Жетісу облысы ,Ескелді ауданы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *