Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап – ақ оның өмір сүру қабілеттері дами батайды. Әр кезеңде адам бойындағы қандай да бір қабілет дамиды. Алайда сол қабілеттерді дамыту, ата –ана, қоршаған ортамен де тығыз байланысты. Ал бүгін біз сол адам қабілеттірінің ішіндегі ең жарықын ерекшеліктерінің бірі сөйлеу қабілетіне тоқтала кетейік. Сөз – адамның өмір сүру деңгейінің аса маңызды факторы болып саналады. Адамның сөйлеу қабілеті арқылы оның психикалық ерекшеліктерін де анықтауға болады.
Жақсы сөйлеу – баланың жан – жақты толыққанды дамуының кепілі. Баланың сөйлеуі дұрыс дамыса, соғырлым ол бала қоршаған ортаға бейімделе алады. Ол өз ойын кеңінен айта алады, құрбы – құдастарымен, үлкендермен емін – еркін қарым қатынас жасай алады.
Алайда бүгінгі таңда сөйлеу тілінде жүйелі бұзылыстары бар бүлдіршіндер көбейіп барады. Оған не себеп? Міне, осы сұрақтың жауабы бүгінгі таңда әлі де көп зерттеулерді талап етеді. Ата –аналар мен ұстаздар тарапынан да бүгінгі осы мәселенің негізгі себебі ғаламтордың пайда болуы, ертеден қара кешке дейін жұмыс соңында жүрген ата – ананың баланың қасында көп болмауы себеп деп ойлайды. Бұл да бір себепке жатады. Кей жағдайда тұқым қуалаушылық та болуы мүмкін. Өзім бүгінгі қоғамда сол ата –ананың баламен қарым — қатынасының аздығы деп ойлаймын. Ата –апаларымыз өз кезінде жас баланы әлдимен ұйықтатып, мақал – мәтел, жұмбақтар жаттатып, шешкізіп –ақ тәрбиелеген. Ал бұгінгі күні сол сәби бала жыламас үшін, ата –ана өзі шаршап келгенде мазасын ала бермесін деп теледидар қосып не ұялы телефонды қолына бере салады да баламен жеке қарым- қатынасқа түспейді. Ал қолында бір жақты ғана дүние бар бала тек шұқиып оны қарайды да отырады, оның не екенін, оның пайдасы қайсы, зияны қайсы біле де бермейді. Солай уақыт өте келе баланың бас миының жұмыс жасауы тежеледі.
Осы сөйлеу тілінің дамуын үш кезеңгебөлуге болады. Бірінші, критикалық кезең (1-2 жас) – бұл сөйлеу тілінің алғы шарттарының қалыптасатын кезеңі. Бұл кезде сөйлеу тілінің алғашқы белгілері қалыптасады, мінез – құлқы негіздері де қалыптас бастайды. Аты айтып тұрғандай «критикалық» осы кезеңді өткізіп алудың өзі келесі кезеңдерде даму сатысыныа үлкен қауіп тудырады. Бір – бір жарым жасар баланың фразалық сөйлеу қоырында кем дегенде 100- 150 сөз болғаны абзал. Осы кезеңде баланың дамуында қолайсыз кезеңдер болмағаны жөн. Өйткені бұл кезде баланың сөйлеу сөйлемеу ретін толыққанды айқындай алмаймыз. Әлі кішкентай ғой, сөйлеп кетеді деген оймен баланың толыққанды дамуына әсер ете қоймаймыз. Баламен сөйлеспейміз. Оның орнына оларға «кәкә, нәм – нәм, боқа» т.б. осындай мәнсіз дүниелерді айтамыз да қоямыз. Осы кездің өзінде баламен толыққанды адам ретінде сөйлесу керек. Қарым – қатынасқа түспейміз.
Сөйлеу тілінің дамуының екінші критикалық кезеңі – 3 жас. Бұл кезде баланың сөйлеу тілінің дамуы өте белсенді болады. Бұл жаста бала айналасындағылармен қарым – қатынасқа түсуі керек. Осы кезде баламен көп сөйлесіп қарым – қатынаста болмаса бала тұйықталып қалады да, сөйлемей қоюуы мүмкін. Үшінші критикалық кезең 6-7 жас кезеңінде болады. Балаға бұл кезде жан – жақтан психикалық күш те түседі. бала оны көтере алмай еркін тілдесуден қалып қалады.
Сөйлеу– баланың психикалық дамуының ең негізгі бөлігі, ол бала өмірінің алғашқы жылдарында қалыптаса бастайды. Сөйлеу арқылы бала қоршаған ортамен байланыс жасап, танымдық белсенділігі пен ойлау жүйесінің дамуы үшін қажетті ақпарат алады.
Сөйлеудің коммуникативтік функциялары ойлау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, ал бұл өз кезегінде баланың бейімді тәртібін, эмоциялық-ерік-жігер қасиеттерін және адами тұлғасын құруға өз үлесін қосады. Сөйлеудің танымдық қызметі сөйлеудің коммуникативтік қызметімен тығыз байланысты. Сөйлеудің реттеуші қызметі 4-5 жасқа қарай қалыптасады, ол кезде баланың саналы сөйлеу қабілеті дами түседі. Бұл қызметтің дамуы баланың іштей сөйлеу, тәртібі мен интеллектуалды қызметін реттей және басқара алу қабілетінің дамуымен тығыз байланысты.
Ал енді осы сөйлеу дағдыларының қалыпты даму тәртібіне тоқтала кетсек, балалардың сөйлеу қабілетіндегі бұзушылықтарды уақытында анықтау үшін балалардың сөйлеу дағдыларының қалыпты даму заңдылықтарын білу қажет. Балалар алғашқы сөздерін өмірінің 1-ші жылының соңында айта бастайды, алайда сөйлеу аппараты балаларда бұдан ертерек, өмірінің алғашқы айларынан бастап жаттықтала бастайды, сондықтан бір жасқа дейінгі мерзім сөйлеу қабілетінің даму жолында дайындық кезеңі болып табылады. Сөйлеуге дейінгі реакциялардың біртіндеп дамуы мынандай болады: 1,5-3 айда үілдеу, гүілдеу; 4-6 айда «сыбызғы» (әртүрлі дыбыстар тізбегі); 6-7 айда былдырлау; 8-11 айда былдыр сөздерді айту пайда болады.
Сөйлеу қабілетінің бұзылуы – орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) әртүрлі деңгейінің күрделі бұзылыстар кешені: ми қабығы, қабықтың асты, диэнцефалдық бөлігі, ми бағаны. Бұл бұзылыстардың құрылымы әртүрлі болады: атрофия және ишемия бөліктері, киста мен ісіктер, мидің белгілі бір жүйелері мен бөліктерінің биологиялық жетіспеушілігін тудыратын тамыр бұзылыстары. Мұндай бұзылыстар аясында мидың ғана емес, сонымен қатар сенсорлық жүйелердің дисфункциялары пайда болады.
Сөйлеудің бұзылуының себептерін бірнеше топқа бөледі:
— Биологиялық себептерге көбінесе баланың жатырда жатқан кезіндегі, толғақ кезіндегі (гипоксия, жарақаттар) және туылғаннан кейінгі алғашқы айлардағы (ми инфекциялары. жаракаттар, т.б.) патогендік факторлар жатады.
— Әлеуметтік — психологиялық қауіпті факторлар бірінші кезекте психикалық депривациямен байланысты. Депривация дегеніміз — ұзақ уақыт аралығында және жеткілікті түрде субъектінің негізгі «өмірлік және психикалық қажеттіліктерінің қанағаттндырылуына кедергі келтіретін өмірлік ахуалдар нәтижесінде пайда болатын психикалық көңіл күй.
— Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуына дұрыс қалыптаспаған таңдай құрылысы да зиян тигізеді. Көбіне жас аналар нәрестеге емізік беруге құмар. Дұрысы, емізікке үйретпеген жөн. Себебі, емізікті жиі емгеннен сәбидің таңдайы тереңдеп кетуі әбден мүмкін. Таңдай тереңдесе, артикуляциялық қозғалысы нашарлайды. Соның салдарынан әріптер дұрыс дыбысталмайды.
Сөйлеу қабілеті бұзылуының себептері әртүрлі болуы мүмкін, мысалы орталық жүйке жүйесінің перинаталдық зақымдаулары – ананың жүктілік және босану кезіндегі аурулары мен қиындықтары (ұрықтың гипоксиясы, құрсақ ішіндегі инфекциялар, шала туу, босану кезіндегі жарақаттар), артикуляциялық аппарат қызметінің ақаулары, есту қабілетінің зақымдануы, баланың жалпы психикалық дамуындағы артта қалушылық, тұқымқуалаушылық пен жағымсыз әлеуметтік факторлардың ықпалы. Дене дамуында ақаулары бар, ерте жасында ауыр ауруларға шалдыққан, әлсізденген, дұрыс тамақтанбайтын балалардың да сөйлеу қабілеті бұзылады.
Қорыта айтқанда сөйлеу тілінің дамымауын кешенді түзету компоненттерінің бірі логопед маманымен жүйелі сабақтар өткізу болып табылады. Логопедиялық массаж сонымен қатар дыбыстың айтылуын жақсарту үшін сөйлеу бұлшықеттерін қалыпқа келтіруге ықпал етеді.
Сонымен қатар, мидың сөйлеу аймақтарын белсендіру және қанмен қамтамасыз етуді жақсарту үшін микроток рефлексологиясы және ноотропты препараттармен жалпы сөйлеу тілінің дамымауы үшін дәрілік терапия қолданылады.
Айткалиева Айсулу Бауыржановна,
Педагог-логопед.
№12 орта мектеп – гимназиясы,
Жетісу облысы, Талдықорған қаласы.