ӘН  ШАРЫҚТАТЫП,  ӘУЕЛЕТКЕН «ӘНШУАҚ» БАЛАЛАР ӘНДЕРІНІҢ  ФЕСТИВАЛІ

ӘН  ШАРЫҚТАТЫП,  ӘУЕЛЕТКЕН «ӘНШУАҚ» БАЛАЛАР ӘНДЕРІНІҢ  ФЕСТИВАЛІ

Культура Музыка

Елімізде алғаш рет Қазақстан Республикасы Оқу-Ағарту Министрлігінің ұйымдастыруымен, «Балаларды қорғау күні» қарсаңында бірнеше ай бойы Қазақстанның түпкір-түпкірінде қазақ тілінде балалар әндері фестивалі басталды.

Бұл Фестиваль мәдени шара ғана емес, сонымен қатар балалардың вокалдық өнері мен музыкалық шығармашылығын көрсету үшін маңызды алаң болып табылады. Өскелең ұрпақтың мәдени өміріндегі ерекше оқиға. Оның басты мақсаты  мен міндеттері:

1.Музыка арқылы   балалардың   мәдени   және   тілдік   білімдерін   байыту   мақсатында,   қазақ  тіліндегі  әндерді  насихаттау   және  тарату;

2.Ән өнеріне  тарту:  шығармашылықтың қол жетімді  түрі  ретінде  балалардың ән айтуға деген  қызығушылығын ояту;

3.Музыкалық   репертуарды  кеңейту:  қазақ әндерінің  балалар  репертуарды  кеңейту: қазақ әндерінің  балалар   репертуарын  байыту;

4.Мәдени дәстүрлерді  сақтау: қазақ ән өнерін қолдау және дамыту;

5.Рухани – адамгершілік  тәрбие: балаларды музыка  арқылы  тәрбиелеу, эстетикалық сезімдерін дамыту;

БАЛАЛАР ӘНДЕРІ ФЕСТИВАЛІ НЕ ҮШІН?

Рухани-адамгершілік тәрбие: балалар әндері — эстетикалық және адамгершілік қасиеттерді дамыту құралы

Мәдени дәстүрлерді сақтау: Фестиваль ұлттық мақтанышты нығайта отырып, қазақ мәдениетіне деген қызығушылықты арттырады

Көпсалалы тәсіл: Фестивалге балалардың жан-жақты дамуы үшін ән айту, музыкалық аспаптар және сахналық қойылымдар кіреді

Мерекелік атмосфера: жарқын және ұмытылмас әсер қалдыратын театрландырылған қойылымдар.

Әлеуметтік интеграция:Фестиваль білім беру және мәдени ұйымдарды, оқушыларды, педагогтерді, ата-аналарды, ақындар, композиторлар, әншілерді  біріктіреді.

Фестиваль-білім беру, мәдениет ұйымдарын ғана емес, сонымен қатар педагогтерді, ата-аналарды біріктіруге арналған маңызды жоба.                                     Жас орындаушылар қазақ тіліндегі балалар әндерін жанды дауыста музыкалық аспаптардың көмегімен орындай алады. Кез-келген авторлар мен композиторлардың, оның ішінде, қазақ тіліне аударылған балалар әндерін қазақ тілінде орындау ұсынылады.

Аталған шараға білім алушылардың: 6-17 жас аралығындағы жас орындаушылар қатыса алады. Жас орындаушылар қазақ тіліндегі балалар әндерін дуэт, трио, квартет, хор ұжымдары арқылы да орындап, бір оқушы бірнеше әнді айтуына болады. Аталған фестивальге жергілікті атқарушы органдар да қолдау білдірсе нұр үстіне нұр. Балаларды көтермелеу мақсатында жергілікті әуесқой әншілер, ақындар, композиторлар өз әндерін ұсынып, балалармен бірігіп жұмыс жасау мүмкіндігі қарастырылған.

Ол үшін TikTok әлеуметтік желісінде #ӘНШУАҚ ортақ хэштегінің астына балалар әнінің жанды орындалған бейнесін жүктеу қажет. #ӘНШУАҚ қазақ тіліндегі балалар әндері челленджі.Челлендж ақпан-мамыр айларында #ӘНШУАҚ хэштегімен Tik-Tok әлеуметтік желісінде қазақ тіліндегі балалар әндерінің жанды орындалған бейнесін (түпнұсқа аудио) орналастыру арқылы өткізіледі.

Қорытындысы 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күнінде шығарылады. Сондай-ақ, осы күні еліміздің әрбір елді мекенінде Open Air форматында концерттер өтеді. «Open Air» — #ӘНШУАҚ балалар әндерінің қазақ тіліндегі концерттері 2024 жылғы 1 маусымда сағат 11.00-де республиканың әрбір елді мекенінде бір мезгілде ауылдар, аудандар, қалалар мен облыстар әкімдерінің, ақындардың, композиторлардың, белгілі әншілердің қатысуымен балаларды жаппай тарту арқылы өткізіледі.

Осы орайда, ең үздік деп танылған жас орындаушылар 2024 жылдың 01 маусым күні Астана қаласында өткізілетін Гала-концертке шақырылады. Бұл күні балалар мен ересектер арасында ең көп дауыс жинаған және алғыс алған қазақ тіліндегі балалар әндері шырқалады. Гала-концертке шақыру алған оқушылар арнайы Дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтар мен «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жолдамалар табысталады.

«Фестивальдің ерекшелігі — бұл еліміздің рухани байлығын паш ететін, ең бастысы, өскелең ұрпақтың бойында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» тұжырымдамасына енгізілген дәстүрлі тарихи, рухани, мәдени құндылықтар негізінде тұрақты адамгершілік қасиеттерді дәріптеуге бағытталған. Фестиваль елімізге деген мақтаныш сезімін оятуға септігін тигізеді деген сенімдеміз», — деп атап өтті тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.

Еліміздің ертеңі-болашақ жас ұрпақтың қолында. Көксу ауданы Өнер мектебінің вокал және дәстүрлі ән бөлімдерінің педагогтары белсенділік танытып, дарынды оқушыларын жанды дауыста «Әншуақ» фестиваліне қатыстыруда. Алдағы уақытта оқушыларымыз Астана қаласында өтетін Гала-концертке қатысуларына сәттілік тілеймін. Ауданымыздың талантты балаларына бағыт беріп, барынша аянбай қолдау көрсетейік!

 Кайролданова Саулет Жамбыловна

Жетісу облысы Көксу ауданы Өнер мектебі  директордың  тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *