"Әншуақ" балалар әндер фестивалі өтеді

«Әншуақ» балалар әндер фестивалі өтеді

Жаңалық

«Құлақтан кіріп бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең менше сүй!»

Абай

Елімізде алғаш рет ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған қазақ тіліндегі «Әншуақ» балалар әндері фестивалі өтеді. Бұл өскелең ұрпақтың мәдени өміріндегі бірегей оқиға. Фестивальдің басты мақсаты — халқымыздың ұлттық колориті мен рухани мәдениетін дәріптеу.

Фестиваль аясында 9 қыркүйектен бастап Жетісу облысының түкпір-түкпіріндегі жалпы білім беру мекемелері мен қосымша білім беру мекемелерінде білім алып жатқан балалар әндерінің челленджі басталады. Оған 6-18 жас аралығындағы солистер, дуэттер, трио, квартеттер, хор ұжымдары қатыса алады. Ол үшін #ӘНШУАҚ жалпы хэштегінің астында TikTok әлеуметтік желісінде балалар әндерінің тікелей орындалуының бейнесін орналастыру қажет. Қорытындысы 1 маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күнінде шығарылады.

Сондай-ақ, бұл күні еліміздің әрбір елді мекенінде «Open Air» форматында концерттер, ал елорданың өзінде «Әншуақ» фестивалінің гала-концерті өтеді. Гала-концерттің барлық қатысушылары дипломдармен, бағалы сыйлықтармен, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жолдамалармен марапатталады.

Фестивальдің бірегейлігі — ол еліміздің рухани байлығының парағы, және ең бастысы, ол өскелең ұрпақтың бойында дәстүрлі тарихи, рухани рух негізінде орнықты адамгершілік сенімдерді тәрбиелеуге бағытталған.

Автор: Сабит Толыбеков

Жетісу облысы білім басқармасының Дене тәрбиесі,

 спорт, алғашқы әскери дайындығы және  қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік

 орталығы көркем эстетикалық шығармашылықты дамыту  бөлімінің әдіскері

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *