Авторы:
КАСЫМЖАНОВА АЛИЯ МАКСИМОВНА
«Фортепиано» пәнінің педагогы
«Көксу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Сабақ жоспары
Мектеп: «Көксу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | |||||
Күні: 29.09.2023ж | Педагогтың аты-жөні: «Фортепиано» пәнінің педагогы Касымжанова Алия Максимовна | ||||
Сынып: 4,5,6,7 | Қатысқандар: 6 оқушы | ||||
Сабақтың тақырыбы | «ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ АНСАМБЛЬДЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ». | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы) | «Қамажай» шығармасында иновациялық технологияларды қолдана отырып пәнаралық байланысты көрсету және ансамбльде интеграциялау. II. Үлгілік оқу жоспарына сай -ұжымдық саздандыру әдіс тәсілдерін қолдану. Білім беру бағдарламасы осы күнгі мектепте интерактивтік білім беру технологияларын, сабақтардың классикалық және дәстүрлі емес топтамасын (типология) ендіруді көздейді, ол өз алдында балалар музыка мектептерінің фортепиано және басқа бөлімдерінде оқытудың кәсіби деңгейінің артуына,аспаптық орындаушылық өнерінде жаңа дарындарды ашуға, ұлттық мектебінің дәстүрлерін нығайтуға, орындаушылық өнер әдістемелерімен халықаралық алмасуға, ұлттық мектептердің шығармашылық байланыстары мен дәстүрлерін нығайтуға, жас ұрпақтың рухани тәрбиесінің маңызды құрамдас бөлігі ретіндегі музыкасын насихаттауға, сондай-ақ Қазақстанның жас дарындарын, олардың қалыптасып келе жатқан шығармашылық жолының бастапқы сатысында қолдауға жағдай жасау. | ||||
Сабақтың мақсаты | 1.Білімділігі: Ансамбль орындаушылығының өзіндік ережелерімен таныс болу, сезіну, бірін бірі тыңдап ойнау. Сабақта инновациялық технологияны қолдана отырып аранжировкамен жұмыс жасау ,ансамбльді қосу және орындаушылық шеберлігін жетілдіру. 2.Дамытушылығы: Оқушылармен ансамбльдегі импровизация орындау тәсілдерін дамыту. Оқушының өз бетімен оқып үйренуіне ықпал жасау, музыкалық шығармаларды өзіндік ойнау ерекшеліктеріне қарай талдауды үйрету. 3.Тәрбиелілігі: Оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелеу арқылы эстетикалық талғамын өсіру. | ||||
Бағалау критерийі | Ансамбльді жоғарғы деңгейде шебер орындау үшін,әр орындаушы шығарманың көркемдік мақсатын, музыкалық бейнесін бірігіп сезіну керек.Сабақ барысында оқушылар тындаушының назарын өзіне аудара алады. Өз ойларын еркін жеткізеді. | ||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Берілген шығармаға талдау жасап, жаттап келу керек. Шығарманың аннотациясы мен шығу тарихын білу. Пəнге тəн арнайы лексика жəне терминология: Moderato (модерато) — орташа , legato итал. – байланыстыра, scherzando [скерца́ндо] — көңілді. Глиссандо (итал. glissando — сырғу, тайғанау) — музыка өнеріндегі орындаушылық тәсіл. Аралық дыбысты айқын білдірмей, еппен, баяу сырғу арқылы бір дыбыстан екінші дыбысқа көшу әдісін білдіреді. Музыка аспаптарда (ішекті аспаптарда, арфада, фортепьянода, үрмелі аспаптарда) ойнағанда қолданылады. Тремоло – (ит.tremolo-дірілдеу) — бір немесе бірнеше дыбыстың өте жиі қайталануы. Ол дыбысты ұзақ ұстап тұру үшін немесе әуенді әрлеу ушін қолданылады. Домбырада тремоло штрихы түрлі әдіспен орындалғанмен негізінен оның екі түрі қолданылады. Жанр: бастапқы музыкалық формасы бар сәйкестендіруді білдіреді, ол дәуірге немесе анықтамалық орынға да қатысты болуы мүмкін, мысалы; самба, байао, классика, рок, сальса, бразилиялық, латын, жапон және т. б. Стиль: қолданылған интерпретацияға немесе аспаптарға негізделген түпнұсқадан (жанрдан) ауытқуды білдіреді, мысалы; босса-нова, форро, барокко,рагги, ламбада, ауыр рок және т. б | ||||
Құндылықтарға баулу | Ұлттық аспаптар: Сазсырнай – саздан жасалған үрмелі аспап. Сыртқы пішіні жұдырыққа немесе тауық жұмыртқасына ұқсас. Бұл үрмелі аспаптың дауысы желді суреттейді. Негізі дыбыс шығару үшін алты тесікке дейін жасалады. Ертеректе аспапты шопандар қолданған. Домбыра ішекті аспап – қазақтың музыкалық мәдениетінің төлқұжаты. Домбыра ағаштан жасалады. Домбырада ойнаудың екі тәсілі бар: кейбір орындаушылар ішекті шертіп тартады, ал басқалары қағып ойнайды. Мұндай музыка алуан түрлі сезімдерді жеткізеді: қуаныш пен махаббат, қайғы мен нәзіктік. Жетіген — бүгінгі таңда кең танымал аспап. Ол қазіргі халық оркестрлерінде жиі қолданылады. Ол ағаштан жасалады, пішіні – тіктөртбұрыш. Сыртынан жетіген жеті ішекті гуслиге ұқсайды. Аспаптың ішегі аттың жалынан жасалады. Жетіген аңызында жеті ішекті пайдалану заңдылығы айтылған. Қарт жеті ұлынан айрылып, қайғы-қасіретін, мұң-зарын, шерін осы аспаптың көмегімен тарқатқан. Күй тартып отырып, әр ұлына арнап аспабына жаңадан ішек тартқан. Қазақтың ішекті аспаптары – халықтың лирикалық жан дүниесінің көрінісі. Олар өзіндік құрылымға ие және әртүрлі дыбыстар шығара алады. Сақпан – ежелден келе жатқан қазақтың сілкімелі музыкалық аспабы. Бұл аспап өзге аспаптардан өзіне ғана тән үнімен ерекшеленеді. Аспапты жасап шығару шеберге аса үлкен қиындық тудырмайды. Ені 2-3 см, ал ұзындығы 10-15 см болады. Жұқа ағаштар кесіліп, бір жіпке немесе сымға тізіледі. Жұқа ағаштар бір-бірімен беттескен кезде араларында саңылау болуы керек. Бұл дыбыс жаңғырығының жақсы болуына ықпал етеді. Сақпан тасжарған, ырғай, сондай-ақ, жеміс ағашынан жасалады. | ||||
Пәнаралық байланыс | Фортепиано,саз сырнай,домбыра,жетіген,сақпан аспаптарынан құралған ансамбль және бейнелеу өнерін интеграциялау; | ||||
Алдыңғы білім | Шығармаға толық талдау жасау ,тональділігін анықтау.«Қамажай» халық әнін қарастырып, жаттау. «Қамажай» әнінің шығу тарихы мен ерекшеліктері.Оқушылардың ізденіс және шығармашылық дағдысын дамыту. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері. Шапалақ арқылы ырғақты соғу.Қол шапалақтау балалардың дамуы үшін өте пайдалы. Оң және сол ми жарты шардың өзара әрекеттесуін жақсартуда. Қол шапалақтаудың пайдасы, нәтижесінде зейіннің шоғырлануы жақсарады, ойлау процесі жақсарады, есте сақтау қабілеті күшейеді. | Ресурстар | |||
Сабақтың басы | 1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу. Психологиялық ахуал туғызу. 2.Үй тапсырмасын тексеру Халық әні «Қамажай» шығармасының партия бойынша орындалуын тексеру және бекіту. 1-ші партия саз сырнай Нұржанқызы Шолпан қобыз бөлімінің оқушысы, 2-ші партия жетіген Оспанәліқызы Риза фортепиано бөлімі, 3- партия домбыра Мақатай Мейіржан, Қанабек Нұрдаулет домбыра бөлімінің оқушылары, 4- партия фортепиано(күйсандық) Бекболатқызы Құралай, 5- партиясақпан домбыра бөлімінің ұстазы Серикбек Назира. | ||||
Жаңа сабақ: «Қамажай» шығармасын ансамбльде қосу. Оқушылардың ансамбльде орындаушылық шеберлігін жетілдіру. Аннотация. Ансамбль дегеніміз не?«Ансамбль»- лат.т. «бірге» орындаушылық өнердің өзара үйлесімі, көркемдік тұтастығы деген мағынаны береді. Ансамбль-бірлесіп шығарма орындаудағы көркемдік бірлік, тепе-теңдік, барлық техникалық және көркемдік-мәнерлік құралдарының сәйкестігі. «Қамажай» шығармасының орындалу ерекшеліктеріне талдау жасау.Сұрақ –жауап. Фортепиано аспабының партиясында қандай ерекшелікті көріп отырсыздар? Джаз ырғағы мен әуені (ағылш. jazz) — музыка жанры. 19-20 ғасырлар шегінде еуропалық және африкалық музыканың тоғысуынан пайда болды. Джаз музыкасының түп негізі зәңгілердің тұрмыс-салт билерімен, еңбек әндерімен, спири-чуэл және блюздарымен (лирик, әндер) астасып жатады. Джаз музыкасындағы көп ырғақтылық, негізгі әуеннің сан рет қайталануы, вокалдық мәнерлілік, өрнектілік — африкалық халық музыкасына тән белгілер. Домбыра аспабының партиясына келетін болсақ? Қазіргі заман стилінде жазылған. Қазіргі заманғы музыка әр түрлі стильдермен ұсынылған: классикадан заманауи өңдеудегі дуб-степке дейін. Жанрлар барған сайын біріктіріліп, олардың негізінде жаңа төл туындылар жасалуда. Басты партия саз сырнайда? Халық әндері сонау заманнан бері ұрпақтан ұрпаққа ұласып келе жатқан халқымыздың қазынасы. Халық әндері деп аталуының себебі, ол бір адамның айтқан әнін келесі адам сол сәтте жаттап алып, халық арасында кең таралып кеткен әндер. Жетіген партиясына келетін болсақ? Сұрыптап ойнау (перебор) (ағылшын тілінде-Rolls, fingerpicking) — тұрмыстық тілде, жетігенде және кейбір басқа ішекті аспаптарда (мысалы, гитара) теріп ойнау, оң қолдың әр түрлі саусақтарымен ішектерді дәйекті түрде сұрыптаудан тұрады. Көбінесе арпеджио ойнау үшін қолданылады, бірақ онымен шектелмейді. Бұл тирандо мен апояндо әдістерін біріктіретін классикалық саусақ техникасының ерекше жағдайы. Апояндо (Испаниядан apoyando, сүйену; тірекпен шымшу) – ішекті аспаптарда ойнау әдісі; шымшу, содан кейін саусақ көрші ішекке тіреледі. Апояндо гамма тәрізді үзінділерде, сондай-ақ әсіресе терең және толық дыбысты қажет ететін кантиленада орындайды. ТИРАНДО ( Тирандо) — «тіреусіз теру» деп аталады — АПОЯНДО (Apoyando) — «тірекпен теру» деп аталады. Шығарма партия бойынша жатталып және талданып болған соң ансамбльді қосамыз.Ансамбльді қосу ерекшелігі:Саз сырнай аспабына бірте –бірте аспаптарды қосу.Саз сырнай-фортепиано,саз сырнай –жетіген,саз сырнай –домбыра.Сақпан басынан бастап аяғына дейін ырғақты беріп отырады.Барлық аспапты соломен қосып болған соң репризаға дейін ансамбльмен жұмыс жасай бастаймыз.Сурет бөлімінің оқушысы «Қамажай» шығармасын суреттейді. | |||||
Сабақтың соңы | Рефлексия • Мен үшін …… • Қиын болды…. • Менің көңіл күйім ….. • Мен …….. түсіндім. • Алдағы уақытта….. | ||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | |||
Саралау әдістері. Іріктелген тапсырмалар; нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер; оқушылар арасындағы байланыс және қолдау көрсету; оқушылардың тапсырма орындауда жеке қабілеттерін ескере отырып қарқын әдістерін қолдану; жасаған жұмыстарын бағалау. Бағалау Кері байланыс | Топтық жұмыс. «Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру» Сарамандық жұмыс: «Қамажай» шығармасының нотасы: Аспаптар жиынтығы: Фортепиано(күйсандық) Жетіген: Саз сырнай: Домбыра: Сақпан: | Бейне ролик. | |||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? | Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||
Сабаққа нақты мақсат қойылды. Сол мақсатқа жету барысында, сабақ кезеңдерінде төмендегідей әдіс-тәсілдер таңдалды: «Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру», «Сұрақ- жауап» —Тапсырмалар мен әдіс-тәсілдер таңдау барысында оқушылардың жас ерекшелігі ескерілді. Барлық оқушылар оқу мақсатына жетті. Сабақ соңында «Қамажай» шығармасын инновациялық технологияларды қолдана отырып пән аралық байланысты көрсету және ансамбльде интеграциялау, иллюстрациялау әдістері қолданылды. | |||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен ансамбль орындаушылары туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? Бір-бірін тыңдай біліп, шығарманы реттік сан бойынша ойнату. Көпшілікке бағына білуге баулу. «Қамажай» шығармасының динамикалық белгілері мен штрихтарын орындау және орындаушылық шеберлігін жетілдіру. | |||||
Қамажай
1-шумақ:
Басында Қамажайдың бір тал үкі,
Айрылып Қамажайдан болдым күлкі.
Айрылып Қамажайдан отырғанда,
Келеді қай жерімнен ойын-күлкі?
Қайырмасы:
Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай, қалдың кейін, сәулетайым.
2-шумақ:
Қолында Қамажайдың алтын жүзік.
Қамажай отыр ма екен көзін сүзіп?
Көрмесе, жарты сағат тұра алмаушы ед.
Апырмай, кетті ме екен күдер үзіп?
Қайырмасы:
Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай, қалдың кейін, сәулетайым.
3-шумақ:
Ертістің жағалауын жағалаймын,
Мұз болса, көк бестіні тағалаймын.
Үш топтан таңдап алған Қамажайым
Өзіңді тоқсан қызға бағалаймын.
Қайырмасы:
Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай, қалдың кейін, сәулетайым.
4-шумақ:
Мал жақсы жылқы деген бағып жүрсе,
Монына үкі-тұмар тағып жүрсе,
Ішінен бір жорғаны таңдап мініп,
Аулына Қамажайдың барып жүрсе.
Қайырмасы:
Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай, қалдың кейін, сәулетайым.