ТӨҢКЕРІЛГЕН ОҚЫТУ — БҮГІНГІ ЗАМАН ТАЛАБЫ

«Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп – гимназиясы» КММ Зерттеу Исследование Образование в Казахстане
ТӨҢКЕРІЛГЕН ОҚЫТУ - БҮГІНГІ ЗАМАН ТАЛАБЫ

Төңкерілген оқыту — бүгінгі заман талабы. Бүгінгі заман балаларын өздігінен ізденуге, оқуға бағыттап отыру керек. Бала өз бетімен қандай да бір іс – әрекетке барса, ол өзіне өте тиімді болмақ және оған көп пайдасы тиеді.

Сондай әс –әрекетке жетелейтін оқытудың бір түрі ол – төңкерілген оқыту (төкерілген сабақ, төңкерілген сынып) болып табылады.  Ал осы «Төңкерілген сабақ» дегенімзі не? Бұл — оқытудың инновациялық сценарийі. «Төңкерілген сынып» әдісі бойынша оқушылар ұстаз берген ақпаратты, электронды ресурстарды қолдана отырып жаңа материалмен өзі танысып, білу, түсіну деңгейінен өтеді, Сыныпқа келген соң оқушы өзінің сауалдарын ұстазға қоя отырып жаңа материалды талдайды, бекітеді.

Жаңа материалды оқып біліп, танысуды үй тапсырмасы түрінде беру арқылы оқушыға әр түрлі ресурстар көзін өзіне ыңғайлы болатын кез келген уақытта қарап, мүмкіндігінше қайталап қарап түсіну – төңкерілген сабақтың басты ерекшелігі болып табылады. Сонымен қатар, әдістің тағы бір ерекшелігі оқушылар өзін – өзі дамыту жоспарын құра алады, өз бетімен оқу дағдыларын жетілдіреді,  оқуға, дайындалуға деген жауапкершілікті сезінеді, өзін жетілдіруге жұмыстанады.

«Төңкерілген сабақтың» әдістемесі негізгі үш компоненттен тұрады:

Бірінші компонегті  — мұғалімдердің виртуалды бағдарламаларды дайындауы (топтау немесе құру): видеосабақтар, презентациялар, басқа да материалдар және тапсырмалар, сонымен қатар оқушылармен байланыста болу үшін электронды қызмет көрсету;

Екінші компоненті оқу іс-шараларын ұйымдастыру: мұғалімнің тақырып бойынша негізгі құзыреттілігін анықтау, сыныпта жұмыс істеу формалары, сыныптағы білім алушылардың жұмысына арналған тапсырмаларды дайындау. Сонымен қатар, білім алушылар мұғаліммен бірге жұмыс жасау барысында қосымша тапсырмаларды шешеді: материалды тереңдете, біріктіреді және қайталайды;

Үшінші компоненті білім алушылардың білімі мен құзыреттілігін ағымдағы және қорытынды бағалау. Мұғалім білім алушылармен  бірге соңғы жұмыс түрлерінің бірнеше түрін таңдай алады, мысалы, тест немесе жоба ретінде жүргізе алады.

Жалпы айтатын болсақ ең негізгі ерекшелігі  оқушы берген тапсырманы өздігінен қарастырып, келіп сыныпта бірлесе жұмыс жасайды, бірін — бірі толықтырады.

«Төңкерілген оқыту» мен «дәстүрлі оқытудың» айырмашылықтарына «Т кестесі арқылы тоқтала кетсек; тоқтала кетсем:

Т кестесі
Дәстүрлі оқытуТөңкерілген оқыту
«Тыңда, есте сақта және орында» схемасы бойынша ғана жұмыс жасау. Сабақ барысында белсенділіктің болмауыОқу үрдісінде оқушылардың тікелей қызығушылықтарының оянуы
Технологиялар мен веб-құрылғыларды пайдалануАКТ бойынша жұмыс жасаудың формасы мен әдісінің өзгеруі
Үйретуші, білім алушылардың тәртібін қадағалаушы және оқушылардың білімін бағалаушыБілім алушылардың өздігінен жұмыс жасауға көмек көрсетуші, сенімді қарым-қатынас
Пассивті түрдегі білім беру, мұғалімнің білім алушыға берген білімі ғанаБелсенді және интерактивті білім беру. Жекеленген-бағытталған қатынас
Сыныптағы сабақ кезінде мұғалім білім алушыларға сабақ түсіндіреді, ал үй тапсырмасын өздігінен орындайды және көмек сұрауға мүмкіндігі болмайдыҮйде өздігінен  тақырып бойынша видеолекциялар, слайд қарастырады, ал сыныпта өзге оқушылармен бірге тапсырмалар орындап, үй тапсырмасын бекітіп, тақырыпты толықтай меңгереді

«Төңкерілген сыныптың» ерекшілігіне SWOT талдау жасайтын болсақ,

Артықшылығы: Оқушы өздігінен жұмыс жасайды, ізденеді;Оқу үрдісіне деген қызығушылығы артады;Үйде өздігінен  тақырып бойынша видеолекциялар, слайд қарастырады;Сыныпта өзге оқушылармен бірге тапсырмалар орындап, үй тапсырмасын бекітіп, тақырыпты толықтай меңгереді;Оқушы туындаған сұрақты мұғалімге қоя алмайды.Әлсіз жақтары: Жаңа тақырыпты кей оқушы игермеу қалады;Әр оқушы өз деңгейіндегі тапсырманы орындап қана қалуы мүмкін;Барлық оқушы берілген тапсырманы орындамайды;  
Мүмкіндіктері: Оқымай келген оқушылар, балалрдың тобында бірге жұмыс жасауға дағдыланады;ЖАДА аймағын қалыптастыруға болады;Оқытуға жеке көзқарастары қалыптасып, қызығушылықтары артуы;Берілген видеоны және презентацияны қарамаған оқушыларға сабақ қызықты болмауы мүмкін.Қауіпті жағы: Кей оқушы видеосабақтарды қарамауы мүмкін;Балалар теориялық материалды игермеу қалуы;;Мұғалімге көп ізденіс қажет етіледі.Барлық уақытта интернет оқушыларға қолжетімді бола бермейді

Қорыта айтқанда, төңкерілген сабақ – баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыруға бағытталады:

  • Оқушыларды төңкерілген оқыту әдісі арқылы оқыту нәтиже береді.
  • Себебі, оқушылар өздері оқу арқылы жіберілген кемшіліктерінің орынын толықтыра алады, оқушылар бір материалмен дайындалғандықтан бірін – бірі оқыта алады.
  • Ресурстарды беріп қою бойынша өз қажетінше қайталап оқу жақсы нәтиже береді.
  • Өздігінен оқу үшін видеосабақтар, нақты ресурстарды, жеке орындауға тапсырмаларды мол беру керек.
  • Оқушылардың орындаған жұмыстары бойынша сындарлы кері байланыс беру оқушының даму аймағын анықтап береді.

Білім алушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін болашақ өмірінің қажетіне жаратып, пайдаға асыра білуі керек. Яғни,функционалды сауаттылығы да артпақ. Өз білгенін, түйгенін өмірде қолдана білу, тәжірибеде жүзеге асыра алу осы төңкерілген оқу арқылытиімді жүзеге асады.  Бұл— қазіргі жаңаша оқытудың мақсаты және жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол болып табылады.

Мұның бәрі білім беру процесін цифрландыруды және оқытушыларда бейне сабақтар құру, оқыту мазмұнын монтаждау дағдыларының, инфографика тілі негіздері мен визуализация әдістерін білуді көздейді.

Еркін Сандуғаш

«Ш.Уәлиханов атындағы & 10 орта мектеп -гимназиясы» КММ -нің

Информатика пәні мұғалімі , болашақ математика пәні магистрі,

Кәкен Мерей

Математика пәні мұғалімі, модератор, математика пәні магистрі.

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы.

Оқыту аясында оқытушылар өздерін бейне режиссер, сұхбат беруші, заманауи презентациялар мен визуалды жұмыстардың басқа форматтарын жасаушы ретінде сынап көреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *