Авторы:
Қалмұханбет Аружан Қайратқызы
Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының педагогы
Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы
Бүгінде қоғамның алға қарай қарыштап дамуындағы, өркениет көшіне ұмтылысындағы, білім саласындағы заманауи кеңістікті жасанды интеллект, цифрландыру деген ұғымдарсыз елестете алмаймыз. Бұл жай ғана қазіргі заманғы сәнге айналған сөздер емес, біздің өміріміздің бір бөлшегіне айналды. Алысқа бармай-ақ, қолымыздағы смартфонның дыбыстық көмекші құрылғылары, стриминг платформасындағы ұсыным жүйесі, қызмет көрсетудің автоматтандырылған чат-боттары, тіпті білім саласындағы, мәселен, талдау ісін жеңілдеткен біліми өнертабыстарды айтсақ болады.
Жасанды интеллекттің білім беру процесіне әсерін зерттеуді мақсат етеді. Онда жасанды интеллект құралдарын пайдаланудың мақсаттары мен тиімділігі, сондай-ақ оларды оқыту процесінде қолдану әдістері қарастырылатын болады. Оқушылардың білім сапасын арттыру үшін қалай қолдануға болатыны, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттырудың жолдары мен әдістері талқыланады. Жасанды интеллект оқытуды автоматтандыру мен индивидуализациялауды қамтамасыз ете отырып, оқу материалдарының тиімді меңгерілуін жеңілдетеді.
Қазіргі таңда интернет желісінде MusicLM атты бағдарламасында мәтінге музыка жазатын жасанды интеллект шықты. MusicLM өзіне берілген материалдарды қорытып, белгілі параметрлерді жинақтау, сараптау арқылы 15 секундтан 5 минутқа дейінгі әуеннің әртүрлі нұсқасын немесе толық композициясын жасайды. Қолданушы болса әртүрлі бөліктерді қосу арқылы музыканың ырғағы мен екпінін өзіне қажетті түрге келтіріп толық музыкалық шығарма дайындай алады. Жасанды интеллект (ЖИ) негізінде жұмыс істейтін таңғаларлық құралдар мен технологиялар адамға қызмет етуін жалғастыруда. Олардың дамуы фастфуд мейрамханаларынан бастап, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге дейінгі көптеген салада адамды өзіне тәуелді ету қаупін төндіре бастады. Енді ЖИ адамның ғана қабілеті жететін шығармашылық салаға кірігіп, әуен жазуды үйренуде. Google мүдделі тұлғаларға MusicLM-нің музыкалық сарапшылардың көмегімен дайындаған 5 500 жұп әннің (әуен+ән мәтіні) жинағын ұсынды. Бұл MusicLM моделінің эксперименттік немесе коммерциялық іске асырылуына жеткіліксіз болса да ЖИ-ді шығармашылық салада қолдануға жасалған тамаша қадам деп бағалануда.
ЖИ адам өмірінің маңызды бөлігін жаулап алуға қажет деңгейге қашан жететінін болжау қиын. Бірақ оның даму пәрмені күн өткен сайын күшейіп жатқанын мойындау керек.