Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында: «Біз осы іргелі құндылықты ұрпақ санасына сіңіре беруіміз керек. Адал азамат дегеніміз – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды. «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Осы үш тағанды озық әрі табысты елге айналудың басты кілті деуге болады» – деп атап көрсетті.
Адал азамат болу үшін білімгерлерімізге білім бере отырып, ғылыми жолға бағыттауда орта ғасыр ойшылдарының ұлттық руханият, халықтар достығы мен толеранттылық мәдениетін қалыптастыру идеяларын басшылыққа алу құнды қайнар көз болып табылады. Қазіргі білім берудің негізгі қағидасы әртүрлі ғылыми идеялармен байланысты. Осы ұстанымды әл-Фараби өз заманының энциклопедисті ретінде көрсетті. Ұлы ойшыл идеяларын насихаттап, білім мен ғылымды ұштастырып дамытуда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті https://farabi.university/ 90 жыл бойы жоғары білім берудің отандық және халықаралық деңгейдегі көшбасшысы болып келеді.
Фараби университетінің 90 жылдық тарихы жастарымыздың интеллектуалды дамуы мен түрлі салада білім алуға мүмкіндік беріп отырған ғылым ордасына айналды. Қазіргі заманның талабына сай инновациялық дамудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыруда өзін әлемдік деңгейдегі жоғары бәсекеге қабілетті зерттеу университеті ретінде танымал болып отыр.
Университетте еңбек нарығының сұранысын қамтамасыз ететін, жоғары бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда жоғары ғылыми потенциалды кафедралар мен ғылыми-зерттеу институттары, қуатты зияткерлік орталықтар, зерттеу лабораториялары, инновация мәселелері бойынша технопарктер бар.
Қазақ ұлттық университеті https://farabi.university/ әлемдік ғылымда болып жатқан өзгерістерге және қалыптасып келе жатқан тендецияларға қалыспай бейімделуде. Осы мақсатты жүзеге асыруда шетелдік компаниялардың ғылыми білім беру орталықтары құрылды. «SAMSUNG» инновациялық сервистік академиясы, «Intel-KazNU» жоғары өндірмелі есептеу орталығы , «Hewlett Packard» орталығы, «Autodesk» ғылым және білім беру орталығы, «Konica Minolta» оқу-зерттеу лабораториясы, «Лаборатория Касперского» орталығы, Әл-Фараби атындағы CISCO «KazNU Information Technologies Academy» академиясы, Техникалық қауіпсіздік жүйелері, Информатика кафедрасы жанындағы «Computer Science» орталықтарында білім алушылар әлемдік ғылымның тәжірибесін меңгеруде. Университетте отандық және шетелдік білім алушылардың белсенді өмірлік ұстанымын, патриоттық рухын, оптимистік дүниетанымын қалыптастыру үшін барлық жағдай жасалған және студентке өзінің таланттары мен қабілеттерін толық ашуға мүмкіндік берілген.
Жастар ұйымдары, студенттер үйі, кампус, Жас ғалым үйі, спорт клуб, мұражай, «Керемет» әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер орталығы, «Парасат» даму орталығы, Print орталық, ART-center FARABI UNIVERSITY және т.б. ұйымдарда білім алушылар өздерінің талаптарын қанағаттандыра алады.
Әл-Фараби: «адам өмірінің мақсаты бақытқа жету, жоғары жетілу болса, оған жету үшін адам қандай әрекетке баруын көрсету қажет. Бұл тек әрекетшіл парасат алғашқы білім болатын, ақыл жетерлік мәндерді қорытындылағанда ғана мүмкін болады» -деп айтқандай, университетіміз 90 жылдық тарихы барысында адам мұратына жету үшін игілікті істерімен үлесін қосуды жалғастыра бермек!
Автор: Бекметова Аруна Кернеевна , Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Экономика және бизнес жоғары мектебі Бизнес-технологиялар кафедрасының аға оқытушысы;
Молбасынова Жұмагүл Маратовна , Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Философия және саясаттану факультеті , Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы