ТӨҢКЕРІЛГЕН СЫНЫП ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ЖҰМЫС ЖАСАУ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУ

«Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп – гимназиясы» КММ Аттестация Жаңалық Информатика Математика
ТӨҢКЕРІЛГЕН СЫНЫП ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ЖҰМЫС ЖАСАУ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУ

Зерттеу жұмысымның мақсаты: оқушыларға қызықты және қолжетімді материалдармен қамтамасыз ету арқылы оқушылардың жеке жұмыс жасау қабілетін дамытып, білім деңгейін көтеру

Зерттеу жұмысымызды бастаудан бұрын әріптестеріммен кеңесу арқылы ашық сұрақтардан және бірнеше жауаптан тұратын ауызша, жазбаша сауалнамалар алынды. Бұлардан басқа оқу бағдарламасының сапасы жайлы пікірлерді білу мақсатында мектепішілік интернет-сауалнама және сұхбаттар жүргізілді. Сондай-ақ бейнесабақтардың сапасын арттыру мақсатында зерттеуге қатысушылардан да сауалнама алды. Зерттеуге 9 сынып бойынша барлығы 96 оқушы және 5 математика мұғалімдері қатысты.

ТӨҢКЕРІЛГЕН СЫНЫП ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ЖҰМЫС ЖАСАУ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУ

Сауалнамадағы бірінші сұрақ оқушылар үшін математика пәнін оқуда бейнесабақтардың қаншалықты табысты екенін білу мақсатында қойылды.

ТӨҢКЕРІЛГЕН СЫНЫП ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ЖҰМЫС ЖАСАУ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУ

Жалпы осы төңкерілген оқытуды талдап алу себебіміз, бұл оқыту дәстүрлі оқытуға қарағанда көбірек тиімді болды. Айырмашылықтарын төменгі суретте анық көруге болады.

ТӨҢКЕРІЛГЕН СЫНЫП ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ЖҰМЫС ЖАСАУ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУ

Зерттеу жұмысынан жақсы нәтиже алу үшін әріптесім екеуміз 70 тен астам бейне сабақ жасадық. Зерттеу сыныбым 9 сынып болғандықтан бейне сабақтардың көбісі 9 сынып математика тақырыптарына бағытталды. Түсірілген бейнесабақтар YouTube каналына жүктеліп, қазіргі таңда 775 000 көрсетілім жинап отыр. 8000 нан астам оқушылар тұрақты жазылып көреді. Бейнесабақ сілтемелері оқушыларға электронды пошта немесе WhatsApp мобильді желісі арқылы жіберіледі.

Зерттеу жұмысын бағалау ретінде оқушылар мен ата-аналардан жазбаша кері байланыс алынды. Солардың бірнешеуі төменде көрсетілген: «Математика» пәні бойынша: • «Мен мұғалімнің түсіріп жүрген бейнесабақтарын үнемі қараймын, себебі мұғалімнің дауысын естіп, бейнесін көре отырып, сабақты үй жағдайында жылдам, әрі сапалы меңгере аламын. Алдағы келе жатқан 10-сыныптар арасындағы сыртқы жиынтық бағалау емтиханына дайындалуда мұғалімнің бейнесабақтары бірден-бір көмекші құрал болып табылады». • «Бейнесабақтардың бір жақсы жері – оларды кез келген жерде, өзіңе қолайлы уақытта (тіпті автобуста, көшеде, үйде) қарау арқылы сабаққа дайындалуға болады. Өз басым сол арқылы уақытымды үнемдеймін» (10-сынып оқушысы).

«Маған бейнесабақтар ұнайды, себебі азғантай 5-6 минуттың ішінде жаңа тақырыпты тез меңгеріп алуға болады. Өзіме қызықты болған жоғары сынып сабақтарын да қарап, математика пәнінен өз білімімді арттырып жүрмін» (8-сынып оқушысы).

Бейнесабақтар түсіруге арналған АКТ құралдары Бейнесабақтар түсіруге және өңдеуге арналған қолжетімді бағдарламалар өте көп. Төменде мұғалімдер қолданған бірнеше бейнесабақ түсіру әдіс-тәсілдері мен түрлері көрсетілген.

  1. https://ziteboard.com/ атты онлайн тақтаны қолдану маған өте жеңіл болды.
  2. Әріптесім бейне сабақты сыныптағы тақтаға жазу арқылы түсіндірді

Төменде көрсетілген 1-кестедегі нәтиже бойынша оқушылардың бейне сабақтарды қарау арқылы көрсетілім жасауы көрсетілген. Көбіне оқушылар бейнесабақтарды бірнеше рет қарауды қажет ететіндігіне көз жеткіздік. Сол себепті видео сабақтарды бір жерге жинақтаудық қажеттілігін түсіндім.

ТӨҢКЕРІЛГЕН СЫНЫП ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ЖҰМЫС ЖАСАУ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУ

Видео сабақтардың көбейуіне байланысты оқушылардың өздеріне керекті сабақты іздеуіне қиындық туындады. Осы видео сабақтарды бір жүйеге келтіру керек болды. Содан https://jasqanat.kz атты сайт құрылды, видео сабақтарды сынып және бөлім бойынша реттедім.

Оқушылар осы сайтты қолдана бастағаннан кейін, төңкерілген сынып әдісі өз нәтижесін көрсете бастады. Оқушылардың жеке жұмыс жасау қабілеті артып, бөлім және тоқсан бойынша дайындық жеңіл болды. Бұл жерде тек қана менің оқушыларым емес, басқа оқушыларда осы видео сабақтарды пайдаланып, youtube, whatsapp желісі арқылы түрлі сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдіре бастады. Қорыта келгенде осы бастаған жұмысым білім саласында өз орнын тапқан сияқты. Осындай қажеттіліктерді байқағаннан кейін сайтты ары қарай дамыту керектігін түсіндім. Оқушылардың оқу мақсатына  жеткендігін тексеру үшін, бағалау құралдарының керектігін байқадым, сол себепті socrative платформасындағы өзім құрастырған тесттерге сілтеме жасадым. Қалыптастырушы тест сұрақтары оқушылардың нәтижесін кесте түрінде пайызбен жақсы көрсетеді.

Зерттеу жұмысымыздың соңында оқушылардан сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесі:

Төменде оқушылардың жауабы көрсетілген гистограмма тұр. Оқушылардың барлығы дерлік (89%) бейнематериалдар алдыңғы білімдерін шыңдау үшін таптырмайтын тәсіл екендігін, 86% – оқу мен меңгеру қабілетін дамытқанын, 62% – қайталау арқылы есте ұзақ уақыт сақтай алатындарын айтса, 82% – емтихандарға дайындық ретінде қолданғанын айтты. Ешкім мүлдем пайдалы емес деген жауапты таңдаған жоқ, бұл әдістің жақсы тұстарының көп екендігін көрсетеді.

ТӨҢКЕРІЛГЕН СЫНЫП ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ЖҰМЫС ЖАСАУ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУ

Қорыта келгенде бейне сабақтардың оқушылардың жаңа тақырыпты алдын-ала қарап дайындалып келуіне пайдасы орташа болды. Көбінде жоғары деңгейдегі оқушылар ғана жаңа тақырыпты жақсы түсініп келді, ал басқа оқушылар жаңа тақырыпты түсінуде қиналды. Оқушылардың өткен тақырыпты қайталауына, түсінбей қалған жерін үй жағдайында отырып қайта қарауына өте пайдалы болды. Әсіресе бжб, тжб жұмыстарына дайындалуға жақсы көмектесті. Алдағы уақытта осылай жақсы, сапалы видео сабақтарды көбірек шығаруға және сайтқа түрлі тест сұрақтарын қосып, оқушыларға пайдалы платформа құрастыруға тырысамыз. Жұмысымыздың нәтижесі келесі суретте көрсетілгендей.

ТӨҢКЕРІЛГЕН СЫНЫП ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ЖҰМЫС ЖАСАУ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУ
ТӨҢКЕРІЛГЕН СЫНЫП ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ЖҰМЫС ЖАСАУ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУ

Еркін Сандуғаш,

Информатика пәні мұғалімі.

Кәкен Мерей,

Математика пәні мұғалімі, модератор, математика пәні магистрі.

«Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп –гимназиясы» КММ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *