«Мобильді радиостанцияны монтаждау ерекшеліктері»

«Мобильді радиостанцияны монтаждау ерекшеліктері»

Кәсіби білім

Дайындаған арнайы пәндер оқытушылары:  

Карчиганов А.Р, Досбеков М, Жумашева Т.Д.

Талдықорған жоғары политехникалық колледжі

 

«Электроника, автоматтандыру және робототехника» білім беру бағдарламасының онкүндік аясында өткізілетін облыстық шебер сыныптың сабақ әзірлемесі

Мақсаты: Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында «Білім мен тәжірибені ұштастыру – сапалы маман даярлаудың кепілі» туралы баяндау. Радиобайланыс жүйесімен танысып,  мобильді радиостанция мен антеннаның қызмет функцияларын үйретіп, монтаждау, баптау және  орнату жолдарын меңгерту.  

Шебер сынып жоспары:

  1. Жаһандану талабына сәйкес, білім мен ғылымды тәжірибемен ұштастыра отырып, сапалы маманды қалыптастыру аса маңызды, күрделі міндет.
  2. Ультра қысқа толқында жұмыс істейтін базалық радиостанцияны монтаждау әдістерін тәжірибе жүзінде көрсету.
  3. Әріптестерге тапсырма беру арқылы кері байланыс жасау.

Бүгінгі таңда жедел дамып келе жатқан  байланыстың бірі — ультра қысқа толқында (УҚТ)  жұмыс істейтін  радиостанциялар. УҚТ диапазонындағы байланыс ел және әлем шеңберінде үздіксіз сапалы байланыс беру міндетін шешеді. Талдықорған қаласында күзет агенттігі, ішкі істер қызметкерлері, әскери бөлімдерде, мейрамхана, сауда орындарында бұл байланыстың атқаратын рөлі зор. Осы байланыс саласындағы радиостанцияларды  монтаждап, программалап және орнататын арнайы мамандар қазіргі таңда аз болғандықтан, «Электроника, автоматтандыру және робототехника» білім беру бағдарламасының онкүндік аясында өткізілетін облыстық шебер сынып сабағына осы тақырыпты қамтуды жөн көрдік.

Автомобиль радиостанциясын орнату үшін алдын ала қандай дайындық жүргізу керек:

•  Құрастыруға қажетті құрал-жабдықтарды  дайындау.

•  Радистанцияны бекітетін орынды жоспарлау.

  • Антеннаны орнататын орынды жобалау.

• Барлық радиобайланыс жүйесінің жабдықтарын, оның ішінде аксессуарларды жинақтау керек.

«Мобильді радиостанцияны монтаждау ерекшеліктері»

Станцияны монтаждау келесі критерийлерге сәйкес келуі тиіс: орнату орнында дисплейге жақсы шолу және түймелерді ауыстырып қосу үшін ыңғайлы қол жеткізу қажет. Станцияның артқы панелі жылу режимін қамтамасыз ету үшін ауамен үрленуі, ал тангент «қол астында»орналасуы тиіс. Сондай-ақ, радиостанцияның автомобильді жүргізуге кедергі келтірмеуі өте маңызды.

Радиостанцияны орнату үшін маңызды шарт: бұл антенна кабелінің ұзындығы, кабель ұзындығы көп болса, онда сигналдың өшуі көп. Келесі кезең — антеннаны орнату орнын таңдау. Магниттік антенналар әдетте жалпақ бетке, мысалы, автомобильдің төбесіне орнатылады. Бұл жағдайда,оның ұзындығы, әдетте бекітілген шамаға ие болады, бұл антеннаны орнату кезінде ескеру қажет. Кесілетін антенналар кабелінің ұзындығын өз қалауыңыз бойынша өзгертуге болады.

Антенна кабелін төсеу.

Антеннаны ең жақсы орнату орны-автомобильдің жоғары нүктесі. Антеннаны бекіту тораптарында автомобиль корпусымен жақсы электрлік байланыс болуы тиіс.

Өзінің конструкциясына байланысты магниттік негізі бар антенна ойылған антеннамен салыстырғанда тиімдірек, бұдан басқа, магниттік антеннаны орнату кезінде, егер антеннаны алып тастау және оны автомобиль кабинасына салу жоспарланса, орнату орнын нақты белгілеу қажет.

«Мобильді радиостанцияны монтаждау ерекшеліктері»

Сурет 1. Автомобиль шанағында антеннаны орнату нұсқалары.

Жақсы экрандалған антенна кабелінің болуы өте маңызды, әйтпесе машина жолаушылары жоғарғы жиілік энергиясымен сәулеленетін болады, сонымен қатар автомобиль электроникасын дұрыс жұмысын жаңылыстыру мүмкін. Нашар кабель қабылдау кезінде шудың деңгейін арттырады.

Кабельді тікелей машинаның металл корпусымен бірге созып, оны орап бұрамаған жөн.

Қуат кабелін қосу.

Қызыл  және қара қуат кабель сымын тікелей автомобиль аккумуляторының плюстік контактісіне қосыңыз. Кабельді төсеу кезінде міндетті түрде автомобильдің жылу оқшаулағыш қалқаны өтетін жерде қорғаныш оқшаулағыш  пайдаланыңыз. Ол қуат кабелін дірілдеуден қорғау үшін қажет. Кабельді қосқан кезде радиостанцияның номиналды қуат кернеуіне назар аударыңыз. Көп жағдайда радиостанциялар 12-14 вольт кернеуін (номиналды 13,8 В) пайдаланады. Антеннаның жалғау сенімділігін тексермей, радиостанцияны қосуға болмайды.

Баптауды орындау үшін тұрақты толқын коэффициентін (ТТК) өлшегіш құралы  қажет.

ТТК — мен өлшеуді жүргізу үшін екі ажыратқышы бар қосымша кабельдің көмегімен радиостанция мен антенна арасындағы тізбектің үзілуіне қосылады.

Тұрақты толқын коэффициенті (КСВ) — антеннаны баптау кезіндегі маңызды көрсеткіш. Ол антенна-фидерлік трактінің радиостанциямен келісу дәрежесін көрсетеді. Тұрақты толқын коэффициенті -1 болса тамаша мән болып саналады. ТТК мәні 5-тен артық болғанда радиостанция істен шығуы мүмкін, сондықтан антеннаны орнату және қосу  кезінде өте мұқият болу керек.

ТТК123 45
сәуле шығару қуаты100%88%75% 64%55%

 

Сабақты қорытындылау.

«Мобильді радиостанцияны монтаждау ерекшеліктері»

 

Тақырыпты ситуациялық сұрақтарға жауап беру арқылы талдау жасату.

Шебер сынып сабағы бойынша рефлексия.

Радиостанцияны автомобильге орнатуды жақсы меңгеру үшін төмендегі бақылау сұрақтарына жауап беріңіздер.

1. Автомобиль радиостанциясын орнату үшін алдын ала қандай

дайындық жүргізу керек?

2. Радиостанциялардың номиналды кернеуі қанша?

3. Кабельді жүргізген кезде қандай қорғау қамтамасыз етілетіндей

орналастырылу керек?

4. Антеннаны орнату биіктігі неғұрлым жоғары болса, қалай жұмыс

істейді?

5. Антеннаны орнатқаннан кейін жұмыстың ең жақсы көрсеткіштері болу

үшін қандай құрылғымен тексереміз?

6. Антеннаның қандай көрсеткіштерін тексереміз?

         «Мобильді радиостанцияны монтаждау ерекшеліктері» туралы толық ақпаратты  А.Карчигановтың  ютуб каналынан  мына сілтеме https://youtu.be/ki1KEswkt4E   арқылы көрулеріңізге болады. 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *