БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ  ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН  АРТТЫРУДА  ЖӘНЕ PISA ЗЕРТТЕУЛЕРІНЕ ДАЙЫНДАЛУДА  МӘТІН ТҮРЛЕРІ  МЕН ИНФОГРАФИКАНЫҢ  МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ  ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН  АРТТЫРУДА  ЖӘНЕ PISA ЗЕРТТЕУЛЕРІНЕ ДАЙЫНДАЛУДА  МӘТІН ТҮРЛЕРІ  МЕН ИНФОГРАФИКАНЫҢ  МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Қазақ тілі / Қазақ әдебиеті
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ  ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН  АРТТЫРУДА  ЖӘНЕ PISA ЗЕРТТЕУЛЕРІНЕ ДАЙЫНДАЛУДА  МӘТІН ТҮРЛЕРІ  МЕН ИНФОГРАФИКАНЫҢ  МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Білім беру мазмұны  екпіні   арынды ,  тез өзгермелі заман талабына сай  құбылып  жатқан кезде  өз болашағын  бала оқыту ісімен байланыстыратын  кез  келген  білім саласы маманының маманның  алдынан  шығатын басты міндет – заман талабына сай,  функционалды сауатты,  сыни тұрғыда ойлай және шешім қабылдай алатын  жеке тұлға   тәрбиелеу болмақ.  Білім берудегі төрт  дағдының  көздеген мақсаты   тұлғаның жеке қасиеттерін ашып,   өмірге бейім адам қалыптастыру болса,   осылардың ішінде оқылым мен  жазылым дағдысына қойылар  талап  ең ауыры.  Осы ауыр  істі еңсерер  жол — жазылым мен оқылым дағдысын қалыптастыратын  әдіс- тәсілдерді игеру  болып табылады.

«Сауатты оқу – бұл мақсатқа қол жеткізу, білім мен әлеуетті дамыту, қоғамға қатысу үшін жазбаша мәтінді түсіну, пайдалану, көрсету және жұмыс жасау». [1, PISA, 2009]

Мәтін – тілдерді оқыту барысында үлкен орын алатын оқыту нысаны. Біріншіден, тілден білім беретін материал оқыту мәтіндері түрінде болса, екіншіден, жаттығулардың тұтас мәтін түрінде берілуі де мәтінмен орындалатын жұмыстардың сараланып жүйеленуін қажет етеді. Мәтіннің қызметін таныту – оқушыға тіл бірліктерін функционалдық тұрғыдан танып-білуіне, сол арқылы логикалық ойлауы бірізді қалыптасуына мүмкіндік береді. Осыған байланысты мұғалім мәтінмен жұмысты жүйелі жүргізгенде және  оқушының сауатты оқу дағдысын қалыптастыра білгенде ғана нақты нәтижеге қол жеткізе алады. [4,5]

Халықаралық зерттеулерде, мысалы PISA-да,  оқушының сауаттылығын анықтауда ақпараттың мағынасын ашу және түсінік берудің үш негізгі параметрі бар. Солардың бірі – мәтін.  PISA форматындағы мәтін әртүрлі тәсілдермен (кітаптар, парақшалар, ғаламтор-форумдар мен жаңалықтар лентасы), нысандармен (көркем әдебиет, ғылыми-көпшілік мәтіндер, ресми құжаттар, қоғамдық маңызы бар оқиғалар туралы ақпараттар, кестелер, графиктер, диаграммалар, карталар) беріледі.  PISA мәтіндерінің ерекшеліктері оларды баяндаудың шынайылығында, яғни өмірден алынған мысалдар болуында. PISA зерттеуінің оқу сауаттылығы бойынша құрастырылған тест тапсырмаларында мәтіннің 4 түрікездеседі. Олар:тұтас мәтіндер, дискретті мәтіндер немесе жадағай мәтіндер, аралас мәтіндер, құрамдас мәтіндер

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ  ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН  АРТТЫРУДА  ЖӘНЕ PISA ЗЕРТТЕУЛЕРІНЕ ДАЙЫНДАЛУДА  МӘТІН ТҮРЛЕРІ  МЕН ИНФОГРАФИКАНЫҢ  МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Визуалды қарым-қатынас мәдениеті қашан да маңызды. Ақпараттық қоғамдағы визуалды құралдардың графикалық мәдениетімен қоса, ұлтаралық коммуникацияға тигізер пайдасы  туралы жеткізу.

Визуалды-графикалық белгілер мен шешімдер жүйесі — бағдар алуды қамтамасыз ету, адамның нақты заттық-кеңістіктік жағдайдағы мінез-құлқын реттеу мәселелерін шешіп, графикалық коммуникация  қызметін тиімді ұйымдастыру арнайы білімді сапалы қолдануға мүмкіндік береді. Графикалық бейнелерді әлеуметтік қызмет ретінде қолдану қазірде қажеттілік екендігі назарға алынады.

Коммуникация түрлерінің тілдік мақсатта ғана емес, ақпараттық-графикалық үлгіде сіңуін бейвербалды психология құралы ретінде қалыптастыруды өз пікірлерімен жеткізу.

Инфографика түрлері:

1) Статистикалық инфографика

2) Әрекет тізбегін, процесті бейнелейтін инфографика

3) Инструкциялық инфографика.

4) Динамикалық инфографика

5) Видео-инфографика.

6) Бизнес-инфографика.

7) Инфографика — жарнама ретінде немесе жапсырма этикеткалар.

8) Презентацияларға арналған инфографика.

9) Жол белгілері классификациясы

Графика дизайны жасайтын бейнелер тұтынушылық нарықтың, өндірістің, мәдениеттің бөлшегі болып табылатын нысандарды білдіреді. Бүгінгі заманның жаппай мәдениетінде басымдылық көрсететін дәл осы көріністік үрдістер графика дизайнымен байланысты.

Оның жылдам көзге түсуі, көрнектілігі, суреттеу тілінің түсініктілігі, тұтынушының назарын аударып, оны көріп, есте сақтау үрдісін жеделдете түседі. Осыған орай, визуалды коммуникация,  визуалды мәдениетті қалыптастырудың негізгі жолдарының бірі деп толық айтуға болады.

«Жазушы болу – міндет емес, алайда жазуға  үйрену- міндет»,  демекші   өрнекті  ойды  бейнелеп жаза білу   жоғарыда біз атаған  функционалды сауатты  тұлғаның  басты ерекшелігі  деп білемін. [9,10]

Жазылым  дағдысы  тақырыпты  аша білу, грамматикалық сауаттылық,   өз ойын сын тұрғысынан  дәлелдеу, қорытынды шешім шығарып,   өз көзқарасын білдіру  деңгейіне бағытталатынын білеміз.  Жазба  жұмысының   мазмұны мен мақсатына қарай  нанымды жазылым,  дербес  жазылым,   ақпараттық  және шығармашылық деген түрлері бар.  Дербес жазылымда орындаушының   жеке   тәжірибесі  мен сезімдері бірінші  жақтан баяндалып,  логикалық тізбекте беріледі. Оған   күнделік, өмірбаян, хат, монологты жатқызамыз. Ал, нақты тақырып  бойынша айқын   пікір айтуды талап ететін,  нанымды себептер мен дәлелдерге   негізделетін, аудиторияны сендіру басты талап болып  табылатын жазылым түрі —  нанымды  жазылымға  жарнама, рецензия,  ашық хат, эссені жатқызамыз.  Тақырып бойынша   маңызды мәліметтерді нақты беретін  баяндама,  сұхбат, нұсқаулық, есеп  сияқты  деректер мен мәліметтер  жүйелі  берілетін   ақпараттық  жазылым түрі  болып табылады.   Шығармашылық сипатта  орындалатын  сценарий мәтіндерін жазу,  әңгіме, өлең шығару,   ертегі құрастыру   тапсырмалары   сабақтың әр кезеңінде ұтымды қолданған  жағдайда  шығармашылықты шыңдауға  септігін тигізері  анық. [4 ,15]

Оқушыларға  таныс әңгіме, ертегі,  өлеңдердің қысқаша  мазмұнын  жаздыру,  газет-журналдарға шағын мақала жаздыру,  белгілі оқиғаны өз ойынша   өзгертіп аяқтап  жаздыру  тапсырмалары   оқылымнан  кейін жүзеге асырылғанда,  жазу дағдысы  дамиды.   Субьективті пікір мен жеке көзқарас    көрініс табатын   жазба жұмысын   сапалы , яғни  орфографиялық,  пунктуациялық,  лексикалық, стилистикалық қателерсіз  жаздыру  мәселесі  мектеп қабырғасында  күн  тәртібінен  түспейтіні белгілі. Сауаттылыққа  баулу  —  әдеби тілдің  нормаларын  сақтаудан,  грамматикалық ережелерді  тәжірибеде дұрыс қолданудан  тұрады.

Тоқсан  ауыз сөздің  тобықтай түйініне келер болсақ,  заманауи   көзқарасы дұрыс  қалыптасқан,   рухани бай,  салауатты  ұрпақ  тәрбиелеуде  адамзат баласының  асылы – жазу мұрасының  ары қарай дамуы  көп ізденіс пен  ерен ерлікті  талап ететіні  айқын. «Өткірдің жүзі, кестенің  бізі, өрнегін  сендей сала алмас» — деган өлең жолдарына   Абай  атамыз сыйғызған  тіліміз тұғырлы болсын!

Пайдаланылған  әдебиеттер   тізімі:

1. PISA халықаралық зерттеулер: Қазақстандағы PISA-2009 халықаралық зерттеулер қорытындысы бойынша ұлттық есеп [Электронды ресурс]

2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, Астана, 2015ж.

3. Бітібаева Қ. Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу, Алматы, 2005

Егизбаева Анар  Мурзахметовна,

қазақ  тілі мен әдебиеті  пәнінің  мұғалімі

 «С. Мұратбеков  атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №  9

орта мектеп» КММ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *