Жас ұрпақты еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып,оларға меңгерілетін әр тарапты қарапайым іскерлік дағдыларын ұлттық мазмұнда,өз халқының тұрмыс –салт ерекшелігіне,күнделікті өмірге қажетті бұйымдарды қолдан жасау,өрнектеу тәсілдеріне үйлестіре,сабақтастыра дамыту қәзіргі дәуір қажеттігінен туындайтыны мәлім.Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі ретінде бала бойында ұлттық тәрбиеге негізделген еңбек дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығы арта түсуде.Балабақшалардың ересек тобындағы балаларды ұлттық тұрмыс салт-дәстүрлері негізінде еңбекке баулудың қажеттілігі мен мектепке дейінгі мекемелерде бұл мәселенің жүйелі құрлымының жоқтығы.Қазақ балабақшасындағы тәрбие тұжырымдамасында айтылғандай,балабақшадағы тәрбие мазмұнын қайта құру,демократияландыру,баланы ұлттық дәстүрлер негізінде тәрбиелеудегі басты міндеттің бірі-бойында ұлттық психология қалыптасқан,ұлттық салт-дәстүрлерді меңгерген дені сау,тілі түзу,еңбек қор ұл мен қыз тәрбиелеуде әулет пен балабақша арасында халықтық педагогика негізінде ізгілікті тәрбие берудің негізін қалау керек,деп көрсетіледі.
Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық,рухани өзгерістер балалар бақшасынан бастап,жоғарғы оқу орындарының педагогикалық үрдістеріне,оның ішінде ұлттық тәлім тәрбие беру саласына да өзіндік ықпал жасауы заңды құбылыс.
Егер,өткен тарихымыздың терең қойнауына ой сәулесін түсірсек,ұрпақ тәрбиесі үшін маңызы зор-халқымыздың этнопедагогика,этнопсихология ғылымдарына рухани азық болған ұлан асыр мұралар барын байқаймыз.Яғни әр елдің,ұлттың,ұлыстың бала тәрбиелеудегі ғасырлар дәуірінен қалған асыл қазыналары бар.Ол қазыналарды тек филологтар ғана емес,тарихшылар,этнографтар,өнер зерттеушілері,демографтар,психолог және педагог ғалымдар жан жақты зерттеп,өз зерттеулерінің мақсат міндеттеріне орай ғылыми зерделеу сүзгісінен өткізуде.Сол ой елегінен өткен ғылыми тәжірибе нәтижелері ұрпақ тәрбиесіне игілікті үлес қосып келеді.
Адам баласының өмір сүру тарихында қалыптасқан тұрмыс салт-дәстүрлері нормаларының бүгінгі күнде тәлім-тәрбие берерлік мүмкіндіктері жетерлік.Адамзат қоғамы пайда болғаннан бастап,қоғам мүшелері мінез-құлық,мүдде,тілек т.б. мәселелер төңірегінде бір-бірімен араласып,қарым-қатынас жасасып ой пікірлері мен санасып отырған.Бұндай қажеттілік әрі қарай адамдардың отбасылық,қоғамдық,діни және салт-саналық парыз міндеттерін орындаумен ұштасқан.Біздің бүгінгі күнгі салт-дәстүріміз бен,әдеп-инабаттылық нормаларымыз адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды:жарасымдылық,ұнамдылық,қолайлылық,жағымдылық,еңбек сүйгіштік қәдір-қәсиеттер,бір сөзбен айтқанда,адамгершілік-имандылық тұрғыдан реттеудің шартты қағидалары болып табылады.Біз айтқанда,адамгершілік –имандылық тұрғыдан реттеудің шартты қағидалары болып табылады.Біз бұларды,әр халықтың өміріндегі болатын тұрмыс салт-дәстүрлері деп айтамыз.Ол нәресте дүниеге келген күні айтылатын шілдехана жырынан бастап бесік жырымен ұласып,бата тілек пен өсиет арқылы бала санасына сіңген,баланың ақыл-ойын дамыту үшін оның өсу кезеңдеріне,жас ерекшеліктеріне сәйкес санамақтармен қоса айтылатынтүрлері балалар өлеңдері сәбидің ынта-ықыласын толғандырған,оны еңбек сүйгіштікке,елгезектікке тәрбиелеген.Қазақтың ауыз әдебиеті нұсқаларының қай-қайсысы болмасын баланың ой-өрісін,дүние танымын кеңейтіп,адамгершілікке,еңбекке баулуды көздейді.Ғұла Әл-Фараби жасаған қорытындының басты түйіні:білім,мейірбандық,сұлулық үшеуінің бірлігінде.Ол ақыл-ойдың,еңбектің және білімнің биік мәнін дәріптейді. «Бақытқа жеткізетін еркін әрекет,тамаша әрекет-еңбек»дей отырып,адамның жетілуі мінез-құлықтың жетілуімен үйлес келіп бақытқа жетуде еңбекті сүюге,ерінбеуге,сол арқылы мінез-құлықтың жетілуіне мүмкіндік туатынын айта келіп,қабілет,әдет,дағды,икем сияқты тәлім-тәрбиелік ұғымдарға түсінік береді.Әл-Фараби ұстамдылықты жақсы құлық деп есептеп, «ұстамды болу үшін,шамадан тыс молшылық болса,одан жетіспеушілікке қарай ауытқып,ондай молшылықтанарылуымыз керек,сөйтіп мінез-құлқымызда ұстамдылыты қалыптастырғанша осылай ете беруіміз керек»дейді.Бір сөзбен айтқанда,Әл-Фараби адамдардың өзі көздеген мақсатына жету үшін,оның өзіне ғана яғни мінез-құлқы мен ерік-жігеріне,еңбекткенуіне байналынсты екенін айтады.Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі дамытып отыруға тиісті және адам ақиқаты тек айналадағы дүниені танып,білу арқылы ғана жетіле түсетіні туралы ой толғайды.
Тәрбиеші баланың балабақшаға келген күнен бастап,еңбек дағдысының белгілі жүйемен дамып отыруына мүмкіндік туғызады.Балаға алғашқы өзіне-өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларынан бастап жас ерекшелігіне қарай тұрмыстық-шаруашылық,қол еңбегі(мүсіндеу,матамен жұмыс т.б) түрлері сияқты күрделілеу іс-әрекеттерді үйрете бастайды.Бұл айтылғандардың барлығы жаттығу арқылы қайталанып бірте-бірте еңбек жасау дағдысына айналады.
Адам өмірінің,тіршілігінің,сана-сезімінің,айналасына деген қарым-қатынасының негізгі арқауы еңбек екені де белгілі.Ғылыми тұрғыдан қарайтын болсақ,адам тек еңбекқорлығымен,саналы іс-әркетінің арқасында ғана өмірдегі өз қажеттілігін өтеуге мүмкіндік алады.Егер қимыл-қозғалыс пен,іс-әркет болмаса адам физиологиясы да сәтсіздіктерге тап болатыны дәлелденіп,тәжірибе жүзінде көз жеткізілген.Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты жоғарыда айтылған парасатты,саналы өмір сүрудің обьективті нормасына айналуы тиіс.
Темирова Айша Аминовна, ЖШС «Аяулым-Ерке» балабақшасы тәрбиешісі, Талдықорған қаласы