БІЛІКТІ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙМЫЗ

БІЛІКТІ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙМЫЗ

Жоғарғы білім

Автор: Дана Тәсібекқызы Нұрбек, Құқық және экономика факультеті, құқықтық пәндер кафедрасы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Жетісу өлкесіндегі жоғарғы білімнің қара шаңырағы — І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Құқық және экономика факультеті, Құқықтық пәндер кафедрасы бүгінгі күні «Құқықтану», «Құқық қорғау қызметі», «Халықаралық құқық» мамандықтары бойынша бакалавриат, магистратура, докторантура бағытында білікті мамандар даярлап келеді. Қазіргі таңда кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы 29 оқытушыдан тұрады, оның ішінде 1 заң ғылымдарының докторы, профессор; 5 заң ғылымдарының кандидаты, 6 философия докторы (PhD), 2 қауымдастырылған профессор; және 1 ЖУ-нің құрметті профессоры бар. Кафедра студенттердің біліктілігін арттыру бағытында әртүрлі тақырыптарда қонақ-дәрістер, шетелдік ЖОО-мен академиялық ұтқырлық, студенттерге арналған  криминалистикалық полигон, сот мәжіліс залында оқу жиындарын өткізіп отырады.

 Атап өтер болсақ, 2024 жылдың қазан айында құқықтық пәндер кафедрасының базасында ашық сот процесі өткізілді. Бұл білім алушылардың сот процесінің барысын көзбен көре отырып, практикалық білімдерінің артуына ықпал етеді.

Сонымен қатар, 2024 жылдың 16 қазанында Жетісу облысы Полиция Департаменті Кинология қызмет орталығының қызметкерлерімен кездесу өтті. Сала мамандары студенттерге тінту, қару-жарақ, жарылғыш заттар мен есірткілерді іздеу және арнайы үйретілген иттердің көмегімен қылмыскерлерді ұстаудың ерекшеліктерін көрсетті. Мұндай іс-шаралар да білім алушылардың қосалқы құқық салаларының қыр-сырымен жете танысуына мүмкіндік береді.

18 қазан күні кафедраның ұйымдастыруымен Жетісу облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары — А.М. Досанов пен Ә.Б. Бақытов құқықтық білім беру бағдарламасының студенттеріне қонақ дәрісін өткізді. Практик мамандардың дәріс беруі болашақ заңгерлердің біліміне қажетті ақпараттарды жинақтауына жол ашары анық.

Жалпы, құқықтану ел тәуелсіздігінің берік іргетасын қалаушы сала екендігін ескерсек, аталған салада білім алатын студентттердің біліктілік пен кәсібилік деңгейінің жетілуі өте маңызды. Азаматтық ұстанымы бар, адамгершілігі жоғары, интеллектуалды, әділдік туын берік ұстар болашақ фемида мамандарын даярлауда құқықтық пәндер кафедрасының оқытушылары теория мен практиканы ұштастыра отырып, сапалы білім беру бағытында жемісті еңбек ете бермек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *