"ӘНШУАҚ" есеп беру концерті өтеді

«ӘНШУАҚ» есеп беру концерті өтеді

Жаңалық

Сырлардың сүзіп ішкен зеренінен,

«Әншуақтың» озып шыққан зерегі ме ең.

Әнге де шабыт керек, сезім керек,

Жүректің қайнап шығар тереңінен.

С.Толыбеков

Жетісу облысы білім басқармасының Дене тәрбиесі,спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен  2024 жылдың қараша айының 27- жұлдызында Республикалық «Әншуақ» қазақ тіліндегі балалар әндері фестивалінің Жетісу облысы бойынша қыркүйек-қараша айлары қорытындысының I тоқсандық есеп беру концерті өтеді.

Мақсаты:  Музыка арқылы балалардың мәдени және тілдік білімдерін байыту, қазақ тіліндегі балалар әндерін насихаттау және тарату. Сонымен қатар I- тоқсанның қорытындысы бойынша Үздік деп танылған әнші балапандарымыздың өнерлерін тамашалау, жетекшілері мен жас өнерпаздарымызды марапаттау болып табылады. Есеп беру концерті аясында 9 қыркүйектен бастап Жетісу облысының түкпір-түкпіріндегі жалпы білім беру мекемелері мен қосымша білім беру мекемелерінде фестивальдің өтуіне аянбай ат салысып жатқан балалар әндерінің «Үздік» вокалды топтары, Республикалық «Қазақ радиосының» «Әншуақ» әуе толқыны айдарында шырқалған Жетісу облысынан қатысушы оқушылардың «Үздік» музыкалық туындылары шырқалып, жетекшілері марапатталатын болады. «Әншуақ» фестивалі аясында  әлеуметтік желілерге жарияланған челленджілер көрермен назарына ұсынылатын болады. Қыркүйек- қараша айларының қорытындысы бойынша Республикалық «Әншуақ» қазақ тіліндегі балалар фестиваліне белсене қатысқан оқушылар мен олардың жетекшілері  Жетісу облысы білім басқармасының Дене тәрбиесі,спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының «Алғыс хатымен» марапатталады.

Сабит Толыбеков,

Жетісу облысы білім басқармасының Дене тәрбиесі,

 спорт, алғашқы әскери дайындығы және

қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік

 орталығы көркем эстетикалық шығармашылықты дамыту  бөлімінің әдіскері

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *