Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі

Білім  Алушыларды «Қазақ Тілі», «Қазақ Тілі Мен Әдебиеті» Пәндерінен 10 –Сынып Т2 Аралық Аттестаттау  Бойынша Әдістемелік Ұсыным

Жаңалық

Білім  алушыларды «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 10 –сынып Т2 аралық аттестаттау  бойынша әдістемелік ұсыным

Білім алушыларды аралық  аттестаттау жаңартылған білім мазмұны бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 5-8, 10-сыныптарына  «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінің   үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын қамтиды.

Білім алушылардың білімі, білігі, сондай-ақ дағдылары МЖМББС күтілетін нәтижелермен анықталады.Қазақ тілінің мәртебесін арттыруды көздеп 5-8, 10 — сыныптарда өткізілетін  қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша аралық аттестаттау — негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) білім деңгейінде академиялық жылды аяқтаған кезде «Қазақ тілі» және   «Қазақ тілі мен әдебиеті»  пәндері бойынша білім алушылардың бағдарлама мазмұнын меңгеруін бағалау нысаны ретінде қарастырылады.

Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша аралық аттестаттау тапсырмасы

10 — сынып Т2

           
                                                                                    І  нұсқа

Оқу мақсаты:

10.3.1.1  мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау

10.4.2.1  қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып,  көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

10.4.6.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу, сөйлем деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу

Бағалау критерийі

   мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажыратып, мәтін идеясымен байланысын анықтай алады;

қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып,  көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе);

мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазып, сөйлем деңгейінде тыныс белгілерін қолдана біледі;

Тыңдалым.Аудиомәтінді тыңдап,төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.  (0,5 балл).

 Тест атпсырмасы

  1. Қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеп, топан  су кезінде тұрғындарды құтқаруда таптырмайтын құралды жасаған елді анықта.

 А) Ұлыбритания елі

 В) Норвегия елі

 С) Филлиппин елі

 Д) Мексика елі

2. Берілген тұжырымдарға келісетін – келіспейтініңізді  көрсетіңіз

Тұжырымдаркелісемінкеліспеймін
Адамдар пластик қалдықтан болатын залалдың, экологияға әкелетін     қауіпін әлі де, болса, толық сезінбеуде  
 Әлемнің көптеген елдері пластик қалдықтарды өңдеудің табыс көзіне айналдырды  
  Мен неге  қоқыс жайлы ойлануым керек? Ай сайын комуналдық төлем төлеп  отырмын ғой….  
  Күнделікті пластик қалдықтарды сұрыптап, арнайы қоқыс жәшіктеріне салу – әрқайсымыздың міндетіміз  

Оқылым.

Мәтінді мұқият оқыңыз. Төменде берілген тапсырмаларды  орындаңыз. (1 балл)

Қарағанды өнеркәсіптік аймақ

Тірек сөздер:

Өнеркәсіптік аймақ – промышленная зона

Шоғырлану – концентрация

Жекеменшік шаруашылықтар – частные хозяйства

Металл өңдеу – металлообработка

Өңір экономикасы – экономика региона

  Қарағанды облысы – Қазақстанда жетекші орын алатын ірі өнеркәсіптік аймақ әрі индустриалды орталық.

  Қарағанды – Теміртау өнеркәсіпті аймағына көмір қара металлургия, химия және мұнай-химия өнеркәсібі, металл өңдеу, мәшине жасау, жеңіл өнеркәсіп, көлік, байланыс, тамақ өнер-кәсіптері, электр энергиясы, ағаш өңдеу, құрылыс материалдары өнеркәсібі және қызмет көрсету саласының кәсіпорындары шоғырланған. Жезқазған аймағында темір, марганец, алтын, күміс, мырыш және тағы басқа сирек металдар өндіріледі.

  Бүгінде Қарағанды облысы өзін-өзі ауылшаруашылық өнімдерінің негізгі түрлерімен толықтай қамтамасыз етеді. Облыста сүт өңдейтін 16, ет өңдейтін 50-ге тарта кәсіпорын, жекеменшік шаруашылықтар бар. Қазіргі кезде «Миттал Стил Теміртау» зауыты шойын, болат, агломерат т.б. өндіреді. Бұл өнімдер Қазақстандағы бүкіл өндірісті, өнеркәсіпті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар өнімдерін 60-тан астам елге экспортқа шығарады. Осылайша, индустриалды аймақ өңір экономикасына серпін беруде.  («Орталық Қазақстан» газетінен)

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

А) Қарағанды обылысы қандай орталық?

Ә) Мәтіннен Қарағанды индустриалды аймағы өңір экономикасына қандай серпін беруде, тауып жазыңыз.

2-тапсырма.  Тірек сөздерді қодана отырып, мәтінен негізгі және қосымша ақпаратты, факті мен көзқарасты анықтаңыз.

Мәтіндегі ақпараттарЖауаптар
Негізгі ақпарат ( факті мен көзқарас) 
Қосымша ақпарат (факті мен көзқарас) 

 Жазылым.

 Берілген тақырыптың бірін таңдап, эссе жазыңыз.(120-130сөз)  Жазба жұмысында тыныс белгілердің дұрыс қойылуына назар аударыңыз.

  • Экожобаға қатысушы ретінде пластик қалдықтарды қайта өңдеудің пайдасы
  •  Ғ. Мустафин « Қарағанды»  романы.(Мейрам және Қарағанды шахтасы туралы)  
  •  Адам мен табиғат  — егіз  ұғым
  • Қазақтың алғашқы экран патшайымдары

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Әдеби тіл нормалары (1 балл).

Оқылым мәтінінен күрделі сөздерді тауып, кестені толтырыңыздар,  мағынасын ашыңыздар.

 Күрделі сөздерЗат атауын білдіреді Іс – қимылды білдіредіЖасалу жолдары, жызылу емілесі
    
    

Айтылым

Оқылым мәтінді мұқият оқып, «ПОПС» формуласын қолданып, мәтін мазмұны бойынша өз пікіріңді дәлелдеңіз. Оқылым мәтінінің тірек сөздерін қолданыңыз (0,5 балл).

«Менің ойымша,  ….  /     Я считаю, что  …».

«Себебі мен оны… деп түсінемін»          «Потому что, …»

«Мен мұны келесі мысалдармен  ……… дәлелдей аламын … / Я могу доказать это на п.   

   «Осыларға сүйене отырып, мен …… 

 Мынадай  қорытындыға   келдім… /    Исходя из этого, я делаю вывод о том, что…»

Бағалау парағы

Оқу дағдысыБағалау критерийлеріТапсырма ретіДескрипторБалл
ТыңдалымСұрақтарға дұрыс жауапты таңдайды, жауаптарымен  сәйкестендіріңіз. Берілген тұжырымдарға келісетін – келіспейтініңізді  көрсетіңіз1— ебрілген нұсқалардың ішінен  дұрыс жауапты таңдайды;   — берілген тұжырымдарға келісетін – келіспейтіндерін көрсетеді0,5
АйтылымОқылым  мәтін бойынша  ПОПС формуласы бойынша өз ой пікірін дәлелдейді2 Жеке жұмыс жасайды0,5
ОқылымБерілген мәтінді оқып, тірек сөздерді қодана отырып, мәтінен негізгі және қосымша ақпаратты, факті мен көзқарасты анықтап, талдап, түсіндіріңіз3, берілген мәтінді оқып, сұрақтар ментірек сөздер арқылы мазмұнын  түсінеді (0,5 балл);мәтіннің  негізгі және қосымша ақпаратын факті мен көзқарастары арқылы талдап түсіндіріп,анықтайды (0,5 балл).1
Жазылым  — эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап, тақырып желісінен шықпай,  мазмұнын толық ашып жаз. — жазылым мәтінін орфографиялық және пунктуациялық нормаға сай жазады.4-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады (0,5 балл); — эссе тақырыбының желісінен шықпай,  мазмұнын толық ашып жазады (1 балл); -орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (0,5 балл).    2  
Әдеби тілдің нормаларыкүрделі сөздердің  жасалу жолдарын түсіндіреді  5—  күрделі сөздердің түрлерін біледі;(0,5 балл);  Жасалу жолдарын, жазылу емілесін түсіндіреді.(0,5 балл).1

Автор: Ирбаева Нурсулу Туаровна,   басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог -зерттеуші,  Шыкент қаласының  білім басқармасының

 «А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп – гимназиясы» шарушашылық жүргізіу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *