ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСІ

ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСІ

Информатика

Автор: Узбанова Айгерим Сулеймановна, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің  информатика пәнінің оқытушысы

Бүгінгі ұстаз үнемі ізденіс үстінде, сондай-ақ ол «колледжде  оқушыларын не нәрсеге оқыту керек?» деген көкейтесті проблемалық сұраққа жауап іздейді. Қазіргі заманғы педагогтің, шебер педагогтің айрықша белгілері ұдайы өзін-өзі сын тұрғысынан қарау, білімдарлық және жоғары еңбек мәдениеті болып табылады. Оқытушының  кәсіби өсуі өздігінен білім алу қажеттілігінсіз мүмкін емес. XXI ғасырдың мұғалімі – педагогикалық қызметтің әр алуан салаларындағы өз жұмысының қорытындыларын  шығаруға, өз тәжірибесін жинақтауға міндетті түрде ұмтылатын тәжірибелі технолог, ұйымдастырушы. Бұрын мұғалім оқушының алған ақпаратының көлемін білумен шектелетін де, көбіне оны шәкірттің жеке өз көзқарасы қызықтырмайтын. Оқушы мұндай жүйеде-объект, яғни мұғалім – білім береді, оқушы-білім алады. Нәтижесінде, белгілі психолог А.Н.Леоньевтің айтуынша «ақылды байыту кезінде жан жұтады». Сонымен, мұғалім оқыту үрдісінде оқушыны әрекеттеніп, талпынып, жаңа материалды игеруіне бағыттауы тиіс. Оқыту барысының нәтижелі болуы мұғалімнің әдістемесіне, шеберлігіне және оның жаңа технологияларды  озық игеруіне байланыcты. Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің ең басты мәселесі — білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Сондықтан білім сапасын арттыру үшін жаңа технологияларды, ұтымды әдіс тәсілдерді пайдалану, білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару еліміздегі әрі кезек күттірмейтін ауқымды мәселелердің бірі  болып отыр.

            Қазіргі таңда сабақ тиімділігін арттыруда жаңа ақпараттық технологиялар қолданылуда. Мұндай технологияларды қолдану оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге қызығушылығын арттыруға жағдай жасайды.

            Қазақстан әлемдік технологиялар ғасырына аяқ басуда. Кез келген сабақ барысында, тіпті күнделікті тұрмыста барлығы компьютерге, компьютерлік жүйеге байланысты болып отыр. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен  «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қоғамды ақпараттандыру экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамыуның негізгі белгісі қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңге енді.  Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.

            Бүгінгі уақыт талабына сәйкес білім беруді одан әрі жетілдіру оқу-тәрбие процесіне озық тәжірибені, ғылыми жетістіктерді жеткізу талап етіледі.

 «Жаңа технология үлгілерін игеру» мақсатында мұнда оқушылар компьютер тілін біледі, бірақ оны өзі үшін пайдаланудың қажеттілік аясаның шамалы екендігін дәлелдеді. Белгілі педагог Ш.Амонашвили: «Оқушылардың білімін арттыру, пәнге қызықтыру үшін, оқытуда, жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан соң бастау керек» дейді. Осыдан көретініміз оқушылар компьютерді пайдалану жүйесін толық меңгермеген. Оқушылар көбі ойын, мәтін жазу үшін ғана компьютерді пайдаланады. Ол үшін оқушылардың қызығушылығын, шығармашылық, танымдық әрекеттерін дамыту және жаңа технологиялар өнімін пайдалану шеберлігін қалыптастыру, өз іс-әрекеті мен ойын креативті пайдалана білуге дағдыландыру керек.

            Компьютердің жаппай таралған кезінде, адамдардың ақпарат туралы білімі жалпы мәдени құндылыққа ин болып отыр. Бүкіл әлем зерттеушілері мен практиктерінің жас әрі тез дамып келе жатқан информатика ғылымына қызығушылығы осы жайттармен  түсіндіріледі.  Қазіргі таңда информатика ақпараттық-логикалық үлгілер туралы негізгі ғылымға айланып отыр және ол басқа ғылымдарға, тіпті зерттеу тақырыптары ұқсас математикаға да жатқызылмайды. Ақпарат құрылымы және оны өңдеу әдістері информатиканың зерттеу нысаны болып табылады. Ең алдымен, білім беру субъектілерінің – мұғалім мен оқушы арасындағы жұмыс жүзеге асырылады. Оларға жаңадан принципке негізделген жаңа қарым қатынас орнатуға, оқу жұмысының құралдарының және оның мазмұнын қайта құру ерекшелігінің өзгеруіне байланысты жұмыстың жаңа формаларын игеруге тура келеді. Білім беруді компьютерлендірудің басты қиындығы, оқушы мен мұғалімнің компьютерлік сауатты болуында. Әрине қазіргі таңдағы проблемалы лекция, проблемалық сабақ, семинар-пікірталас, ғылыми зерттеу жұмысы секілді педагогикалық жұмыстарды бұндай  теориялық схемалармен бейнелей алмаймыз. П.Нортон айтқандай «компьютер – адамдардың түрлі құбылыстар мен заңдылықтарды ұғынуға көмектесетін құрал», ол нақты фактілер мен дағдыларға негізделген адам зердесін шаршататынын ұмытпаған жөн. Оқу процесін қазіргі заманғы психологиялық-педагогикалық теорияға сәйкес жоспарлау қажет.

Жаңа ақпараттық технологиялармен оқыту – қазіргі уақытта білім беру жүйесінде мұғалімге тұлғалық қасиеттері мен мамандық құзырлықтарына жоғары талап қойылады. Шығармашылық қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамадық шеберлігі  қалыптасқан мұғалім қажет. Оқушылардың шығармашылығын даралығын қалыптастыру үшін, оқушының дайындық деңгейін,  ынтасын және қабылдау жылдамдығын  ескеру арқылы жаңа метариалдарды тиімді оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдаланған дұрыс.

Деңгейлеп оқыту технологиясының  мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді. Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуын жағдай жасауға, әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін жеке тұлғалық, психологиялық даму ерекшеліктеріне, пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөлініп отыруы тиіс. Жалпы оқытудағы міндет оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Сондықтан сабақта оқушылардан жиі тақырып бойынша деңгейлік тапсырма алып отыруы тиіс.  Өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтау белсенділігі, дағдысын білім саласының дамыу қамтамасыз етеді. Деңгейлеп  оқыту технологиясын – оқушының оқу, білім алу процесінде жан-жақты дамуын оқытудың басты мақсаты ретінде қабылдайды. Оқу процесі оқушылардың анализдеу, синтездеу, себеп —  салдар байланыстарын табу, жалпылау, қорытынды жасау, түрлерге бөлу, салыстыру  —  сияқты интелектуалдық дағдыларын дамыту тиіс. Деңгейлеп оқыту технологиясы сабақта проблема қою әдісін және оқушылардың зерттеу әдісін қолданып отыруды көздейді. Деңгейлеп оқыту технологиясында оқушының барлық оқу әрекетіне мұғалім басшылық, бағыттау жасап отырады және де оқушының ойлау қызметімен қатар олардың оқу білігін дамытуды көздейді.        

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *