IOI-2024 халықаралық олимпиадасы жеңіспен аяқталды. Онда 90 елден келген, 350 қатысушы арасында Қазақстан командасы үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды.
Қазақстан командасынан қатысушылар: Максим Цой, Мансұр Таймас, Назар Серазитдинов және Ахмет Иса. Қазақстан командасының жетекшілері: Темірлан Сатылханов және Айбар Қуанышбай. Бұл жетістікпен қазақстандық оқушылар биылғы жеті беделді халықаралық олимпиадаларға қатысуын қорытындылайды. Олар IMO (математика), IPhO (физика), IBO (биология), IChO (химия), IOL (лингвистика), IGeO (география) және IOI (информатика) қатысып, нәтижесінде 26 медаль және 1 грамотаға ие болды.
Жалпы білім беру пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтарға біржолғы сыйақы беріледі. Алтын медаль жеңіп алған оқушы 1500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде, күміс медаль үшін – 1000 АЕК, қола медаль үшін – 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы алады.- деп Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі хабарлайды.
Бұл Қазақстан үшін маңызды оқиға, өйткені ол халықаралық аренада өзінің жетістігімен көзге түсті. Сонымен қатар, бұл Қазақстанның оқыту жүйесінің жоғары деңгейде болуын көрсетеді, ал Қазақстандық студенттер өздерінің шеберлігін бүкіл әлемге танытты.
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/840969?lang=kk